.

Буынның тартылуы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Буынның тартылуы

Буынның тартылуы – бұл, сүйектерді бір-бірімен байланыстырып тұратын, жіп тәрізді, серпімді талшықтардың (байлам) жарақаты. Егер буындардың тартылуы қатты болған жағдайда, симптомдары сүйектің сынуымен ұқсас болады.

Дәрігерлер буындардың тартылуын, ауырлық дәрежесіне байланысты топтарға бөледі.

Бірінші дәрежелітартылу – буындардың жыртылуысыз тартылуы. Белгілері және симптомдары:

  • Буындардың ісуі және ауруы.
  • Буындардың серпімділігі сақталады.
  • Буындардың қозғалысы сақталады.

Екінші дәрежелітартылуында байламдардың жыртылу аздап байқалады. Белгілері және симптомдары:

· Жарақат кезінде сырт еткен дыбыстың шығуы.

· Ауру сезімі және ісу.

· Қозғалыстың шектелуі.

· Жарақат алған жердің көгеруі.

· Буынның тұрақсыздығы.

Үшінші дәрежелі тартылуында байламдар түгелімен жыртылады. Белгілері және симптомдары:

· Жарақат кезінде сырт еткен дыбыстың шығуы.

  • Ауру сезімі (аздап жыртылуға қарағанда түгелімен жыртылу кезінде ауру сезімі әлсіз болады).
  • Қатты ісіну және көгеру (жиі, бірақ ылғи байқалмайды).
  • Буындардың тұрақсыздығы (бұлтақтау немесе босаңсу сезімі пайда болады).
  • Қайралу немесе қайралу сезімі .
  • Толық жыртылған жерде ісінудің (кейде) болуы.
  • Буындардың шаншылуы және ұйып қалуы сезіледі..

Тартылған буындардың жазылуы адамның денсаулығына, жасына, жарақаттың дәрежесіне байланысты болады. Денсаулығы жақсы адамдарда буындары шамалы созылса, тез арада жазылып кетеді. Ал буындары қатты тартылса, ол бірнеше айға дейін жазылады немесе мүлдем жазылмауы мүмкін. Ол өз кезегінде тұрақты ауру сезімдерін, қозғалыстың шектелуін, буынның тұрақсыздығын, құрылымының өзгеруін және қайталана беретін жарақаттарды туғызады.

Буындар тартылған жағдайдаалғашқы көмек, буынның қозғалысын шектеу, мұз қою, компресс, және аяқ-қолды жоғары көтеру болып табылады. Буындардың аздап тартылуы кезінде, үй жағдайында ақ толық жазылып кетуге болады, ал дәрежесіне байланысты тартылу ауыр болса, гипс және шина қою немесе операция және дәрілерді енгізу сияқты медициналық көмектің қажет болуы мүмкін.

Аударған: Шардарбек Райымбек

 

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.