.

Ұйқысыздық (Бессоница) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ұйқысыздық (Бессоница)

Өмірінде кез келген адам 1 рет болсын ұйқысыздықпен зардап шегіп көреді.Ол қандай да бір емтиханның немесе өте маңызды кездесулер алдында болады.Бұл кезде адам ерте жатып ұйқысын қандыруға тырысады, алайда ол керісінше болып шығып ұйқысыздықтың әсерінен көптеген сағатты құр жатумен өткізеді.Әдетте адам жұмыстан шаршап,қалғып келген уақытта,ұйықтайын деп төсекке жатады, бірақ төсектің ыңғайсыз болуы, түрлі дыбыстардың шығуы ұйқысыздықты шақырады.Осындай шағымдармен күнделікті адамдардың 30-45% зардап шегеді,жартысынан көбісінде созылмалы түрге ауысып кетеді.

Ұйқысыздықтың үш сатысы бар.

  • · Бірінші сатысы (пресомникалық бұзылыстар) - ұйқтап кетудің бұзылысы,яғни ұйқының келмеуі.Осыдан кейін адамда ұйқының келмеуінен қорқу белгілері қалыптасады.
  • · Екінші сатысында (интрасомникалық бұзылыстар) - ұйқыға кеткен адамның түн ішінде түрлі дыбыстардан,қорқынышты түстерден,тыныс алудың қиындауынан және ауырсынуды сезінуінен ұйқысы бұзылады.Содан ұзақ уақытқа адам ұйқысыз жатады.
  • · Үшінші сатысы (постсомникалық бұзылыстар) - таңертеңгі уақытта ұйқыдан тұрғанда адамның өзін жайсыз сезінуі,жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі және әлсіздіктің болуы сияқты белгілер болады.

Кей жағдайда адамдар түні бойы ұйқтай алмағанына шағымданып келеді,алайда дәрігер қарап тексеруден кейін науқас кемінде 5 сағат ұйқтағандығы анықталады. Осындай жағдай ұйқының агнозиясы деп аталады.

Емі.Егер адамда ұйқысыздық болатын болса онда ең алдымен дұрыс ұйқтауды үйреніп,одан кейін жұмыс уақыты мен демалыс уақытын график бойынша қалыптастыру керек.Ұйқтар алдында жылы,сергітетін ваннаға түскен дұрыс немесе аутотреннинг курсына қатысқан жөн.

Егер ұйқысыздықты қатты шаршаумен,стресспен байланыстыратын болса онда ұйқы шақыратын дәрілерді қабылдау керек,алайда ол дәрілерде қабылдамас бұрын мынаны білген дұрыс:біріншіден-дәріні теқ қана арнайы ережемен ғана қолдану керек,екіншіден-кез келген ұйқы шақыратын дәрілерді 10-14 күннен артық қолданбау керек.Себебі осы уақыт аралығанда дәріге тәуелділік қалыптаспайды және жанама әсерлері болмайды.

Осы барлық шараларды жасағаннан кейін әлі де ұйқысыздықпен зардап шегетін болса онда сомнолог дәрігерге жолыққаны дұрыс немесе невропатологқа қаралу керек.Ұйқысыздықты жою үшін физиотерапевтикалық процедуралар,фототерапия,инемен емдеу және психотерапия қолданылады.

 

Аударған: Мелис Айбек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.