.

Торқабықтың ажырауы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Торқабықтың ажырауы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат                                           

Торқабықтың ажырауы — торқабықтың көздің тамырлы қабығынан бөлінуі

Көз ұясы үш қабықшадан және ішіндегілерден тұрады:

1) көздің сыртқы қабығы: аққабық (пішіні мен ширақтығын қамтамасыз ететін мөлдір емес бөлік), мөлдірқабық (жарық өтуі  мен  жарық сынуын қамтамасыз ететін мөлдір бөлік);

2) тамырлы қабық: нұрлы қабық (көзбұршақтың өлшемін реттейтін алдыңғы бөлігі), цилиарлық дене (көз ішілік сұйықтықты түзетін ортаңғы бөлік), хориоидея (торқабықты – көз түбін қоректендіретін артқы бөлік);

3) торқабық (өне бойымен ішкі жағымен әйнек тәрізді денеге жақын жататын көздің ішкі қабығы, ал сыртқы жағымен тамырлы қабыққа жақын, алдыңғы көрмейтін бөліктен және біз көретін заттар бейнеленетін, артқы көретін бөліктен тұрады);

Көздің ішіндегісі: көзбұршақ (түрлі алыстағы заттарға көзді тоқтатуға-фокустеуге қатысатын биологиялық линза), әйнек тәрізді дене (мөлдір гель, көзбұршақты көз түбінен бөліп тұратын, көздің пішімін ұстап тұратын және жарық сәулесін торқабыққа өткізетін). 

Торқабықтың ажырауы кенет пайда болып, көрмей қалуға апаруы мүмкін. Көбінесе, торқабықтың ажырауы орта және егде жастағы адамдарда пайда болады. алайда, бұл ауру балаларда, жаңа туған сәбилерде де болуы мүмкін.

 

Себептері

Торқабықтың ажырауына келесі себептер апарады:

·         Алыстан көрмеудің орташа және жоғары дәрежесі (жақыннан жақсы көреді, алыстан нашар көреді) – бұл кезде көз ұясы ұзарады, торқабық созылады, шеттері жұқарады және үзіледі.

·         Көздің жарақаты немесе офтальмологиялық операциялар.

·          Қант диабетінде, қандағы қанттың деңгейі жоғары. Бұл қантамырларының зақымдануына апарады, оның ішінде, торқабықтың ұсақ тамырларының. Тамырлар жұқарады және жарылады, қан торқабықтың алдындағы бөлікке түседі, бұл көрудің бұзылуымен қосарланады. Қанның жиналуы тыртықтың түзілуіне апарады, олар торқабықты өзімен тартады, нәтижесінде, ол көздің тамырлы қабығынан ажырайды.

·         Көздің ісіктері.

·         Жүктілік

·         Күшті дене жүктемелері.

 

Симптомдары

·         Көрудің бұлыңғырлануы, бүйірден көрмей қалу

·         Көру қырағылығының нашарлауы

·         Жылжитын нүктелердің пайда болуы

·         Көретін заттардың пішіні мен көлемінің өзгеруі

·         Көлеңкенің пайда болуы.

 

Диагностика

Диагнозды қою үшін келесі әдістер қолданылады:

·         Офтальмоскопия (көз түбін қарау)

·         Көру аумағын зерттеу-Периметрия – торқабықтың шеттегі жағдайын бағалау үшін

·         Электрофизиологиялық зерттеу — торқабықтың нерв жасушаларының және көру нервісінің өміршеңдігін анықтау

·         Көздің ішкі құрылымының ультрадыбыстық зерттеуі.

 

Емдеу

Торқабықтың ажырауы тек оперативтік тәсілмен емделеді.

·         Криопексия (суықпен әсер ету) торқабықтың тұтастығын аурудың әр түрлі сатысында қалпына келтіруге қабілетті.

·         Лазермен емдеу көздің торлы және тамырлы қабығының арасында бірігу түзілуі үшін қолданылады.

·         Пневматикалық ретинопексия — хирургиялық емдеу тәсілі, ажыраудың кейбір түрінде тиімді. Бұл кезде әйнек тәрізді денеге көз ұясының ішіне ауа көпіршігін енгізеді, ол кеңейе отырып, торқабықты көздің қабырғасына қысады. Бұл шарадан кейін қосымша лазерлік емдеу қажет болады. 85% жағдайда пневматикалық ретинопексия көруді қалпына келтіреді.

·         Склералау – склералық таңғыш аталатын арнайы силикон лентаны көз ұясын айналдыра орналастыру, бұл торқабықты «жабыстыруға» мүмкіндік береді. Склералық  таңғыш  (көздегі бандаж) торқабықты тамырлы қабыққа тығыздап, қысады және көрінбейді. Склералық лентаны орнатқаннан кейін оны қыздырумен жалғайды. Торқабықты склералаудың тиімділігі - 95% жуық.

·         Витрэктомия – шағын тіліктер салу, олар арқылы әйнек тәрізді дене алынып, арнайы ерітінділермен алмастырылады. Витрэктомияның тиімділігі  склералаудың тиімділігіне жуық.

 

Аурудың болжамы

Емдеудің табыстылығы торқабықты ажыраған тұсының орналасуына және емдеудің уақытылы болуына байланысты. Егер көздің макуласы (көрудің фокустелуіне жауап беретін бөлік) зақымданбаған болса, операциядан кейін көруді қалпына келтіру мүмкіндігі зор. Торқабықтың ажырауының көптеген түрлері емделеді, бәрі болмаса да. Операциядан  кейін көру ішінара ғана қалпына келуі мүмкін.

 

Мүмкін асқынулары

Торқабықтың ажырауы көрмй қалуға апарады.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Торқабықтың ажырауы симптомдары басталғаннан кейін 24 сағат ішінде шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

 

Алдын алу

·         Күннен қорғайтын көзілдірік, көз жарақатын болдырмау үшін.

·         Диабет кезінде қандағы қант деңгейін бақылау.

·         Офтальмологқа бар, кемінде, жылына бір рет.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.