.

Тыныс алу жүйесінің аурулары | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Тыныс алу жүйесінің аурулары

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Тыныс алу жүйесінің түрлі ауруларынан туындайтын бұзылыстар

 

Жалпы ақпарат

Тыныс алу – күрделі үрдіс. Егер жарақат, ауру немесе басқа фаакторлар осы үрдістің кез келген бөлігіне әсер етсе, тыныс алуда мәселелер пайда болады.

Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үлестері аталатын үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Демді ішке тарту кезінде өкпе оттегіге толады, оттегі жасушалар мен тіндерге негізгі қызметін орындау үшін қажет. Дем шығару кезінде өкпе көмір қышқыл газын сыртқа шығарады, ол организмдегі заттек алмасуының өнімдері.

 

Тыныс алу жүйесінің түрлі ауруларынан туындайтын бұзылыстар

 

Мысалы, жоғарғы тыныс алу жолдарын жауып тұратын жұқа қылшықтар біз тыныс алатын бактериялардың барлығын зиянсыз ете алмайды. Бұл микробтар  бронхылардың (бронхит) немесе өкпенің (пневмония) инфекциясын туындатады. Инфекциялар сілемейдің және қабыну сұйықтығының жинақталуына ықпал етеді, бұл кезде тыныс алу жолдарының тарылуы және өкпедегі газ алмауы үрдісінің бұзылысы пайда болады.

Егер сізде астма (демікпе) болса, сезімталдығыңыз бар, белгілі бір заттектерді деміңізбен ішке тарту тыныс алу жолдарының саңылауын тарылтуды туындатуы мүмкін. Бұл кезде адамға толыққанды тыныс алу қиынға түседі.

Ұзақ уақыт бойы темекі түтінін немесе ауаның ластауыштарын деміңізбен ішке тарту тыныс алу жолдарын және ауа қалташасын зақымдауы мүмкін. Бұл кезде өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) аталатын ауру пайда болады. Бұл ауру кезінде өкпедегі  вентиляция және газ алмасу үрдістері бұзылысқа ұшырайды.

Тыныс алу үрдісінде  диафрагма және кеуденің, мойынның және іштің басқа бұлшық еттері қатысады. Бұл бұлшық еттердің қимылы адамға тыныс алуға мүмкіндік береді. Мидан осы бұлшық еттерге баратын нервтер олардың қимылын бақылайды. Егер адамды өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратына уақытылы қоспаған жағдайда жұлынның жоғарғы бөлігіндегі осы нервтердің зақымдануы тыныс алудың тоқтауын туындатуы мүмкін.

Ауа қалташаларын қоршайтын ұсақ қантамырлардағы үздіксіз қан ағымы газ алмасу үрдістері үшін өмірлік қажетті. Төсекке таңылу немесе операциялардың ұзақ кезеңдері өкпе эмболиясының (өкпе артериясының тромбымен бітелуі) пайда болуына апаруы мүмкін.  Өкпе  эмболиясы ұсақ қантамырларына қан келуін азайтуы немесе тежеуі, газ алмасуына кедергі келтіруі мүмкін.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.