.

Себореялық дерматит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Себореялық дерматит

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары

               

Жалпы ақпарат

Себореялық дерматит – терінің жиі кездесетін, қабыну ауруы. Бұл кезде шаштың түбіндегі, бет пен құлақтың май безі жақсы дамыған бөліктерінде ақ-сары тұстары болады. олар өзгермеген немесе қызармаған тұста пайда болуы мүмкін.

«Бесік телпегі» - сәбилерде себореялық дерматит кезіндегі бастың терісінің зақымдануын сипаттайтын термин.

Себептері

Себореялық дерматиттің нақты себебі белгісіз. Дәрігерлердің ойынша, ол бірнеше себептің бірігуінен болуы мүмкін, гормоналдық үйлесімнің бұзылуын, иммундық жүйенің әлсіреуін, қоректік заттектердің жеткіліксіздігін, немесе жүйке жүйесінің ауруларын қоса.

Malassezia зеңдерінен пайда болатын тітіркеніс те осы жағдайға әкелуі мүмкін. Себореялық дерматит тұқым қуалауы мүмкін.

 

Терінің қабаттары

Қауіп факторлары:

  • Күйзеліс немесе шаршау
  • Экстремалдық ауа райы
  • Майлы тері немесе терідегі безеулер
  • Кейбір сусабындар немесе теріге күтім жасау құралы
  • Спирт құрамдас лосьондар қолдану
  • Семіздік
  • Неврологиялық аурулар, оның ішінде, бассүйек-ми жарақаты, Паркинсон ауруы немесе инсульт
  • Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (ВИЧ)

Симптомдары

Себореялық дерматит дененің әр бөлігінде пайда болуы мүмкін. Әдетте, ол терінің май безі жақсы дамыған тұстарында пайда болады. Көбінесе, бұл бастың, қабақтың терісі, мұрын-ерін қыртысы, құлақ артындағы, сыртқы құлақтағы тұстар, сондай-ақ, кеуде қуысы.

Себореялық дерматиттің симптомдары:

•      Терінің зақымдануы

•      Терінің үлкен аумағындағы түйіндақтар

•      Терінің майлы бөліктері

•      Теріде ақ, қабыршақтанған, сары, майлы бөліктердің пайда болуы

•      Жұқпаланған кезде нашарлауы мүмкін қышу

•      Терінің аздаған қызаруы

•      Шаштың түсуі

Диагностика

Диагноз тері зақымдануының өзіне тән сыртқы түріне және орналасуына сай қойылады. Әрі қарай, тері биопсиясы секілді тексерулер сирек қажет болады.

Емдеу

Қабыршақтану мен құрғақтықты қайызғаққа арналған арнайы сусабынның көмегімен емдеуге болады. оларды дәріханада дәрігердің рецептінісіз сатып алуға болады. жапсырмасында себореялық дерматитті емдейді деп жазылған сусабынды іздеңіз. Олардың құрамында салицил қышқылы, таскөмір шайыры, мырыш, резорцин, кетоконазол немесе селен сульфиді секілді құрамбөліктер болады. сусабындарды нұсқаулығында көрсетілуіне сәйкес қолданыңыз.  

Аурудың ауыр өтуінде дәрігер селен сульфидінің, кетоконазол немесе кортикостероидтардың мөлшері жоғары сусабынды немесе лосьонды қолдануды тағайындауы мүмкін.  Сондай-ақ, құрамында иммунитетті ынталандырғыш болатын крем ұсынылуы мүмкін. Бұл дәрі иммундық жүйенің жұмысын басуға қабілетті, осылайша, қабынуды азайтады.

Күн сәулесінің әсер етуінде себореялық дерматиттің барысы жақсарады деп саналады. Кейбір адамдар жазда жағдай жақсаратындығын айтады, әсіресе, белсенді демалыстан кейін.  

Болжамы

Себореялық дерматит – созылмалы ауру (өмір бойғы), асқыну мен басылу кзеңдері алмасады, бірақ, оның симптомдарын сәйкес емдеумен бақылауға болады.

Себореялық дерматиттегі жағдайдың ауырлығы қауіп факторларының әсерін жоюда және теріге күтім жасау қағидаларын ұстануда жеңілдейді. 

 

Мүмкін асқынулары

·         Психологиялық күйзеліс, өзін өзі бағалаудың төмендеуі, ұялып-қысылу

·         Екінші бактериалдық немесе зеңдік инфекцияның қосылуы.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерден кеңес алыңыз, егер себореялық дерматиттің симптомдары үй жағдайында емдеуге және дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрі препараттарын қабылдауға серпін бермесе. 

Сондай-ақ, дәрігерге көрініңіз, егер зақымдану бөліктерінің бетінде сұйықтық, ірің немесе қабық пайда болса, немесе бұл тұстар қызарып, ауырсынатын болса.   

 

Алдын алу

Себореялық дерматит кезіндегі жағдайдың ауырлығы қауіп факторларының әсерін жоюда және теріге күтім жасау қағидаларын ұстануда жеңілдейді.

 

Синонимдары

Қайызғақ; Себореялық экзема; «Бесік телпегі».

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры:http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000963.htm

Аударған:АсельСтамбекова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.