.

Дегидратация (сусыздану) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Дегидратация (сусыздану)

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Дәрігерге қашан көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Дегидратация (сусыздану) – организмде судың және сұйықтықтың жеткілікті мөлшері болмайтын жағдай.  

Дегидратация  жеңіл, орташа немесе ауыр болады, ол организмнің жоғалтқан немесе толықтырылмаған сұйықтығының көлеміне байланысты. Ауыр  дегидратация өмір үшін аса қауіпті жағдай.

 

Себептері

Дегидратация сұйықтықтың үлкен көлемін жоғалтуға, организмге судың жеткілікті көлемінің түспеуіне немесе осы екі себептің салдарынан да пайда болады.

Организм келесі жағдайларда сұйықтықтың үлкен көлемін жоғалтуы мүмкін:

  • Тершеңдікте (мысалы, дене жаттығуларынан)
  • Несептің көп бөлінуінен, мысалы, бақылауға алынбаған диабетте, немесе диуретиктер қабылдауда (организмнен сұйықтықты шығаратын дәрілік препараттарды қабылдауда)
  • Қызбада
  • Құсуда немесе диареяда

 

Науқас келесілердің салдарынан сұйықтық ішпеуі мүмкін:

  • Ауру кезіндет тәбетті жоғалтудан
  • Жүрегі айнуынан
  • Көмейдегі ауырсынудан және ауыздағы ойық жаралардан

Науқас балалардағы сусыздану көбінесе, тағамды немесе сұйықтықты қабылдаудан бас тартумен бірге құсуда, іш өтуінде немесе қызбада сұйықтық жоғалтумен қосарланудың нәтижесінде болады.

Сәбилер мен балалар ересектерге қарағанда сусыздануға көбірек бейім, себебі, олардың салмағы аз, олардың организмі сұйықтық пен электролиттерді тезірек жоғалтады.  Егде адамдар және түрлі аурулары бар адамдар да жоғары қауіптілік санатында.

 

Симптомдары

  • Ауыз қуысының құрғақтығы немесе жабысқақтығы
  • Летаргия немесе кома (ауыр дегидратацияда)
  • Несептің бөлінуі азайған немесе бөлінбейді; несеп қошқыл-сары түсті
  • Көз жасының болмауы
  • Көздің шүңіреюі
  • Балада еңбегінің (төбесіндегі жұмсақ тұсы) түсіп кетуі

 

Сондай-ақ, науқаста құсу. Іштің өтуі, немесе ештеңе істегісі келмейтін ежарлық болуы мүмкін. Осының бәрі сусыздануға байланысты болуы мүмкін. 

Терінің серпімділігінің (тургор) азаюы терінің (ересек адамның алақанының сыртында немесе баланың ішінде) бірнеше секундқа қыртысқа жиналып, көтерілгеннен кейін жібергенде қайтадан орнына келмеуінен байқалады. Терінің тургорының азаюы -сусызданудың кеш (кейінгі) белгісі.

 

Диагностика

Науқасты тексергенде келесілер анықталуы мүмкін:

  • Көлденеңнен тік қалыпқа көшкенде артериалдық қысымның төмендеуі
  • Қылтамырлардың толықпауы
  • Төмен артериалдық қысым
  • Терінің тургорының төмендігі – тері әдеттегідей созылымды болмауы, дәрігер қыртысқа жинағанда орнына келуі баяуласа (әдетте, тері бірден орнына келуі қажет)
  • Жүрек ырғағының жиілеуі
  • Шок (соққы)

 

Тексеруге кіреді:

  • Қанның биохимиялық талдауы (электролиттердің, әсіресе, натрийдің, калийдің және бикарбонаттың деңгейлерін анықтау үшін)
  • Қандағы несепнәрдің деңгейін анықтау
  • Қанның жалпы талдауы
  • Креатинин
  •  Несептің меншікті салмағы

 

Сусызданудың себебін анықтау үшін басқа да тексерулер өткізіледі (мысалы, қант диабетіне тексеру үшін қандағы қант деңгейін анықтау).

