.

Балалaрдағы шаншу (коликтер) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Балалaрдағы шаншу (коликтер)

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдар

Диагностика

Емі

Баланы жұбату туралы кеңестер

Болжамы

Асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Профилактика

 

Жалпы ақпарат

Шаншу (колики) – белгілі бір медициналыө себепсіз баланың күніне 3 сағаттан астам жылауы. Шаншу барлық сәбилерде әртүрлі дәрежеде кездеседі. Түгелге жуық сәбилер осындай периодтан өтеді.

 

Себептері

Шамамен 5 баладан біреуі ұзақ уақыт жылайды, оны шаншу деп санауға болады. Пайда болу мерзімі әртүрлі, бірақ әдетте нәрестенің 3-аптасында бастайды. Шаншудын шыңы нәрестенің 4-6 аптасына жетеді.

Шаншуға байланысты жылау күн аяғында басталады. Шаншуы бар балалар, әдетте, кез-келген тітіркендіргіштерге сезімтал. Кейбір балалар көбінесе дискомфортты ішектегі газдаран сезінеді. Кейбір балалар қарын аштықтан немесе артық тамақтанудан. Кейбір балалар белгілі бір тамақтарды жақтырмайды немесе ана сүтіндегі белоктарды қорыта алмайды. Қорқыныш, реніш немесе алаңдау шаншу симптомдарын шақыру мүмкін. Сәбиді қоршап жүрген адамдар алаңдап, депрессияда жүрсе, онда сәби одан қатты жылай бастайды.

Уақыт өте шаншу жоқ болып кетеді. Симптомдар 6 аптадан кейін азая бастайды да, 12 апта толық жойылады.

Егер сіздің балаңыз 12-аптасында әлі шаншулар болса, онда дәрігерге қаралу керек.

 

Симптомдар

Шаншулар күнде бір уақытта пайда болады. Шаншуы бар балалар кешке қарай абыржығыш болып келеді.

Шаншудың симптомдары аяқ асты басталады. Баланың қолдары жұмылған, аяқтары бүгілген және іші қампайған. Шаншу ұстамасы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Әдетте шаншу белгілері жел немесе үлкен дәрет шыққаннан кейін жоқ болып кетеді. Іштің ауруына қарамастан, нәрестелер жақсы тамақтанып қалыпты салмақ көтереді.

 

Диагностика

Сіздің емдеуші дәрігеріңіз сізге сұрақтар қою және симптомдарға қарай отырып, нәрестеде шаншуды анықтай алады.

Дәрігер медициналық тексеруді басқа аурулар жоққа шығару үшін жасайды. Мысалы, жарықтар немесе ішек өтімсіздігі сияқты ауруларды. Егер диагноз әлі анық болмаса, онда диагностиканы ары қарай жасау керек болады.

 

Емі

Нәрестеге шаншуды алу үшін, біріншіден сол шаншуды шығарған себепті анықтап, кейін оны жою болып табылады. Және де баланы жұбататын нәрселерді білу керек.

Шаншуды шақыратын себептер:

  • Тағамдар: Кофеин, шоколад, сүт тағамдары, жаңғақ. Бұл тағамдар аллергиялық реакция шақыру мүмкін. Брокколи, капуста, фасоль және де басқа тағамдарды шектеу керек, себебі олар газ түзілуін арттырады.
  • Тағамдық қоспалар: Кейбір балалар тағамдық қоспалар ішіндегі нәруыздарға сезімтал болу мүмкін, сол себепті қоспаны ауыстыру қажет болады.
  • Дәрілік препараттар: Ана сүтінен өтіп кететін препараттар баланың жылауына себеп болу мүмкін.
  • Тамақтану. Баланың артық тамақтануын немесе тез тамақтануынан аулақ болыңыз.

 

Баланы жұбату туралы кеңестер

Бір баланы жұбататын нәрселер, басқа баланы жұбатпайды. Кейбір балалар жаялыққа қатты оралғанды ұнатады, ал кейбірлері керісінше. Сол үшін сіз өзіңіздің балаға не ұнайтынын қарап, солай жұбатуға тырысыңыз.

  • Неғұрлым баланы күндіз қолда ұстап жүрсеңіз, соғұрлым бала кешке мазастынбайды. Ол сіздің балаңызды құртпайды.
  • Баланы жайлап тербетіңіз. Тербету баланы тынышталдырады және газдардың шығуына көмектеседі. Балалар жылаған кезде ауаны көбірек жұта бастайды. Газдар көбейеді, содан іште ауру сезімі пайда болады, бала одан қатты жылай бастайды. Бұл циклды бұзу оңай емес.
  • Балаңызды вертикальды қалыпта ұстап тұрыңыз. Ол ғаздардың шығуына көмектеседі және қыжылды азайтады. Жылы орамал немесе бутылкадағы жылы суды балаңыздың ішіне қойсаңыз, ол тынышталдыратын эффект көрсетеді.
  • Балаңызды ішіне жатқызып ұйықтатпаңыз. Іште жатып ұйықтап қалатын нәрестелерде БЖӨС (СВДС) (баланың жедел өлу синдромы) даму қаупі жоғары.
  • Балаңызды емшекке салыңыз. Көп балалар бір-нәрсе сорып отырғанды жақсы көреді.
  • Кейбір балалар автокөлікте жүргенде тыныш сезінеді. Егер сіздің балаңызға көмектессе, автокөліктің қозғалысын және дыбысын ұқсататын құралды сатып алуыңызға болады.
  • “Ақ” шу (мысалы, сарқырама шуы) кейбір балаларды тынышталдырады.

 

Ауру болжамы

Нәрестелерде шаншу 3-4 айларында жоқ болып кетеді.

 

Асқынулар

Асқынулар болмайды

 

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Егер балаңыз көп жыласа дәрігерге қаралыңыз. Басқа қауіпті себептерді жоққа шығару үшін.

Дәрігерге міндетті түрде қаралыңыз, егер:

  • баланың мінезі немесе мінезі-құлығы аяқ асты өзгерсе
  • жылап жатқан балада қызба, бой бермейтін құсу, диарея, нәжісте қан немесе асқазанмен басқа мәселер

 

Профилактика

Сіздің балаңыз профилактикаға қарамастан мазасыз болу мүмкін.

Алайда дұрыс емізу және шаншудың себебін анықтау туралы білім сізге пайдасын тигізеді. Егер сіз балаңы емізсеңіз, онда лактация туралы консультация сізге керек болу мүмкін.

Шаншу басталғанға дейін, сіздің балаңызды не жұбабатады, соны біліп алыңыз. Егер сіз барлығын біліп тұрсаңыз, онда баланы тез жұбатуға болады.

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.