.

Екі күндік нәрестенің өмірін сақтап қалдық! | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Екі күндік нәрестенің өмірін сақтап қалдық!

2015 жылғы 2 сәуірде Павлодарда жүрек  функциясы  созылмалы жетіспеушілігі  дертімен қыз бала дүниеге келді.

Жүктіліктің 28 апталық мерзімінде магистральдық қан тамырлардың транспозициясы анықталып, кардиохирургпен кеңес жүргізілді. Астана қ."ҰҒАБО" АҚ-да тууға рұқсат беріліп, балалар кардиохирургының кеңесі ұсынылды. Астана қ. "ҰҒКО" АҚ-да жедел емдеу ұсынылды.

2015 жылғы  9 сәуірде жаңа туған нәрестені «Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы» АҚ-ға тасымалдау жоспарланды. Алайда, баланың жалпы жағдайының күрт нашарлауына, яғни 50% - ға дейін десатурацияға (оттегінің жетіспеушілігі) байланысты,  «Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы» АҚ-ның интервенциялық кардиолог-дәрігері Отарбаев Эрик Берікұлы шұғыл түрде Павлодарға жедел ота жасауға шықты. 2015 жылғы 3 сәуір күні  түнде Рашкин отасы жасалды. Ота сәтті жасалып, сатурация 94-96% пайызға жетті.

Әрбір ана  жаңа  туған сәбидің өлімнен аман есен сақтап  қалуына  бақыттың берілгендігін түсінеді. 

 

Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана