.

Аднексит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Аднексит

Сальпингит немесе Аднексит – әйелдердің жамбас қуысындағы ағзалардың – жатырдың, жатыр түтігінің, аналық бездердің қабыну ауруларының бір түрі.


 

Әйелдердің жыныстық ағзалары (немесе жамбас қуысындағы ағзалар)

 

Жамбас  қуысындағы әйелдердің жыныстық ағзаларына жатыр, жатыр түтігі, аналық бездер жатады.

Жатыр - ұрықтың дамуы өтетін, алмұрт пішінді қуыс ағза. Жатыр жамбас қуысында,  қуық пен тік ішектің арасында орналасқан.

Жатырдың төменгі тарылған тұсында мойны орналасқан. Жатыр мойнынан жоғары аталады орналасқан кең бөлігі – жатырдың денесі аталады.  Ағзаның күмбез тәрізді бөлігі - жатырдың түбі. Жатырдың түтіктері - жатырдың екі жағында орналасқан өсінділері. Олар аналық бездермен аяқталады.

 

Жатырдың қабырғасы екі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты – эндометрий аталады. Жатырдың сыртқы қабаты бұлшық етінен – миометрийден тұрады. Бала өрбіту жасындағы әйелдерде ай сайын эндометрий қалыңдайды, бұл жатырдың жүктілікке дайындалуымен байланысты. Жүктілік болмаса, эндометрийдің қалың қабаты ажырап, іншек (қынап) арқылы қанмен сыртқа шығады. Бұл көрініс – етеккір (менструация) аталады.

 

Сальпингиттің пайда болу себептері

 

Әйелдер ағзаларының қабыну аурулары (ӘАҚА) бактериялар іншектен немесе жатырдың

мойнынан жатырдың қуысына, жатыр түтіктеріне , аналық бездерге, жамбас қуысына жылжығанда пайда болады. көбінесе, бұл аурулар хламидиоз және гонореяны туындататын бактерияларға байланысты.  Бұл жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ). ЖЖБИ жұғуының кең таралған жолы – ЖЖБИ жұқтырған адаммен қорғалмаған жыныстық қатынаста болу.

 

Бактерия адам организміне хирургиялық шаралардан немесе келесі жағдайларда да түсуі мүмкін:

·    босану барысында

·    Эндометрийдің биопсиясы

·    жатыр ішілік құралды енгізу (ВМС)

·    Терапиялық немесе жасанды: жүктілікті үзу

 

ЖЖБИ пайда болу қауіп артады, егер:

 

·    гонореяға немесе хламидиозға шалдыққан жыныстық серіктес болса

·    бірнеше жыныстық серіктес болса

·    бұрын ЖЖБИ жұққан кездері болса

·    жатыр ішілік спираль жақында қойылса

·    жасөспірімдік шақта жыныстық белсенділік болса

·    ЖЖБИ симптомдары бар.

 

 ЖЖБИ кең таралған симптомдары:

·    дене температурасының артуы (тұрақты емес симптом, пайда болып, жойылады)

·    жамбас қуысы аумағында, іштің төменгі тұсында, кейде арқадағы ауырсыну

·    іншектен басқа түсті, құрылымды, немесе иісті бөлінді шығуы.

 

Әйелдер ағзаларының қабыну ауруларында пайда болатын басқа симптомдар:

·     жыныстық қатынастан кейін қан кетуі

·     қалтырау

·     шаршау

·     жиі және ауырсынатын несеп жүруі

·     етеккір кезіндегі ауырсынудың күшеюі 

·     қанмен бөлінді, етеккірдің қалыпты болмауы

            ·     тәбеттің болмауы  

·     жүрек айнуы, кейде құсумен

·     етеккірдің келмеуі

·     ауырсынатын жыныстық қатынас.

 

ескерту: ЖЖБИ симптомсыз пайда болуы мүмкін. Жатырдан тыс жүктілік, немесе бедеулікке шалдыққан әйелдер көбінесе  әйелдер ағзаларының жасырын қабыну ауруларына шалдыққан, және олар көбінесе, хламидиялық инфекциядан туындаған.

