Емізіктен бөлінді
Ешқашан жүкті болмаған әйелдерде, сүт безінен бөліндінің ағуы өте сирек кездеседі. Жүктіліктің соңғы аптасында, әйелдерде уыз түріндегі бөлінділер қалыпты жағдай. Өз бетінше бөлінетін бөлінділер барлық әйелдердің 80% -ында байқалады және емізікке басқанда ғана пайда болады. Бұл қалыпты жағдай. Бөлінділер мөлдір, тұнық, ақ және сарғыш болуы мүмкін.
Сүт бездерінен бөлінділер өз бетінше пайда болған жағдайда - алаңдаушылық туғызуы керек, әсіресе егер олар кеуде пішіні мен консистенциясының өзгерген жағдайында жүрсе. Әрине, бұл жүктілік жағдайларына немесе әйел емшекпен емізген кезге жатпайды.
Төмендегі себептербөлінділердің өздігінен шығуына әсер етуі мүмкін.
- Екі емізіктен де шығатын жарақаттар.
- Дәрілік препараттар, мысалы, оральды контрацептивтер [3448], циметидин, метилдопа, метоклопрамид, разарпин, верапамил және т.б.
- Сүт бездерінің абсцессі іріңді ағуды тудыруы мүмкін.
- Гипофиз ісігі [2815]
- Сүт бездерінің ісігі [2740] (интрадуктальді папиллома).
Галакторея - бұл емшектегі ерікті бөлінділердің ағу түрлерінің бірі және кейбір дәрі-дәрмектердің жанама әсері болуы немесе қатерлі ісік емес гипофиздік ісік (гипофиздік аденома), гипотиреоз немесе белгілі бір рак түрлерінің болуы мүмкін. Сүт бездерінен қандай да бір бөлінділер пайда болған жағдайда дәрігерге хабарласыңыз, немесе бөлінділер қанға ұқсаса және бір сүт безінен (бір жақты) ғана шықса.
Аударған: Амантай Назерке