.

Цистит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Цистит

Цистит – қуықтың сілемей қабатының қабынуы  (сондай-ақ, қараңыз: Несепқап (қуық) инфекциясы). Бұл несеп-жыныс ағзаларының ішіндегі ең кең таралған қабыну ауруларының бірі. Әйелдердің 20-25 % циститтің қандай да бір түріне шалдығады, ал 10 % созылмалы циститтен зардап шегеді, бұл сан жыл сайын үздіксіз арта түсуде. Ерлер бұл аурумен сирек ауырады – цистит ерлердің 0,5%-да кездеседі.

Циститтің алғашқы және екінші, жіті және созылмалы, жұқпалы және жұқпалы емес түрлері  болады.

Екінші цистит қуық (тас, ісік) немесе жақын ағзалардың (аденома және қуық асты безінің қатерлі ісігі, жыныстық ағзалардың созылмалы қабыну аурулары) аурулары кезінде дамиды.

Алғашқы жіті цистит – негізінен, әйелдер шалдығатын ауру. Оның пайда болуы салқын тиюмен, жұқпадан кейін, құралмен тексеруден кейін, жеке гигиена ережелерін бұзумен байланысты. Циститтің дамуының болжамды факторларының бірі - қант диабеті. Циститтің дамуы организмнің аллергиялық серпінінің салдарынан да болуы мүмкін.

Циститтің дамуына ықпал ететін факторлар – сілемей қабаттың жарақаты, жамбас қуысындағы көктамырлардың қан ағыны, гормондық бұзылыстар, дәруменсіздік, салқын тиюі, т.б. Сондай-ақ, уродинамиканың бұзылысының маңызы зор, оның ішінде, қуықтың босатылуының қиындауы немесе толық босатылмауы, қуық бұлшықетінің   ширақтығының бұзылуына, несептің іркілуіне немесе ыдырауына апарады. Жұқпалы циститте жоғары немесе төмен қарай, лимфа немесе қан арқылы жұқпалану жолдары болуы мүмкін.

Балаларда циститтің пайда болуының және барысының кейбір екрешеліктері болады. Мысалы, ұлдарда несеп жолдарының жұқпалануға ықпал ететін қандай да бір анатомиялық өзгерістері (несеп шығару түтігінің сыртқы саңылауының немесе клапанының стенозы, қуық мойнының туа біткен склерозы) болмағанда жіті цистит сирек пайда болады. Қыздарда цистит жеке гигиенаның бұзылысымен жиі байланысты. Балаларда ауру еріксіз несеп шығарумен, оның ішінде, түнде уақытта төсекте , кейде – нәжістің еріксіз шығуы болуы мүмкін.

Циститті емдеу. Егер циститтің белгілері пайда болса – өз бетіңізбен емдеуге тырыспаңыз, және ауруды ушықтырмаңыз. Дұрыс емделмеген немесе соңына дейін емделмеген цистит созылмалы түрге көшуі мүмкін, оны өмір бойы емдеуге тура келеді. Тез арада урологқа немесе гинекологқа көріну қажет.

Жіті цистит кезінде тыныш күйді сақтау, емдәм ұстану, сұйқтықты көп мөлшерде (күніне 2-2,5 л) ішу ұсынылады; денеге салқын тигізбеу, ішектің ұдайы қызметін қолдау қажет, жыныстық қатынасқа түсуге болмайды. Ауырсыну қатты болса, ректальдық (айналшық ішіне) немесе вагиналдық (іншек ішіне) ауырсынуды басатын суппозитарийлер қою тағайындалады. Бактерияға қарсы емдеу антибиотикограмма бойынша өткізіледі, оған дейін кең ауқымды әрекет ететін антибиотиктер, нитрофурандар, антигистаминдік препараттар тағайындалады. Алғашқы созылмалы циститті емдеуде инфекция ошағын анықтау және жою, әйелдерде – гинекологиялық ауруларды немесе іншек жұқпаларын емдеу  маңызды роль атқарады. Циститтің себептерінің бірі – иммунитеттің төмендеуі болғандықтан, жалпы күш жинау үшін дәрумендік немесе физио-емдеу курстарын өткізу қажет. Созылмалы циститті қабынуға қарсы емдеу антибиотикограмма бойынша 3-4 апта бойы өткізіледі, одан кейін ұзақ уақытқа (3-6 ай) нитрофурандар немесе бактрим  тағайындалады. Ай сайын несептің бактериологиялық зерттеуін өткізу қажет, әсіресе, дәрі қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі 6 ай ішінде.

Созылмалы циститті емдеу , әсіресе, интерстициалдық түрін, әйелдерде біршама қиындық туындатады. Антигистаминдік және гормондық препараттарды (гидрокортизон, преднизолон) қолдану жарамды, гепаринмен емдеуге болады (инстилляция және инфузиялық емдеу). Интерстициалдық циститте физио-емдеу шаралары тағайындалады. Қуықтың тыртықты өзгерісінде хирургиялық операция тағайындалуы мүмкін. 

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.