.

Алопеция | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Алопеция

Алопеция дегеніміз – адамның патологиялық түрде шашының түсуін айтады.Осындай аурумен зардап шегетін адамдарда шаштың түсуімен қатар бірге психологиялық бұзылыстар да болады.Өйткені, шаш ол адамның күш-қуатын білдіреді,ал ол түсетін болса адамда өзіне деген сенімсіздік пайда болуы мүмкін.

Шаштың түсуінің барлық түрін аллопеция терминімен байланыстырады:

  • · Ошақтық аллопеция ( ұяшықтанған аллопеция / тақырбастық )
  • · Босанғанан кейінгі аллопеция
  • · Механикалық жарақаттану кезіндегі аллопеция ( шаш алдыру кезінде, шашты химиялық заттармен бояу кезінде )
  • · Симптоматикалық шаштың түсуі
  • · Әйелдік типтегі шаштың түсуі, еркектік типтегі шаштың түсуі және басқалар.

Алопецияны 2 үлкен топқа бөлуге болады:

  • · Тыртықтық түрі (тыртықтың пайда болуы мен жүреді, шаштың пиязшығы семіп қалады.)
  • · Тыртықтық емес ( диффузды, ошақтық, андрогендік )

Ошақтық алопеция кезінде шаш бастың қандай да бір жерінде түседі.

Диффузды алопеция кезінде бастың барлық бөлімінде шаштың түсуі байқалады.

Сонымен қатар алопеция себореялық және андрогендік болып екіге бөлінеді.Себореялық түрі терілік майдың бөлінуі артқан кезде пайда болады,ал андрогендік болса гормональдық бұзылыстар нәтижесінде немесе тұқым қуалау арқылы беріледі.Андрогендік алопецияны «еркектік» деп те атайды, себебі еркектік гормондардың шаштың фоликуласын әсер етуінен пайда болады.Еркектердін үштен бірі осы алопеция түрімен зардап шегеді,кейде әйелдерде ауырады.

Трихограмма – шаштың бас бөлігіне қатынасын және тура осы сәттегі өсу кезеңін зерттейтін микроскопиялық әдіс болып табылады.Трихограмманың нәтижесіне қарап үш алопеция түрін ажыратады және тиімді ем тағайындалады.

Алопецияның барлық түрі емге көнеді,тек дер кезінде дәрігерге көріну керек.

Алопецияның барлық түрлері емдеуге арналған. Уақыт өте келе маманға жүгінеді.

 

 

Аударған: Мелис Айбек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.