.

Артрит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Артрит

Артрит деп – буынның қабынуын айтады. Егер бір ғана буын қабынса онда моноартрит, бірнеше буын қабынса – полиартрит деп аталады.Артрит тікелей буынға байланысты аурудан немесе әр түрлі әсерлерден ( аллергиялық, инфекциялық ) болады. Пайда болуы әр түрлі болсада барлық артриттер бірдей көрініс береді, оған мыналар жатады:

  • 1-2 күнде артатын буындардағы ауру сезімі
  • Қимылдың шектелуі
  • Зақымдалған аймақтың қызаруы
  • Зақымдалған аймақтың ісінуі
  • Зақымдалған аймақтың деформациясы
  • Жалпы әлсіздік
  • Дене температурасының жоғарлауы

Егер артрит ревматикалық аурулардан немесе подаградан пайда болса ондау ауру жедел түрде дамиды, ал басқа себептерден болса онда буынның деформациясы және қимылдың шектелуі байқалады.

  • жедел басталып өте қатты ауырсынумен көрінеді немесе жай соызлмалы түрде басталауы мүмкін.Кейбір адамдар да ауру шаншып тұйық ауру сезімімен жүреді оны тіс ауруымен теңестірсе болады. Артриттқа алып келетіндер олар: инфекция, жарақат, аллергия, зат алмасудың бұзылыстары, жүйке жүйесінің аурулары және витамин жеткіліксіздігі жатады.

Артриттің түрлері:

Зақаымдалу сипатына байланысты артритті екі классқа бөлеміз:қабынулық артрит және дегенеративті артрит.

Қабынулық артритке жататындар:

  • · Инфекциялық артрит
  • · Ревматоидты артрит
  • · Подагра
  • · Реактивті артрит – бұл синовиальды қабатты ішінен қаптап тұратын жіңішке дәнекер тінді қабықшаның қабынуы.

Дегенеративті артритке жататындар :

  • Остеоартроз
  • Травматикалық артрит

Бұл аурулар сүйектердің біріккен жерінде орналасқан шеміршектердің зақымдалуы мен байланысты.

Негізі артриттің 100 астам түрі кездеседі, оның ең жиі кездесетіндер остеоартрит, ревматоидты артрит және подагра болып табылады.

Ревматоиды артрит – буынды қаптап тұратын тіндердің қабынуы.Уақыт өте келе ревматоиды артрит шеміршектің, байламдардың тіпті сүйектің толық желінуіне алып келеді. Ревматоиды артрит әйел адамдарда еркектерге қарағанда үш есе жиі кездседі.Сонымен қатар бұл ауру көбінесе 30-40 жаста көрініс береді, алайда балалар мен жастарда да кезедсе береді.

Остеоартрит деп – буынның қорғаныштық және серіппелік қызметін атқаратын шеміршектің зақымдалуы айтады. Ауру асқына келе сүйектер бір-біріне жанасып желінеді,сосын буындық синдромдар болады.Ревматоиды артриттен айырмашылығы бұл кезде тіннің зақымдалуы болмайды.Шамамен 70 жастан асқан адамдардың 80% жуығы осы аурумен ауырады.Остеоартрит кезінде көбінесе омыртқалық, тізелік және сан сүйектері зақымдалады.

Подагралық артрит ( подагра ) – зат алмасудың бұзылыстарына байланысты болатын тұқым қуалайтын буынның қабынуылық ауруы.Бұл ауру кезінде адам денесінде зәр қышқылының кристалоидтары жиналып қалады және соның әсерінен буындар және тіндер зақымдалады.Көбінесе подагралық артриттен аяқтағы бас бармақ саусағы өзгеріске ұшырайды .Подаграның белгілері 40-50 жаста көрініс табады, көбінесе еркектерде кездеседі.

 

Аударған: Мелис Айбек

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.