.

Балаға нашар қарау | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Балаға нашар қарау

Балаға нашар қарау - бұл әдейі балаға зиян келтіру. Балаға нашар қарым-қатынас жасауға жақтырмау және қатал қарау жатады.

Балаға нашар қараудың бірнеше формалары бар.

  • Жақтырмау-бұл ата-аналары немесе қамқоршылары баланың денсаулығын және амандығын қамтамасыз етпейді.Жақтырмау баланы тұрғылықты үймен, біліммен, киіммен, медициналық қызметтермен, қауіптерден қорғаумен қамтамасыз етпеу. Жақтырмаудың нәтижесінде әртүрлі ұзақ уақыттық немесе қысқа уақыттық қиындықтар тууы мүмкін, мысалы, дамуының баяулауы және салмағының жеткіліксіздігі.
  • Физикалық күштеуге- көгерулер, күйік, сынық, кесу, тістеу немесе мүшенің зақымдануы сынды тері жарақаттары жатады. Физикалық күштеуге сонымен қатар ұрыққа зиян келтіру, мысалы, жүкті әйелдің есірткі қабылдауы немесе қасақана зиян келтіру жатады.
  • Эмоционалді (психологиялық) күштеу- әдейі ауызша немесе мінезімен ісер ету немесе балаға қарым-қатынастың жеткіліксіздігімен оның түкке тұрғысыз,кесірлі, ұнамсыз, керексіз, қауіпке шалдыққыш немесе оның құндылығы тек өзгелердің қажеттілігін өтеуде екенін білдіру.Эмоцианалді қолдаудан бастарту, изоляция, немесе лаңкестік жасау,қорқыту эмоциаалді күштеудің түрі болып саналады. Бала куәгері болған үйдегі күштеу де эмоцианалді күштеудің түрі болып саналады.
Сексуальді күштеу- балаға жасалған үлкен адамды сексуалді қанағаттандыру мақсатындағы кез-келген әрекет. Бұған бала түсінбейтін немесе келіспейтін немесе заңға қайшы сексуалді әрекетті жатқызады. Эксгибиционизм, вуаризм немесе балаға порнография көрсету сексуалді күштеудің түріне жатады.
 
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.