.

Ботулизм | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ботулизм

Ботулизм –құрамында ботулизм таяқшалыры бар өнімдерді қолданған кезде жұғатын ауру. Аурудың қоздырғышы табиғатта кеңінен таралған және ол ұзақ уақты бойы топырақта сақтаулы мүмкін. Адам ағзасына топырақтан, үй жанураларынан және құрамында тұздалған балығы бар өнімдерден ( көкеністер,еттер) жұғады .

Консервіленген өнімдерде оттегінің аздығына байланысты ботулизм таяқшалары қарқынды көбейеді де адам ағзасына зиянды улы заттарды бөледі.Бұл бөлінген өнімдерді ішектегі сөл жоя алмайды, тіпті кейбір улар ( токсин Е) одан сайын улы әсерін арттырады.Осы токсиндер көбінее консервілерде, тұздалған балықтарда, колбасада, саңырауқұлақтарда және үй жағдайында дұрыс дайындалмған өнімдерде кездеседі.Аурудың инкубациялық кезеңі 2-3 сағаттан бастап 1-2 күнге дейін созылады. Алғашқы белгілері болып – жалпы әлсіздік, аздап бастың ауруы, жүрек айну және іштің өтуіне қарағанда, көбінесе іштің қатуы болады.

Ботулизм таяқшалары жүйке жүйесіне әсер еткен кезде көздің көруі, жұтынудың, дауыстың шығуы өзгеріске ұшырайды.Науқас барлық заттарды тұман болып тұрғандай көреді, екі көздің қарашықтары екі түрлі болады.Көбінесе косоглазие, птоз – бір көздегі жоғарғы кірпіктің төмен түсуі көріністері болады.Науқас ауыз қуысында кұрғақшылықты сезінеді, даусы төмендеп сөздері түсініксіз бола бастайды.Дене температурасы 37,2-37,30С деңгейінде тұрады.Ботулизм таяқшалары ішекте көбейе бастаған сайын осы айтылған белгілер асқына түсіп жұтынудың бұзылысы ретінде жұмсақ таңдайдың салдануы болады.Онымен қоса жүректің соғуы басында жоғарлап аяғына таман тұйықталады, қан қысымы төмендейді.Тыныс алу қызметі салданғанда науқас өлімге ұшырауы мүмкін.

Емі. Науқасқа алғашқы көмек ретінде – токсиндерді жою үшін тұзды іш айдағыштар, күнбағыс және басқа өсімдік майларын береді және асқазанды 5%натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен шаяды.Ең негізгісі ботулинге қарсы сарысу енгізу болып табылады, сондықтан науқасты мейлінше тездетіп ауруханаға жатқызу керек.Егер биологиялық зерттеулер арқылы бактерия бөлген улы өнімнің типін анықтаса онда тек сол улы өнімге қарсы сарусуды енгізеді (мысалы тек А типті улы затқа немесе В типтіге).Ал бұл типтер анықталмаса онда барлығына бірдей әсер ететін сарысуды қолданады. Науқас мұқият қамқорлықты талап етеді, көрсеткіштеріне байланысты тыныс алуын және басқа да физиологиялық зат алмасуларын реттеп отыру керек.Жұтыну бұзылыстры кезінде зонд арқылы тамақтандырылады.Дәрі-дәрмектерден левомицетин ( күніне 0,5г нан 4-5 рет, 5-6 күн бойы) және аденозинтрифосфор қышқылын (1% -1мл 1 рет күніне ) алғашқы 5 күн бойы қабылдайды. Науқастың үлкен дәретін бақылау да маңызды болып табылады.

 
Аударған: Мелис Айбек
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.