 

Емдеу

Сұйықтықты тұтыну әдетте, орташа сусыздануды емдеу үшін жеткілікті. Сұйықтықты бір реттік, мол көлемде ішуге қарағанда  азғантай мөлшерде, жиі ішкен жөн (сәби немесе бала үшін шәй қасықты немесе шприцті қолданып). Бір реттік көп ішу құсуды туындатуы мүмкін.

Электролиттердің немесе салқын көпіршікті сусындардың ерітінділері де тиімді. Олар дәріханаларда болады. Спорттық сусындарда қант көп, олар іштің өтуін ушықтыруы мүмкін. Сәбилер мен балаларда алғашқы алмастыратын сұйықтық ретінде суды қолданбаған жөн.   

Орташа және ауыр сусыздануда сұйықтықты  көктамыр ішілік енгізу және ауруханада емдеу қажет болуы мүмкін. Мұнда дәрігер сусызданудың себебін анықтап, емдейді.

Көпшілік жағдайда ішектің вирустық аурулары (вирустық гастроэнтерит) әдетте, бірнеше күннен кейін өздігінше өтеді.

Қараңыз: Диарея.

 

Болжамы

Ерте анықталып, емделсе, әдетте, нәтижесі оң болады.

 

Мүмкін асқынулары

Емделмеген жағдайда ауыр дегидратация келесілерге апаруы мүмкін:

  • Өлім-жітімге
  • Мидың қайтымсыз зақымдануына
  • Құрысуға

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Егер балаңызда келесі симптомдар болса, шұғыл медициналық жәрдемге (мысалы, «103») хабарласыңыз:

  • Естің қалыпты болмауы
  • Бастың айналуы
  • Енжарлық  
  • Сандырақтау

 

Егер балаңызда келесі симпомдар болса, дереу дәрігеріңізге хабарласыңыз:

  • Нәжісте немесе құсықта қан болса
  • Диарея немесе құсу (2 айлықтан кіші сәбилерде)
  • Ауыздың немесе көздің құрғақтығы
  • Құрғақ тері, қыртысқа жиналғаннан кейін қайтадан орнына баяу келеді  
  • Жүрек соғуының жиілеуі
  • Енжарлық және селқостық
  • Несептің аздығы немесе 8 сағат ішінде болмауы
  • Көз жасының болмауы
  • Көздің шүңіреюі
  • Баланың еңбегі (төбесіндегі) ішіне қарай түскен

 

Егер сәбиге жеткілікті сұйықтық беретініңізге сенімсіз болсаңыз, дәрігерге хабарласыңыз.

Сондай-ақ, келесі жағдайларда дәрігерге хабарласуыңызға болады:

  • Сіз немесе сәбиіңіз ауру кезінде сұйықтықты ұстап тұра алмайсыздар
  • Ересекте құсу 24 сағаттан артық, сәбиде 12 сағаттан артық болса
  • Ересекте немесе балада іштің өтуі 5 күннен артық болса
  • Бала әдеттегіге қарағанда белсенді емес, немесе ашушаң болса
  • Балаңызда немесе өзіңізде әдеттегіге қарағанда несеп жиі жүреді, әсіресе, егер отбасында қант диабетімен ауырғандар болса немесе несеп айдайтын препараттар қабылдайтын болсаңыз.

 

Алдын алу

Сау болған кезде де, күнделікті сұйықтықты көп ішіңіз. Ыстықта немесе дене жаттығуларын орындайтын болсаңыз, сұйықтықты көп ішіңіз.

Науқастарды, әсіресе, балалар мен егде жастағы адамдарды мұқият қадағалаңыздар.

Егер сусыздану симптомдарын байқасаңыз, дәрігерге ерте хабарлаңыз. Құсу және іштің өтуі пайда болса, сусыздану белгілерін КҮТПЕҢІЗ, дереу сұйықтықты толықтыруды бастаңыз.

Ауыратын адамның сұйықтық ішуін қолдаңыз. Қызбада, құсуда немесе іштің өтуінде сұйықтыққа қажеттіліктің жоғары болатындығын есте ұстаңыз. Мониторинг жасаудың жеңіл белгісі – диурез – бөлінетін несептің жиілігі мен көлемін бақылау  (дәріханаға жиі бару немесе жиі ылғал төсемшелер болмауы тиіс).

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.