.

Терінің құрғақтығы және оны ылғалдандыру құралдары | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Терінің құрғақтығы және оны ылғалдандыру құралдары

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Синонимдары

Себептері

Үйдегі күтім

Қашан дәрігерге көріну қажет

 

Жалпы ақпарат

Терінің құрғақтығы терідегі судың және майдың мол мөлшері жоғалғанда пайда болады. Терінің құрғақтығы әр жастағы адамдарда кездеседі.

Симптомдары:

  • Терінің қабыршақтануы
  • Тері қатайып, кедір-бұдырлануы
  • Терінің тартылуы, әсіресе, шомылғаннан кейін
  • Қышу  
  • Қанталаған сызаттардың пайда болуы.

 

Терінің құрғақтығы дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін. Бірақ, көбінесе, алақанда, табанда, қолда және сирақта кездеседі.

 

Синонимдары

Құрғақ тері; терінің қысқы қышуы; Ксероз

 

Себептері

Терінің құрғақтығының пайда болу себептері:

  • Салқын, құрғақ қысқы ауа
  • Ауаны қыздыру және құрғату пештері
  • Шөлейт жерлердегі ыстық, құрғақ ауа
  • Ауаны салқындататын және ылғалдықты азайтатын кондиционерлер
  • Ыстық ванна мен душты ұзақ, жиі қабылдау
  • Қолды жиі жуу
  • Сабын мен жуу құралдарының кейбір түрлері
  • экзема және псориаз секілді аурулар
  • кейбір дәрілік препараттар (жергілікті қолданатын немесе ішетін түрлері)
  • қартаю, бұл кезде тері жұқарады.

 

Үйдегі күтім

Терінің құрғақтығының симптомдарын терінің ылғалдылығын қалпына келтіру арқылы жеңілдете аласыз.

  • Теріні креммен немесе лосьонмен күніне 2-3 рет немесе қажеттілігіне қарай ылғалдандыру қажет.
  • Ылғалдандыратын құралдар ылғалды сақтауға көмектеседі, сондықтан, оларды ылғал теріге жағу қажет. Шомылғаннан кейін теріні құрғатып сүртіп, содан кейін ылғалдандыратын кремді жағу қажет.
  • Құрамында спирт, хош иістендіргіштер, бояғыштар немесе басқа химиялық заттектер бар сабындарды, теріге күтім жасайтын құралдарды қолданудан алшақ болу қажет.
  • ванна немесе душты ыстық емес, жылы сумен қабылдаңыз, 5-10 минут бойы.
  • Күніне бір рет қана шомылыңыз.
  • Қарапайым сабынның орнына нәзік тазартатын құралдарды немесе ылғалдандыратын бөліктері бар сабынды қолданып көріңіз.
  • Сабынды тек бетті, қолтық астын, жыныстық мүшелерді, қол-аяқты тазарту үшін ғана қолданыңыз.
  • Скрабты қолданбаңыз.
  • Шомылғаннан кейін ғана қырыну қажет, түктер жұмсақ болған кезде.
  • Жұмсақ, ыңғайлы киім киіңіз. Жүн матадан киім кимеуге тырысыңыз.
  • Киімді жууға арналған бояғыштары немесе хош иістендіргіштері жоқ құралдармен жуыңыз.
  • Суды көп ішіңіз.
  • Қышуды азайту үшін тітіркенген тұстарға суық компресс басыңыз.
  • Терінің қабынуында құрамында кортизон бар кремді немесе лосьонды қолданыңыз.
  • Құрамында керамидтер бар ылғалдандыратын кремдерді қолдануға тырысыңыз.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге көріну қажет:

  • Ұдайы қышуды сезіну, бөріткендер көрінбегенімен
  • Терінің құрғақтығы ұйқыны бұзады
  • Қышудан ашық жаралар немесе ойық жаралар пайда болған
  • Өздігіңізше терінің құрғақтығын және қышуын баса алмағанда. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.