Омандық әріптестерге арналған шеберлік сыныптары

Халықаралық ғылыми медициналық шеңберлерде «Ұлттық ғылыми медициналық кардиохирургиялық орталығы» АҚ-ның қызметіне деген қызығушылық барған сайын артып келе жатыр. Қазақстанның астанасындағы кардиохирургиялық клиникада терминалды созылмалы жүрек жеткіліксіздігін хирургиялық емдеудің инновациялық әдістерін енгізу  мәселелері бойынша оқудан өткісі келетін шетелдік әріптестердің қатары өсуде.

Ресей, Еуропа, Таяу Шығыс елдері және енді міне Араб елдері де «Ұлттық ғылыми медициналық кардиохирургиялық орталығы» АҚ өткізген шеберлік сыныптарының қатысушылары болды. Ағымдағы жылдың 18-20 мамыр күндері «Ұлттық ғылыми медициналық кардиохирургиялық орталығы» АҚ мамандары Sultan Qaboos University Hospital-дан (Оман Сұлтанаты) келген әріптестері үшін шеберлік сыныбын өткізді.  

Шетелдік дәрігерлер орталықта 2011 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан жасанды қосалқы қан айналымы құрылғысының (LVAD) әртүрлі нұсқаларын имплантация жасау бағдарламасымен, сондай-ақ донорлық жүректі транспланттау бағдарламасының ұйымдастырылуымен және іске асырылуымен танысты.

Омандық қонақтар LVAD – Heart Mate III имплантация жасау бойынша  «Ұлттық ғылыми медициналық кардиохирургиялық орталығы» АҚ-ның «Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы» АҚ-мен бірлесе өткізген бірегей операциясына қатысты. Аталған операцияның бірегейлігі оның дүние жүзінде алғашқы болып «Ұлттық ғылыми медициналық кардиохирургиялық орталығы» АҚ-да өткізілгенінде жатыр.

Шетелдік әріптестер Назарбаев Университетіне барып, Өмір туралы ғылыми орталықпен барынша толығырақ танысты. Медициналық мектеп деканымен ынтымақтастық жайындағы келіссөздер жүргізілді. Жақын болашақта алмасу бойынша оқу практикасын енгізу жоспарланып отыр.

Алдыңғы қатарлы жабдықталуы, біліктілігі жоғары дәрігерлері және «Ұлттық ғылыми медициналық кардиохирургиялық орталығы» АҚ-ның жалпы өзі қонақтарға жақсы әсер қалдырды.

«Ұлттық ғылыми медициналық кардиохирургиялық орталығы» АҚ-ның дамуы жоғары жылдамдықпен өрлеу үстінде екенін және сол арқылы  Қазақстан медицинасының әлемдегі деңгейі мен маңызын арттырып отырғанын айта кеткен жөн. 

 

 

Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана

 

Ваш доктор в кармане

Как это работает?

Вам не здоровится?

Мы поможем Вам выявить и лучше понять причины недомогания, а также порекомендуем где и у кого диагностировать, лечить и предупредить болезни

У Вас недомогание? Здесь Вы можете выявить вероятные причины

Здесь Вы узнаете все о болезнях из надежных источников и от мировых экспертов.

Достоверная информация о диагностике, лечении и предупреждении 1000 заболеваний

Где и у кого лечиться: здесь Вы можете сделать правильный выбор. Найти и записаться к нужному врачу в лучшую клинику, рекомендованными другими пациентами

Воспользоваться бесплатно технологией искусственного интеллекта для врачебной диагностики болезней. Весь процесс может занять лишь несколько минут

Проконсультируйтесь у лучших врачей США, Германии, Кореи и других стран, не выходя из дома.

Доступно с:
— компьютеров
— планшетов
— телефонов

Лечиться за рубежом? Здесь можно узнать о лучших зарубежных больницах и врачах

Разработано профессионалами