.

Шенлейн-генох қанталау бөртпесі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Шенлейн-генох қанталау бөртпесі

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат     

Шенлейн-Генох қанталау бөртпесі (геморрагиялық васкулит, тамырлық қанталау бөртпесі) – бұл теріде күлгін дақтар пайда болуымен, буынның ауырсынуымен, асқазан-ішек бұзылысымен және гломерулонефритпен (бүйректің шумақшаларының қабынуы (микротамырлардың шоғырлануы)) қосарланатын ауру.

      

Себептері

Аурудың көптеген пайда болу себептері бар. Негізгі себептерінің ішінде инфекциялар, дәрілерді көтере алмау, тұқым қуалау факторы, тағамдық, ауа арқылы, т.б. аллергия түрлері бар. Сирек жағдайда тамырлық қанталау бөртпесі жәндіктің шағуынан пайда болады. Шенлейн-Генох қанталау бөртпесінің дамуына ықпал ететін факторларға жататындар – қатерлі ісіктер, бауырдың жіті және созылмалы аурулары.  

Ауруға көбінесе, балалар бейім, әсіресе, ұлдар. Көбінесе, бұл бөртпе жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларынан кейін пайда болады.  

Симптомдары

  • Терідегі күлгін дақтар (қанталау бөртпесі), әдетте, бөкседе, сирақта немесе шынтақта

  • Буындағы ауырсыну

  • Іштегі ауырсыну

  • Сұйық нәжіс

  • Қанмен нәжіс

  • Квинке ісінуі (беттің, аяқ ұшының, саусақтың терісінің, көмейдің тез ісінуі, тыныс алудың қиындауы)

  • Жүрек айнуы

  • Құсу

  • Ауырсынатын етеккір

  • Қанмен несеп

  • Төмен  диурез (несеп шығару кезіндегі несептің төмен көлемі)

Диагностика

Диагнозды қою үшін дәрігер науқастың терісін қарап шығуы қажет, теріде екі жақты күлгін бөріткендер (қанталайтын) болады.

Шенлейн—Генох бөртпесінде арнайы зертханалық тестілер болмайды.

Зерттеудің стандарттық зертханалық түрлерін өткізеді:

 

·      Қанның жалпы талдауы – қан аздық (анемия), тромбоцитопения (қан пластиналарының санының төмендеуі), қабыну белгілері (лейкоцитоз, СОЭ артуы)

·      Қанның биохимиялық талдауы – бауырдың және бүйректің бұзылысының белгілері болуы мүмкін

·      Қан ұю жүйесін бағалау (коагулограмма)

·      Несепті талдау – гематурия (несептегі қан)

·      Нәжісті зерттеу – жасырын қанға зерттеу.

·      Организмнің иммундық жүйесін зерттеу, С-реактивтік ақуызды (СРБ), ревматоидтық факторды, иммуноглобулиндерді (қанның қорғаныс ақуыздары) қоса

·       Терінің биопсиясы (терінің бөлігін зерттеу) – қантамырлар қабырғасының қабыну белгілері болуы мүмкін.

·       Іш қуысының және бүйректің УДТ (УЗИ)

·       Ішектің контрастылық рентгенографиясы  – ішек қабырғасының рентгенологиялық белгілері болуы мүмкін.

Емдеу

Емдеу ауруды туындатқан себебіне байланысты. Көпшілік жағдайда симптомдар өздігінше өтеді. Егер симптомдар қалса, дәрігер кортикостероидтармен (гормондық емдеу), антикоагулянттармен (қанды сұйылтатын), қабынуға қарсы препараттармен емдеуді тағайындайды. 

Сондай-ақ, тағайындалады:

·         Гипоаллергендік емдәм

·         Антигистаминдік препараттар (аллергияға қарсы)

·         Плазмаферез (қанның бөлігі – плазманы құю).

Аурудың болжамы

Өткізілген емдеуден кейін науқаста ремиссия (аурудың симптомдарының басылуы) орын алады. Емдеуді  уақытынан бұрын тоқтату асқынудың дамуына апаруы мүмкін.

Мүмкін асқынулары

  • Ішкі қан кетуі

  • Бүйректің ауруы (гломерулонефрит – бүйректің шумақшаларының (гломерулалары) зақымдануымен сипатталатын бүйрек ауруы.

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге көрініңіз, егер:

• аурудың симптомдары дамыса, әсіресе, олар бірнеше күнге созылса

• төмен диурез байқалса (несеп шығару кезіндегі несептің төмен көлемі), тамырлық бөртпеден кейін пайда болған.

Алдын алу

Аурудың асқынуының алдын алуда созылмалы жұқпаның асқынуының алдын алу, антибиотиктерді және басқа препараттарды негізделген көрсетімдерсіз қабылдауға жол бермеу, аллергендермен жанасудан алшақ болу маңызды. Науқастарға бактериалдық антигендерді (мысалы, туберкулиндік) және сынамаларды егуге болмайды, себебі, олар көбінесе, ауыр қайталануды туындатады. Аурудың қайталануына суық тию, дене жүктемелері, тамақтанудың бұзылысы, алкоголь апаруы мүмкін. 

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры:

http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/

Материалды дайындағандар:

Дамир Кожантаев, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі

Дана Абдуллина, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі

 

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Шыңғыс Жұмағұлов, zdrav.kz  порталының контент-менеджері

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.