.

Рейно ауруы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Рейно ауруы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Рейно феномені кімде пайда болады?

Рейно феноменінің симптомдары қандай?

Рейно феноменінің  алғашқы және екінші реттегі түрлерінің айырмашылығы неде?

Дәрігер Рейно феноменін қалай анықтайды?

Рейно феноменін емдеу

Дәрі-дәрмексіз емдеу және өздігінше көмек шаралары

Дәрі-дәрмекпен емдеу

 

Жалпы ақпарат

Рейно феномені – қантамырларының, көбінесе, қолдың саусақтарындағы және аяқтың бақайларындағы тамырлардың зақымданатын ауруы. Бұл кезде қантамырлары тарылады.

Рейно феномені кімде пайда болады?

Рейно феномен  барлық жаста кездесуі мүмкін. Бір отбасының мүшелерінде қайталануы жиі кездеседі. Бірақ, қосымша тексерістерді жүргізу қажет.

Аурудың алғашқы түрі көп кездеседі. Бұл әдетте, 15-25 жас аралығында басталады. Ауру суық жерде тұратын адамдар арасында кең таралған.

Аурудың екінші реттегі түрі 35-40 жас аралығында басталады. Склеродермия, Шегрен синдромы және жүйелік қызылжегі секілді дәнекер тінінің ауруларына шалдыққан адамдарда жиі кездеседі. Басқа мүмкін себептеріне жататындар:

·         Туннельдік синдром, бұл кезде білектің нервтері зақымданады

·         Қантамырларының аурулары

·         Аретериалдық гипертензияны, бас сақинасын немесе қатерлі ісікті емдеуде қолданылатын кейбір дәрі-дәрмектік препараттар

·         Суық тиюді емдейтін кейбір препараттар

·         Кейбір есірткілер

Аурудың екінші реттегі түрі келесі адамдарда кездесуі аса ықтимал:

·         Кәсібі белгілі бір химиялық заттектермен байланысты адамдар

·         Жұмысында вибрациялық аспаптарды, мысалы, кен орнындағы балғаларды қолданатын адамдар.

Рейно феноменінің симптомдары қандай?

Суық ауа райында организм терідегі қан айналымын бәсеңдете отырып, жылуды сақтайды. Бұл қан тамырларының тарылуы арқылы жүзеге асырылады.            

Рейно феноменінде орагизмнің суыққа немесе күйзеліске серпіні сау адамдарға қарағанда күштірек болады. Бұл кезде қантамырлары әдеттегіден тезірек тарылады. Бұл «ұстама» түрінде болады.

Ұстама кезінде қолдың саусақтары мен аяқтың бақайларының түсі өзгеруі мүмкін. Олар ақ, көк немесе қызыл түс алуы мүмкін. Қан айналымының бәсеңдеуі салдарынан саусақтар суық болып сезіледі, және ұйып қалуы байқалады. Ұстама өткеннен кейін қан ағымы қалпына келеді, саусақтарда шаншу немесе тамырдың соғуы сезіледі. Қан ағымының толық реттелуі, әдетте, дененің барлық суық бөліктері жылығаннан кейін 15 минуттан соң орын алады.

Рейно феноменінің  алғашқы  және екінші реттегі  түрлерінің айырмашылығы  неде?

Рейно феноменінің алғашқы түрінің көріністері аса біліне бермейтіндіктен, адамдар оны емдеуге қажеттілікті сезінбейді.

Рейно феноменінің еінші реттегі түрі күрделірек болады. Бұл түрі қолдың саусақтары мен аяқтың бақайларына қан келуі азаюының салдарынан пайда болады.

Дәрігер Рейно феноменін  қалай анықтайды?

Рейно синдромын анықтау қиын емес. Қиынға түсетіні – адамда бұл аурудың қай түрі болуын анықтау.

Аурудың түрін анықтау үшін дәрігерге аурудың толық тарихын анықтау қажет, сондай-ақ, келесідей тексерістерді өткізу қажет:

·         Қан талдауы

·         Тырнақ ұясының микроскопиясы

Рейно феноменін емдеу

Емдеу бағытталады:

·         Ұстамалар санын азайтуға

·         Аурудың ұстамаларын жеңілдетуге

·         Тіндердің зақымдануының алдын алуға

·         Қолдың саусақтары мен аяқтың бақайларын жоғалтудың алдын алуға

Рейно феноменінің алғашқы түрінде тіндердің зақымдануы болмайды, сондықтан, алдымен, ауруды дәрі-дәрмексіз емдеу әдістері қолданылады. Дәріні қолдану әдістері Рейно феноменінің екінші реттегі түрінде кең таралған.

Рейно синдромының ауыр жағдайлары ойық жараға немесе гангренаға (тіндердің тіршілігін жоюы) апаруы мүмкін. Бұл ойық жаралар ауырсынады және емдеуі қиынға түседі. Ойық жаралар және тіндердің күрделі зақымдануы пайда болса, яғни, аурудың ауыр барысында оперативтік емдеу ұсынылуы мүмкін.

Дәрі-дәрмексіз емдеу  және  өздігінше  көмек шаралары

Аурудың ұстамасының ұзақтығы мен ауырлығын азайтуға бағытталған шаралар:

·         Қол-аяқты құрғақ түрде, жылы күйде ұстау қажет.

·         Қол-аяқты жылы суда жылыту қажет.

·         Желдеткіштерден алшақ болу қажет.

·         Мұздаған немесе суық тағамды ұстағанда қолғап кию қажет.

·         Суық ауа райында жылы, бос тұратын киімді және бас киімін кию қажет.

·         Арнайы жылытқыштарды, мысалы, шағын жылы қалта тәрізді, қалтада қолғаптың немесе аяқ киімнің ішінде ұстап, қолдануға болады.

·         Суық ауа райында дене жаттығуын далада орындау үшін дәрігермен кеңесу қажет.

·         Темекі шегуге болмайды.

·         Аурудың симптомдарын ушықтыратын дәрілік препараттарды қабылдауға болмайды.

·         Күйзелісті бақылауға алу қажет.

·         Дене жаттығуларымен ұдайы айналысу қажет.

Келесі жағдайларда дәрігерге көріну қажет:

·         Науқасты аурудың ұстамалары мазалайтын болса.

·         Науқастың өзіне күтім жасау туралы сұрақтары болса.

·         Ұстамалар тек дененің бір жағында болса.

·          Қолдың саусақтары мен аяқтың бақайларында ойық жаралар болса.

Дәрі-дәрмекпен  емдеу

Рейно синдромына шалдыққан адамдарды емдеу түрлері:

·         Артериалдық қысымды бақылайтын дәрілік препараттармен

·         Қан тамырларын кеңейтетін дәрілермен (вазодилататорлар). Олар саусақтар мен бақайлардағы ойық жараларды емдеу үшін де қолданылады.

Егер қан ағымы қалпына келмесе, саусақты немесе бақайды жоғалту қаупі пайда болады, сондықтан, басқа препараттарды тағайындау қажет.

Жүкті әйелдерге аталған дәрілерді қабылдауға болмайды. Жүктілік кезінде кейде Рейно феномені жеңіл өтеді немесе жойылады. 

 

Source: http://www.niams.nih.gov/Health_Info/Raynauds_Phenomenon/raynauds_ff.asp

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.