.

Аноректальдық абсцесс | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Аноректальдық абсцесс

Аныңтамасы

Себебі

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Болжам

Мүмкін болатын асқынулар

Қай кезде дәрігерге қаралу керек

Алдын алу

Аноректалді абсцесс сыртқы өтіс және тік ішек аймағында іріңнің жиналуы.

Себебі

Аноректалді абсцесстің ең жиі себебі болып табылады:

  • Сыртқы өтіс аймағындағы без өзектерінің бітелуі
  • Сыртқы өтіс аймағының инфекциялық қабынуы
  • Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
  • Жарақаттар
  • Крон ауруы немесе дивертикулит сияқты ішек ауруларымен шақырылған терең тік ішектік абсцесстер.

Төменде көрсетілген факторлар аноректалді абсцесс даму қаупін жоғарылатады:

  • Анальді жыныстық қатынас
  • Қатерлі ісікті емдеуге арналған химиотерапия препараттары
  • Диабет
  • Ішектің қабыну аурулары ( Крон ауруы және ойық жаралы колит)
  • Кортикостероидты препараттарды қабылдау
  • Иммундық жүйенің нашарлауы ( мысалы, АИТВ/ЖҚТВ)

Бұл ауру ерлер арасында жиірек кездеседі. Сонымен қатар жаялық төсейтін,анамнезінде сыртқы өтіс сызаттары пйда болу жағдайлары бар кішкентай сәбилер мен балалар арасында кездесуі мүмкін.

Симптомдары

Сыртқы өтіс аймағының томпаюы және тіннің ісінуімен бірге тұрақты, пульсирлеуші ауру сезімі. Ауру сезімі дефекация кезінде, жөтелгенде және отырған қалыпта күшеюі мүмкін.

http://www.zdrav.kz/images/refs3/anabscess.PNG

Сонымен қатар мынадай симптомдары болуы мүмкін:

  • Констипация (іш қату)
  • Тік ішектен ірің бөліну
  • Шаршағыштық, қызба, түнгі тершеңдік,қалтырау
  • Қызару, сезімталдықтың жоғарылауы және сыртқы өтіс аймағындағы тіннің қатаюы
  • Ауырсыну

Балаларда аноректалді абсцесс жиі ісінген, қызарған, тығыз сыртқы өтіс амағындағы түйін ретінде көрініс береді. Бала дискомфорт есебінен қозғыш және тітіркенгіш келеді. Аурудың басқа симптомдары болмауы да мүмкін.

Диагностикасы.

Аноректальді абсцестің болуы ректальді тексеріс кезінде анықталуы мүмкін. Басқа ауруларды жоққа шығару үшін ректороманоскопия жасалуы мүмкін.

Сирек жағдайда іріңнің жиналу аймағын анықтау үшін КТ, МРТ немесе УДЗ жасалады.

Емі.

Бұл мәселенің өздігінен шешілуі екіталай. Антиобиотиктер жалғыз абсцеспен күресе алмайды.

Емдеу принципі абсцесс қуысын ашып және дренаждауға негізделеді.

  • Ота жансыздануды шақыратын жергілікті анестезиямен седативті препараттың қосарлануы арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге ми-жұлындық анестезия немесе жалпы наркоз қолданылуы мүмкін.
  • Жүргізілген хирургиялық ем амбулаторлық жағдайда болса, тура сол күні үйіңізге қайтуға болады. Хирург зақымдалған аймақты тіліп, іріңді дренаждайды.
  • Егер ірің терең тіндерде орналасса сізге іріңді толық дренаж жасағанша ауруханада қалуға тура келеді.
  • Отадан кейін сізге міндетті түрде жылы ванна қабылдау керек. Бұл ауруды басуға және тіндердің ісінуін басуға, абсцесстің жақсы дренажына көмектеседі.

Дренаждалған абсцесс ашық күйінде қалады, жиектері тігілмейді.

Хирург ауру сезімін басатын препарттар және антибиотиктер тағайындауы мүмкін.

Сізге іш айдайтын препараттар керек болуы мүмкін.міндетті түрде жеке гигиена ережелерін сақтау керек. Абсцесс жазылғанша тағам жұмсақ және сұйық тағамдардан құралғаны жөн.

Болжамы.

Дұрыс қарастырылған еммен жазылуы тез. Әсіресе бұл сәбилер мен кішкентай жастағы балаларға қатысты.

Емнің кеш басталуында асқыну қаупі бар.

Мүмкін болатын асқынулары

Аноректалді абсцесс асқынуларына жатады:

  • Анальді фистула (сыртқы өтіс пен басқа анатомиялық құрылымдар арасында аномальді ақпарат)
  • Инфекцияның жалпы қанайналымға түсуі (сепсис)
  • Тұрақты ауыру
  • Аурудың қайталануы
  • Тыртық

Қай кезде дәрігерге қаралу керек

Дәрігерге мынадай жағдайда қаралыңыз:

  • Тік ішектен бөлінділер пайда болғанда, ауырсыну, аноректалді абсцесстің басқа да симптомдары болғанда
  • Қызба, қалтырау немесе осы ауруды емдеуден кейін басқа симптомдар пайда болғанда
  • Қант диабеті қандағы қант деңгейін қадағалау қиын болғанда

Алдын алу

  • Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алғанда немесе др кезінде емдегенде аноректалді абсцесс пайда болуының алдын алуға болады. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін жыныстық қатынас кезінде, соның ішінде аналді жыныстық қатынас кезінде презервативтер қолданыңыз.
  • Сәбилер мен кіші жастағы балалардың жиі жаялықтарын ауыстыру және жаялықтарын ауыстыру кезінде гигиенаны сақтау абсцесстер мен аналді сызаттардың пайда болуын алдын алады.

 

Ақпарат көзі: https://medlineplus.gov/ency/article/001519.htm

Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.