Түркі әлемі Трансплантологтары Қауымдастығы аясындағы ынтымақтастық

Түркі әлемі Трансплантологтары Қауымдастығы 2014 ж. 15 желтоқсанда әлемнің түркі мемлекеттері арасындағы донорлық және органдарды ауыстыру саласындағы ынтымақтастық үшін құрылған. Қауымдастық құрамында Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінен бес жүзден астам мүше бар.  

2015 жылғы мамырдың 20-сынан 22-сіне дейін Астана қаласында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауы барысында «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның ұйымдастыруымен Түркі әлемі Трансплантологтары Қауымдастығының I Құрылтайы болып өтті. Аталмыш Құрылтайға «ҰҒКО» АҚ мамандары қатысты.

Құрылтайдың негізгі тақырыбы «Трансплантациядағы органдардың донорлығы, қорғау және заңнамалық қызмет» болып табылды. 

Іс-шараға әлемнің 30 елінен трансплантология саласының 350-ден астам жетекші мамандары – трансплантациялық үйлестірушілер, нефрологтар, кардиологтар, пульмонологтар және басқалар қатысты.

Құрметті қонақтардың қатарында – Түркі әлемі Трансплантологтары Қауымдастығының негізін салушы әрі президенті, м.ғ.д. Мехмет Хаберал (Түркия), әйгілі трансплантологтар Саид Али Малиик-Хусейни (Иран), Филипп О-Коннел (Австралия), Файсал Шахин (Сауд Аравиясы), Мустафа Аль-Мусави (Кувейт), Абдель-Хаби Брейзат (Иордания), Нади Хаким (Ұлыбритания), Рифат Камель (Египет) және басқалар.

Бүкіл дүние жүзіндегі сияқты, Қазақстанда да, органдардың донорлығы өзекті болып қалып отыр. 2014 жылдың қорытындылары бойынша, елде жүрек ауыстырып салуға жылына 150-ден астам, бауырын ауыстыруға – 250-300, бүйрек ауыстыруға – 1500, өкпе ауыстырып салуға – 3-5, ұйқы безіне – 37 адам мұқтаж. Бұл ретте 2012-2015 жж. кезең ішінде небары 445 бүйрек ауыстыру, 76 – бауыр және 21 жүрек ауыстыру операциялары жүзеге асырылды, олардың 11-і – ағымдағы жылдың төрт айы ішінде жасалды.

Донорлық және трансплантация қызметін үйлестіру үшін елде Органдарды транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы және оның Астана, Алматы қалаларындағы өкілдіктері қызмет етеді.

Трансплантацияның жемісті болуы денсаулық сақтау ұйымдарының, әртүрлі қызметтер мен мультидисциплинарлық командалардың өзара тығыз әрекеттестігіне байланысты.

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Құрылтай шеңберінде «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-да клиника басшылары Ю.В. Пя мен М.С. Бекбосынованың Түркі әлемі Трансплантологтары Қауымдастығының президенті проф. Мехмет Хабералмен және Иордания Трансплантация Орталығының директоры проф. Абдель-Хаби Брейзатпен – донорлық пен транспланттау бағдарламасын ұйымдастыру мәселелері бойынша, сондай-ақ Стамбул өкпе трасплантациясы Орталығының трансплантологы  Сонгуль Буюккалемен – өкпені және «жүрек-өкпе» кешенін транспланттау бағдарламасын ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кездесулері болып өтті.   

Қонақтар алдыңғы қатарлы жабдықтармен жақсы жарақтандырылғанын, біліктілігі жоғары дәрігерлерінің жаттыққан командасын атап өтіп, «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығы» АҚ-ны  Қазақстанның және ТМД-ның үздік орталықтарының бірі деп таныды.

Жинақтаған тәжірибесі «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығы» АҚ-ға көптеген шетелдік клиникалар үшін шеберлік сыныптарын, оның ішінде донорлық, транспланттау, трансплантациялық үйлестіру бағдарламаларын енгізу бойынша өткізуге мүмкіндік береді. Мұнда оқуға Қазақстанның аймақтық клиникаларынан әріптестер келеді.

Қазіргі әлемдегі трансплантологияның жағдайы елдегі медицина жағдайының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Мемлекеттік қолдау және қолданыстағы нормативтік құқықтық база Қазақстанға әлемнің трансплантологиясы жоғары дамыған елдерінің қатарына кіруге мүмкіндік береді.

Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана

Ваш доктор в кармане

Как это работает?

Вам не здоровится?

Мы поможем Вам выявить и лучше понять причины недомогания, а также порекомендуем где и у кого диагностировать, лечить и предупредить болезни

У Вас недомогание? Здесь Вы можете выявить вероятные причины

Здесь Вы узнаете все о болезнях из надежных источников и от мировых экспертов.

Достоверная информация о диагностике, лечении и предупреждении 1000 заболеваний

Где и у кого лечиться: здесь Вы можете сделать правильный выбор. Найти и записаться к нужному врачу в лучшую клинику, рекомендованными другими пациентами

Воспользоваться бесплатно технологией искусственного интеллекта для врачебной диагностики болезней. Весь процесс может занять лишь несколько минут

Проконсультируйтесь у лучших врачей США, Германии, Кореи и других стран, не выходя из дома.

Доступно с:
— компьютеров
— планшетов
— телефонов

Лечиться за рубежом? Здесь можно узнать о лучших зарубежных больницах и врачах

Разработано профессионалами