.

Ішқатуы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ішқатуы

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Профилактикасы

 

Адамдардың үлкен дәретке бару жиілігі әр түрлі. Кейбір адамдар үлкен дәретке күніне бір немесе екі рет барса, қалғандары аптасына бір - екі рет барады. Егер сізде іш қатуы пайда болса, онда ішек босатудың жиілігі азайып, немесе нәжісіңіз шағын және қатты болады. Әдетте, іш қатудың себептеріне сұйықтықтың немесе жасұныққабай өнімдердің тамақтану рационында жетіспеушілігі жатады. Егер іштің қатуы кенеттен басталған болса, немесе диетаңызға қарамастан жалғасса, сіздің дәрігерге қаралуыңыз қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ҚАУІПТІ СИМПТОМДАР

Нәжістегі қанның пайда болуы

Нәжістегі қан қызыл прожилоккүйінде немесе нәжісті қара түске бояуы мүмкін. Нәжістегі қанның пайда болуының себептері әр түрлі болуы мүмкін. Оның ішінде геморрой, тік және тоқ ішектерінің қатерлі ісіктері.Сондықтан нәжісте қан пайда болса, сіздің дәрігерге қаралып, диагностикалық зерттелерді өтуіңіз керек.

 

Іш қатуы деген не?

Іш қатуы, қазіргі таңда жиі кездесетін мәселелердің бірі. Әлемдегі ересек адамдардың 2% іш қатуына шалдыққан.

Іш қатуы ішек босатуының сиректенуімен және қиындауымен сипатталады. Адамдардың үлкен дәретке бару жиілігі әр түрлі. Кейбір адамдар үлкен дәретке күніне бір немесе екі рет барса, қалғандары аптасына бір - екі рет барады. Бірақ ішек босатулардың арасындағы үзіліс 3 күннен артық болса, онда нәжістің қатаюы пайда болып, оның ішектен шығуы қиындық тұдырады.

 

Төмендегі қатардағы кем дегенде екі симптом сізді үш ай бойы мазалап жатса, онда сізде іш қатуы болуы мүмкін:

  • Ішекті босату кезіндегі күшену;
  • Нәжістің қатаюы;
  • Неполное ішекті босату;
  • Ішектің босатуының аптасына 3 реттен кем болуы.

 

Себептері

Запор случается чаще из-за фунционального расстройства кишечника, чем органического заболевания. Нередкие причины запора включают:

  • Сұйықтықты аз ішу;
  • Жасұныққа бай өнімдердің тамақтану рационында жетіспеушілігі;
  • Тамақтану тәртібін бұзу;
  • Төмен физикалық белсенділік;
  • Үлкенкөлемлесүттағамдарынқабылдау;
  • Стресс
  • Гипотиреоидизм
  • Неврологиялықбұзылыстар(Паркинсонауруынемесешашыраңқысклероз)
  • Құрамында кальций немесе алюминий антацидтерді қабылдау;
  • Наркотикалық анальгетиктер, антидепрессанттар;
  • Депрессия;
  • Ішектің тітіркену синдромы;
  • Жүктілік;
  • Тоқ ішектің қатерлі ісігі.

Кейбір жағдайларда іш қатуының себептері ретінде жүйке немесе бұлшық ет ішек функцияларының әлсіреуі болуы мүмкін.

 

Симптомдары

  • Ішек босатуының сиректенуі;
  • Ішекті босату кезіндегі күшену;
  • Нәжістің қатаюы;
  • Ауырсыну;
  • Іштің кебуі;
  • Құсу

 

Диагностикасы

Көп жағдайда іш қату диагнозын анықтауы диагностиканың күрделі әдістерін талап етпейді. Егер сізді іш қатуы екі аптадан артық мазалап жатса, онда дәрігерге қаралып, іш қатуының нақты себебін анықтау қажет.

Дәрігер келесі диагностика тәсілдерімен пайдалануы мүмкін:

  • Гормоналды дисбалансты анықтайтын қан талдаулары;
  • Рентген диагностикасы (ішектің өтімділігін зерттеу үшін);
  • Колоноскопия (ішектің өтімділігін зерттеу үшін)

 

Емі

Іш қатуының емі тікелей оның себебімен байланысты. Көбіне ем ретінде тамақтану рационын өзгертіп, тәуілігіне ішкен судың көлемін жоғарлатқаны жеткілікті.

Жасұныққабай өнімдердің тамақтану рационына еңгізу.

50 жасқа дейінгі ер адамдарға тәуілігіне, кем дегенде, 38 грамм жасұнық керек. Ал әйелдерге кем дегенде 25 грамм жасұнық қажет.

Жасұнық тек қана іш қатуының емі емес, оны іш кебудің де профилактикасы ретінде пайдалануға болады.

Жасұныққабай өнімдер:

  • Үрме бұршақ;
  • Кептірілген жемістер;
  • Жеміс–жидектержәнекөкіністер; (күніне,кемдегенде, екітостаған);
  • Кебек(йогуртпенжемістердіқосуғаболады);
  • Зығыр дәні;

 

Іш өткізгіш дәрілерді ішуге бола ма?

Бұл препараттарды дәрігер тағайындау керек. Іш өткізгіш дәрілер ұзақ уақытты пайдалануға арналмаған.

Нәжістің көлемін арттыратын іш өткізгіш дәрілер, нәжістің құрамындағы суды зорайтып, оның ішек жолдарымен босатуын жеңілдетеді. Оларды күнделікті пайдалануға болады. Бұл препараттардың құрамында сұлы кебегі, жолжеткен дәндері, поликарбофил және метилцеллюлоза бар.

 

Нәжістің көлемін арттыратын іш өткізгіш дәрілерді қалай пайдалану керек?

Біріншіден, бұл іш өткізгіш дәрілердің түрін күнделікті пайдалануға болады. Курсты бастаған соң су және басқа сұйықтықтарды көбірек ішуіңіз қажет. Курсты нәжістің жұмсақ болғанша жасғастыруыңыз тиіс. Іш өткізгіш дәрілерді жеміс шырындармен қосып ішуге болады.

 

Нәжістің көлемін арттыратын іш өткізгіш дәрілердің жанама әсерлері бар ма?

  • Іш кебу;
  • Ауырсыну;
  • А, D, E, Kвитаминдерінің жетіспеушілігі;

 

Профилактикасы

Іш қатуының алдын алу бірнеше тәсілдері бар:

  • Жасұныққабай өнімдердің тамақтану рационына еңгізу. Жеміс–жидектер, көкіністер, кебек жасұнаққа өте бай деп саналады.
  • Су және басқа сұйықтықтарды ішу. Құрамында кофеин бар сусындардан бас тарту. Бұдан бөлек, тамақтану рационында сүт өнімдерінің көлемін азайту;
  • Жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысу;

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.