 

Тексеру

Науқас іш қуысы аумағында ширығу немесе температураның артуын сезінуі мүмкін. Жамбас қуысы аумағын тексеру келесі аурулардың белгілерін көрсетуі мүмкін: 

·    жатыр мойны жеңіл қанталайды

·    жатыр мойнынан бөлінділер

·    жатыр мойнын қозғағанда ауырсыну

·    жатырда немесе аналық бездегі ширығу.

 

ЖЖБИ анықтау үшін келесі зертханалық талдаулар өткізіледі:

·     C-реактивті ақуызға талдау

·     эритроциттер шөгу жылдамдығына талдау 

·     лейкоциттер  мөлшеріне талдау. 

 

Басқа талдау түрлері:

·      іншек пен жатыр мойнын гонорея таяқшаларына, хламидияларға және ЖЖБИ басқа қоздырғыштарына тексеру.

·      ӘАҚА симптомдарының пайда болуының аппендицит немесе жүктілік секілді басқа себептерін анықтау үшін жамбас қуысы ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуін немесе компьютерлік томографиясын жүргізу. Бұл зерттеулер жатыр түтігі мен аналық бездердің маңайындағы инфекция ошағын немесе   абсцесті іздеу үшін де қолданылады. (УЗТ, томография және басқа тексеру тәсілдері туралы осы жерден оқуға болады)

·      қан  сарысуындағы     хориондық гонадотропин мөлшеріне талдау (жүктілікке тест).

 

Емдеу тәсілдері

 

Көпшілік жағдайда дәрігер науқасқа антибиотиктер тағайындайды, талдау нәтижелерінен бұрын.

Егер ЖЖБИ жеңіл түрі диагнозы қойылса, әдетте, науқасқа антибиотик егіледі, әрі қарай антибиотикті таблетка түрінде екі апта бойы ішу тағайындалады және науқас үйіне қайтарылады. Препарат ішу кезінде дәрігердің ұдайы кеңесі қажет.

Әйел ағзалары қабыну ауруларының ауыр жағдайларында ауруханаға жату қажет болады. бұл жағдайда антибиотиктер  вена арқылы енгізіледі, кейіннен таблетка түрінде жалғасады. Антибиотиктің түрі инфекцияның түріне байланысты. Алуан түрлі антибиотиктер мұндай инфекцияның түрлеріне қолданылады. Олардың кейбірі жүкті әйелдерге қауіпсіз.

Жыныстық серіктестер де емделуі тиіс, қайта жұғуды болдырмас үшін. Антибиотиктермен емделу кезінде жыныстық қатынаста презерватив қолдану қажет. ЖЖБИ аса ауыр жағдайында антибиотиктер көмектеспесе, хирургиялық араласу қажет болады.

 

Мүмкін асқынулары

Әйел ағзалары қабыну ауруларының инфекциялары жамбас қуысы ағзаларында тыртық түзілуіне апаруы мүмкін, олардың асқынулары:

·     жамбас қуысындағы   созылмалы ауырсыну 

·     жатырдан тыс жүктілік

·     Бедеулік.

 

Маманның көмегіне жүгініңіз, егер:

·    ЖЖБИ  симптомдары болса

·    ЖЖБИ жұқтырдым деп ойласаңыз

·    ЖЖБИ емдеу нәтиже бермесе.

 

Алдын алу

Алдын алу шаралары:

·         ЖЖБИ уақытылы емдеу

·         Қауіпсіз жыныстық қатынасты қолдау. ЖЖБИ алдын алудың жалғыз сенімді жолы – жыныстық қатынасқа түспеу. Бір жыныстық серіктесі болу да мұндай аурулардың пайда болу қаупін азайтады (моногамия). Жыныстық қатынаста презерватив қолдану қажет.

·         ЖЖБИ ұдайы тест өткізу арқылы Әйел ағзалары қабыну ауруларының қаупін азайтуға болады. серіктестер жыныстық қатынастың алдында ЖЖБИ болуына тестіден өтуіне болады.

·         20-25 жастағы немесе оған жетпеген жастағы барлық әйелдер әр жыл сайын тексеруден өтуі қажет, хламидиоз бен гонорея белгілерін анықтау үшін. Жаңа жыныстық серіктес немесе серіктес бірнешеу болуында ЖЖБИ талдау тапсырған жөн. 

 

Әйел ағзалары қабыну ауруларының басқа атаулары

Сальпингит немесе Аднексит.

 

Source: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000888.htm

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.