.

Цирроз | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Цирроз

Цирроз – бауырдың тыртықтану және қабыну ауруларының нәтижесінде пайда болатын аса қауіпті жағдай. Цирроз грек тілінде лимон тәрізді сары деген сөзді білдіреді. Қалыпты жағдайда қызғылт болатын бауыр циррозбен ауырған науқастарда осындай түске енеді. Цирроз – қалыпты бауыр жасушаларының тыртықты немесе түйінді жасушаларға өзгерісімен жүретін, бауырдың құрылысының бұзылысы.

Бауыр құрылысының бұзылысынан және қалыпты жасушалардың өзгерісінен – бауыр ақуыз немесе ағзаға керек басқада заттарды өндіре алмай қалады және токсиндерді залалсыздандыру қабілетінен де айырылады. Өсу үрдісінде болатын тыртықты жасушалар, бауыр ішілік қантамырларды қысып, қанайналымын бұзады.

Цирроздың пайда болуының ең жиі себебі – алкоголді көп тұтыну, созылмалы вирусты гепатит. Сирек жағдайда – медикаментозды немесе басқа да аурулардың әсерінен пайда болады.

Цирроздың симптомдары: жүрек айну, тәбеттің төмендеуі, жүдеу, әлсіздік, іштің және аяқтың ісінуі. Цирроздың ауыр дәрежесінде ішкі қан кетулер, терінің және көздің сарғаюы, ақыл-естің бұзылыс, қол-аяқтың қалтырауы, коме сияқты белгілер көрінеді.

Цирроздың емінде ең бастысы аурудың пайда болуы себебін анықтау,оны шектету және асқынулардың алдын алу болып табылады. (мысалы, қан кетулердің.) циррозды толық емдеу мүмкін емес, бірақ бастапқы сатысында анықталатын болса, оның дамуын тежеуге болады. Цирроздың өршу кезеңінде гепатолог-дәрігер тек ғана симптомдарды жойып, асқынулардың алдын алады.

Бауыр циррозының негізгі емі – терапевтикалық әдістер:

  • диета: майлы, қуырылған, тұзға және ақуызға бай тағамдарды шектеу, алкогол пайдаланбау.
  • Зәр айдағыш препараттар.
  • Вирусқа қарсы препараттар – сирек тағайындайды, бірақ аурудың өршуін тежейді.
  • Плазмафарез – бауыр өз жұмыссын атқара алмағанда, қанды токсиндердер тазарту үшін қолданылады.

Өршу сатынсында немесе асқынулар пайда болған жағдайда науқасты ауруханаға жатқызады. Хирургиялық араласуларда болуы мүмкін.

  • Парацентез – іш қуысын тесу арқылы іштегі сұйықтықты шығару.
  • Шунттау – қан кетулердің алдын алу үшін қолданылады. Операция өте ауыр, білікті ангиохирурлықтардың қатысуымен жүргізіледі.
  • Бауырды трансплантациялау.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.