.

Байламдарды созып алудағы алғашқы жәрдем | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Байламдарды созып алудағы алғашқы жәрдем

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Осы кеңестерді орындаңыз

Шұғыл медициналық көмекке қашан жүгіну қажет

Жалпы ақпарат

Байламдар – қатты, эластикалық құрылымдар, сүйекті өзара қосып, олар буынды орнында ұстайды. Созып алу– байламдардың жарақаты, оның талшықтарының жарылуынан туындайды. Байламдардың жарылуы ішінара немесе толық болады.

Байламдардың созылуы тобық пен тізенің аумағында жиі пайда болады. Созылған байламдар тез ісінеді және ауырсынатын болады. Әдетте, ауырсыну мен ісіну күштірек болса, жарақат та ауыр болады. Көпшілік жағдайда аздаған созылуда жарақатты өздігінше емдеуге болады.

Осы кеңестерді орындаңыз

1.      Зақымданған аяққа демалыс беру қажет. Дәрігер жарақаттанған аумаққа 48 сағат  бойы жүктеме түсіруге тыйым салады. Алайда, белсенділікті мүлде үзбеңіз. Тобықтың созылуында да басқа бұлшық еттерге аздаған жүктеме беруге болады. Мысалы, қол мен иық белдеуін жаттықтыру үшін велотренажерді қолдануға болады, бұл кезде жарақаттанған тобық буынына жүктеме шектеледі. Осылайша, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын қолдауға болады.

2.      Зақымданған аумаққа суық басыңыз. Бұл жарақаттан кейінгі ісінуді шектеуге көмектеседі. Жарақаттан кейін тезірек оған мұз басыңыз, оны 15-20 минуттен, күніне 7-8 рет, 48 сағат ішінде ісіну кеткенге дейін орындаңыз. Мұз басқанда абайлаңыз, ұзақ ұстамаңыз, себебі, бұл тіндірдің зақымдануын туындатуы мүмкін.

3.      Жарақаттанған тұсты қысып, таңыңыз. Оны эластикалық бинттен немесе неопреннен жасаған дұрыс.

4.      Аяқты көтеріп қою қажет. Бұл оның ісінуін тежейді немесе алдын алады.

Екі күннен кейін абайлап, зақымданған тұсты икемдеп, қозғалта бастауға болады. Біртіндеп, жағдай жақсарады. Сауығу барысында пайда болған ауырсынуды жеңілдету үшін ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы препараттар - ибупрофен және ацетаминофенді қабылдауға болады.

Екі немесе үш күнде симптомдар жақсармаса, дәрігерге көрініңіз.

Шұғыл медициналық көмекке қашан жүгіну қажет

  • Денеің салмағын жарақаттанған аяққа сала алмайсыз, буында тұрақсыздық немесе жансыздануды сезінесіз, немесе буынды қозғалта алмайсыз. Бұл байламдардың толық жарылуын білдіреді. Дәрігерге баратын жолда буынға суық басыңыз.
  • Қызыл немесе қызарған жолақтар пйда болған, олар жарақаттанған аумақтың шегінен шығып, таралады. Бұл инфекцияның белгісі болуы мүмкін.
  • Жарақат өткенде бірнеше рет жарақаттанған аумақта пайда болған.
  • Байламдардың күшті созылуы болса. Емдеудің жеткіліксіздігі немесе кеш басталуы буынның ұзақ мерзімдік тұрақсыздығына немесе созылмалы ауырсынуға апарады. 

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.