.

Акне | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Акне

Мазмұны

Акне деген не?

Акне пайда болу себебі қандай?

Акне кімде пайда болады?

Акне дамуына алып келетін факторлар.

Акне шақырмайтын факторлар.

Акне қалай емделеді?

Қандай препараттар дәрігердің рецептісіз жіберіледі?

Қандай препараттар тек дәрігердің рецептімен жіберіледі?

Басқа емдеу әдістері бар ма?

Акнеден кейін тыртықтар қала ма?

 

Акне деген не?

Акне – терінің түкті фолликулдарының өлі клеткалармен және тері майымен бітелуінен пайда болатын тері ауруы. Бітелген фолликулдарда бактериялар көбейіп, терінің тітіркенуін шақырады.

Акне терінің кез келген аймағында пайда болу мүмкін. Бірақ көбінесе ол бет, мойын, кеуде және арқада кездеседі. Көп жағдайда акне ерте жасөспірімдік жаста пайда болады. Себебі осы кезде тері көп май бөледі. Бірақ бүл ауру жасы үлкейген кезде де даму мүмкін.

 

Акне пайда болу себебі қандай?

Акне терінің түкті фолликулдарының өлі клеткалармен және тері майымен бітелуінен пайда болады. Акненің бірнеше түрі бар:

  • Ақ безеулер ерінің түкті фолликулдарының өлі клеткалармен және тері майымен бітелуінен пайда болады
  • Егер түтікті фолликулының бітелуі тері бетіне жақын орналасса және ол ауамен контактта болса, онда оның түсін қараяды. Бұндай безеулерді қара деп атайды. Және ол оның үстіне кір түсуімен байланысты емес.
  • Егер бітелген түтікті фолликулдың қабырқасы зақымдалса, онда сол аймақ ісініп қызыл түйінге айналады. Бұндай зақымдану тері бетінде пайда болса, онда түйін безеуге айналады.
  • Егер фолликул қабырғасы тері түбінде зақымдалса, онда түйіншектер немесе кисталар пайда болу мүмкін. Бұны кистозды акне деп атайды.

 

Акне кімде пайда болады?

Акне ер балаларда да, қыздарда да пайда болады. Әдетте ұл балаларда айқындау жүреді, себебі олардың май бездері көбірек май бөледі. Көптеген адамдарда акне симптомдары 25 жасында кетіп қалады, кейде кеш кезде де пайда болу мүмкін.

Бұл жерде тұқымқуалаушылық үлкен рөл ойнайды. Егер сіздің анаңызда немесе әкеңізде акне болса, онда сізде акне пайда болу қаупі жоғарлайды.

Үлкен рөл сіздің иммундық жүйе жағдайы ойнайды. Кейбір адамдар фолликулға түскен бактерияларға өте сезімтал болып келеді.

 

Акне дамуына алып келетін факторлар.

  • Гормональды бұзылыстар. Ерекше жыныстық жетілу, менструация алдында (әйелдерде) немесе жүктілік кезінде
  • Кейбір дәрілік препараттарды қабылдау
  • Теріге күтім және тотыққа арналған майлар, құрамында май бар косметикалық заттар
  • Стресс
  • Қандай да бір тері дефектілерін сығу
  • Теріні қатаң тазалау

 

Акне шақырмайтын факторлар.

  • Балшық
  • Шоколад немесе майлы тағам
  • Сексуальды активтілік немесе мастурбация

 

Акне қалай емделеді?

Акне емінде көптеген препараттар қолданылады. Олар дәрігердің рецептімен немесе рецептісіз жіберіледі.

Бензоил асқын тотығы және салицил қышқылы ең эффективті препараттар болып табылады. Олар дәрігердің рецептісіз жіберіледі. Бұл препараттар бактерияларды өлтіріп, майлы теріні құрғатып және қабыршақтануды болдырмайды. Олар гел, лосьон, крем және сабын түрінде шығарылады. Теріні акнеден тазалау 8 аптадай уақыт кетеді, тек содан кейін ғана тірінің жақсаруын байқайсыз. Егер 2 айдан кейін дәрігердің рецептісіз жіберілетін препараттар әсер бермесе, онда дәрігерге қаралыңыз.

Бұл препараттарды қолдану кезінде жанама әсерлер болу мүмкін. Мысалы, тітіркену, күйдіру сезімі немесе тері қызаруы. Жанама әсерлері қатан болса, онда дәрігерге сол туралы айтыңыз.

Бұл препараттардаң басқа тағайындалатын дәрілік заттар:

  • Ретин майы немесе кремі: Ретиноидтар, мысалы третиноин және адапален, теріге күніне бір рет жағылады. Көз, ауыз, мұрын жақтарға жағуға болмайды. Ретиноидтарды қолданған кезде күнге күю қаупі жоғалрайды. Жүкті әйелдерге және жүктілікті ұйымдастырып жатқан әйелдерге ретиноид тазаротен тағайындаламйды, себебі ол туа пайда болған дефекттерді шақыру мүмкін.
  • Антибиотиктер: Акненің ауыр түрінде дәрігер сізге антибиотиктер тағайындайды. Бұндай антибиотиктер: миноциклин, доксициклин, тетрациклин. Антибиотиктер басқа препараттармен қосылыс ретінде тағайындалуы мүмкін. Олар таблетка, май және гел түрінде болады. Акне емінде жиі эритромицин және клиндамицин антибиотиктері бар гельдер қолданылады.
  • Изотретиноин: Изотретиноин – қатты әсер ететін дәрілік зат. Акненің ауыр формаларында қолданылады. Бұл препараттың жанама әсерлері көп. Сізге дәрігердің тағайындауын қатан түрде сақтау қажет болады.
  • Жүктілікке қарсы таблеткалар: жүктілікке қарсы таблеткалар әйелдерде акне емдеуінде қолданылады. Дәрігермен акне кезінде жүктілікке қарсы таблеткалардың артықшылығы мен кемшіліктері туралы ақылдасыңыз.

 

Басқа емдеу әдістері бар ма?

Қосымша әдістер ретінде косметикалық процедуралар жатқызуға болады. Мысалы, пилинг, тері абразиясы (дермабразия немесе микродермальды абразия), лазер немесе жарықпен емдеу. Бұл процедуралар безеуден болған тыртықтардың кетуіне көмектеседі. Жекеленген кистозды акнені аздаған мөлшерде стероидты препараттарды қабылдау арқылы емдеуге болады. Ол препаратты сізге отбасылық дәрігер немесе дерматолог тағайындап береді.

 

Акнеден кейін тыртықтар қала ма?

Акнедене, ерекше түрде кистозды формасынан кейін кейбір адамдарда тыртықтар қалады. Егер сіз акнені сықпасаңыз, онда тыртықтар аз болады немесе мүлдем болмайды. Оған қоса теріні қатаң тазалауға болмайды. Егер сізде тыртық пайда болса, қазіргі таңда көптеген емдеу әдістері бар.

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Дерек көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институттары  http://familydoctor.org/familydoctor/en/diseases-conditions/acne.printerview.all.html

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.