.

Аспергиллез | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Аспергиллез

Аспергиллез дегеніміз - саңырауқұлақтар мен шақырылатын жұқпалы ауру.Бұл ауру теріні, құлақты, мұрын қуысын және иммундық жүйесі әлсіз адамдарда өкпені зақымдайды.

Аспергиллез мынадай түрлерге бөлінеді:

  • · Бронхөкпелік аспергиллез
  • · Септикалық аспергиллез
  • · ЛОР-мүшелерінің аспергиллезі
  • · Көз аспергиллезі
  • · Тері аспергиллезі
  • · Сүйек аспергиллезі және т.б аспергиллездер бар(ауыз қуысының,жыныс мүшелерінің)

Бронхөкпелік аспергиллез алғашында бронхит немесе трахеобронхит симптомдарымен көрінеді.Науқастар жалпы әлсіздікке,жөтелмен бірге шығатын сұр түсті кейде қан аралас қақырыққа шағымданады.

ЛОР-мүшелерінің аспергиллезі сыртқы және ортаңғы отиттің дамуымен,мұрын қуысының шырышты қабаты және көмей қосалқылырының зақымдалуымен сипатталды.Сонымен қатар терінің және тырнақтың аспергиллезі пайда болады.

Иммундық жүйесінде ақауы бар (АИТВ жұқтырғандар) немесе иммундық жүйені басатын дәрілерді (иммунодепресанттар, ісікке қарсы химиотерапия ) қабылдап жүрген науқастарда аспергиллез ауыр ағымда өтеді.

Емі

Терінің зақымдалуы немесе шырышты қабаттың аспергиллезі кезінде науқас жергілікті қабынуға қарсы және антимикотикалық препараттарды қабылдайды.Ал өкпелік және жайылған аспергиллездер ауруханада жатқызылып емделеді.

 

Аударған: Мелис Айбек

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.