.

Салмақ жеткіліксіздігі және жеткіліксіз тамақтану | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Салмақ жеткіліксіздігі және жеткіліксіз тамақтану

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Емдеу

 

Жалпы ақпарат

Тағам адамның сау болуы үшін қажетті қоректік заттектер мен энергиямен қамтамасыз етеді. Егер қоректік заттектер – ақуыздар, көмірсулар, майлар, дәрумендер мен минералдарды жеткіліксіз алмайтын болсаңыз – салмақ жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін.

 

Себептері

Салмақ  жеткіліксіздігінің себептері:

  • Рационыңыздағы нақты қоректік заттектердің болмауы. Бір дәруменнің болмауының өзі тамақтанудың жеткіліксіздігіне апарады.
  • Үйлесімсіз тамақтану
  • Мальабсорбция  синдромы (сіңудің бұзылысы) және қатерлі ісік секілді кейбір аурулар.

 

Симптомдары

Тамақтану жеткіліксіздігіне шаршау, бас айналуы және салмақ жоғалту жатады. Кейде симптомдары болмайды. Мәселенің себебін анықтау үшін дәрігер қан талдауын жасап, тамақтануды бағалайды.

 

Емдеу

Емдеу жетіспейтін қоректік заттектерді толықтыруға және негізгі ауруды емдеуге сүйенеді.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.