.

Орақ тәрізді жасушалық анемия | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Орақ тәрізді жасушалық анемия

Орақ тәрізді жасушалық анемия (қан аздық) – қанның құрамында оттек тасымалдаушы субстанция, гемоглобин,қанның қызыл жасушаларының ауытқыған түрлерінің пайда болуы. Қалыпты жағдайда қан құрамында гемоглобин А болады, бірақ орақ тәрізді жасушалық қан аздық ауруымен ауыратын науқастарда қан құрамында қызыл жасушалары өзгерген, орақ тәрізді гемоглобин С түзіледі.

Орақ тәрізді жасушалар қалыптыдан тез бұзылады, сондықтан ағзаның қандануында оттегімен қанығуы бұзылады. Орақ тәрізді жасушалық анемия ауруымен ауыратын науқастарда созылмалы анемияның өте әлсіз симптомдары көрінеді:

  • Әлсізідік және қызба.
  • Бозару.
  • Терісінің сарғыштануы.
  • Ентігу.
  • Шаршағыштықтың жоғарғауы.

Сонымен қатар орақ тәрізді қан жасушалары кіші қантамыр қабырғасына жабысып, орардың бітелуіне әкелу ықтималдылығы бар. Белгілі бір мүшедің, бұлшықеттердің, сүйектердің қантамырларындағы қан қысымының төмендеуі, қантамырдың бітелуімен көрінеді. Бұл бірнеше күнден, бірнеше аптаға дейін созылатын ұстамалы ауырсынудың («орақ тәрізді жасушалардың дағдарысы»деп аталатын)себебі болуы мүмкін. Ауырсыну сүйектерде, омыртқаларда, қол және аяқтарда, сонымен қатар кеудеде және іште болуы мүмкін.

Орақ тәрізді жасушалық анемия ауруының емдеу жолы жоқ. Орақ тәрізді жасушалық қан аздық ауруымен ауыратын науқастар медициналық көмекке өмір бойы мұқтаж болады.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.