.

Anamed.kz: Әрбір жанға денсаулық | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Anamed.kz: Әрбір жанға денсаулық

Anamed.kz жобасы – Профилактикалық медицина академиясының қолдауымен құрылған С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 4-5 курс студенттерінің (краудсорс) күшімен «смарт-медицина» негізінде құрастырылған қазақ тіліндегі тегін онлайн медициналық ресурс.

Anamed.kz қазақ тілінде сөйлейтін халыққа арналған. Ол - тілдік тосқауылдар мен медициналық ақпараттық теңсіздікті жою және Өзінің денсаулығына байланысты клиникалық дәлелденген шешім қабылдауға көмектесетін анықтамалық ақпараттық электронды құрал. Сонымен қатар, Anamed.kz аурудың себептері, қауіп-қатер факторлары, симптомдары, суреттері, профилактикалық шаралары, сондай-ай дұрыс тамақтану мен дене шынықтыру туралы мәліметтер беріп, азаматтардың медициналық сауаттылығы мен денсаулығына байланысты өзін-өзі күтіну тәсілдерін арттырады.

Anamed.kz - краудсорсинг (белгілі бір жұмысты көптеген еріктілерді (волонтерларды) тартып, олардың күшімен жұмысты орындау) негізіндегі жоба.
Медициналық білімі бар азаматтар, яғни медициналық университет пен колледж студенттері, резиденттері, магистранттар, PhD докторанттар, дәрігерлер мен медбикелер Anamed.kz ақпараттық базасын толтыру арқылы отбасына, туысқандарына, достарына, қоғамға, халыққа сапалы және қолжетімді медициналық қызметке жол ашуда Өз үлесін қоса алады. Ал медицина саласынан тыс азаматтар мақалалар мен жазылған қазақ тілінің сапасын, жіберілген түрлі қателіктерді, қандай ақпарат туралы мәлімет қосу туралы сайтқа жазу арқылы Anamed.kz жобасын жетілдіруде үлестерін қоса алады. Яғни, медициналық қоғаммен халықтың бірлесіп жұмыс істеуі арқылы Біз алға қарай жылжи аламыз. Сайттың бұл қызметі әзірлену үстінде (іске қосылу мерзімі 2018 жылдың шілде айы).

Anamed.kz тобының белсенділері:

  1. Солтанай Жәнібек
  2. Тілеубек Нұридін
  3. Меліс Айбек
  4. Шардарбек Райымбек
  5. Бердібек Ағабек
  6. Дүйсенова Жаңылсын
  7. Тилеубергенова Гулжазира
  8. Айтмұқаев Ернұр
  9. Қартанбаев Бақберген
  10. Ғалымов Айберген
  11. Каирбаева Асем
  12. Көнебаев Қуанышбек
  13. Амантай Назерке

Профилактикалық медицина академиясы тобы:

  1. Алмаз Шарман, профессор, Академия президенті
  2. Әлібек Мереке, жоба координаторы
  3. Дмитрий Кармазин, IT–менеджер