.

Эрекция мәселелері | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Эрекция мәселелері

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Талқылау

Себептері

Өмір салтын өзгерту

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге барудан нені күтуге болады

Емдеу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Эрекция мәселесі – ер адамның  жыныстық белсенділікті қанағаттандыру үшін жеткілікті эрекцияны қолдауға қабілетінің болмауымен сипатталатын жағдай. Эрекция мүлде болмауы немесе жыныстық қатынас кезінде жоғалтылуы мүмкін.

Егер бұл жағдай ұзақ уақыт бойы сақталса, эрекциялық бұзылыс аталады.

 

Талқылау

Эрекция мәселелері ересек ер адамдарда жиі кездеседі. Барлық дерлік ер адамдарда кейде эрекцияға жету немесе сақтауда мәселелер пайда болады.

Көпшілік жағдайда бұл мәселе емдеусіз өтеді. Кейде ұдайы болуы мүмкін. Егер эрекцияның болуы немесе сақталуы жыныстық қатынастардың 25%-да орын алса, оны ауру ретінде санауға болады.  

Эрекция мәселелері өзін-өзі бағалауды нашарлатып, отбасындағы және серіктесіңізбен мәселелерге апаруы мүмкін. Бұл жағдайды емдеу қажет.

Бұрынырақта ерлердегі эрекция бұзылысы «басқа» қатысты саналатын. Ерлер бір-біріне «мазасызданбау» немесе «босаңсу қажет, сонда дұрысталады» дегендей пайдасыз кеңестер беретін. Бүгінде дәрігерлер эрекция мәселесінің себебін дене факторына балайды.

Эрекция мәселесінің дене факторына байланысты болуын тексеру үшін түнгі уақытта эрекция болуын тексеру қажет. Әдетте, ер адамда түнде 3-5 рет эрекция пайда болуы мүмкін. Әр эрекцияның ұзақтығы 30 минутты құрауы тиіс. Дәрігер сізге түнгі эрекцияны қалай білуге болатындығын айтады. Егер эрекцияны таңертең сезінетін болсаңыз, әдетте, бұл аурудың дене себепті еместігін білдіреді.

Эрекция мәселелері ерлердің жыныстық құштарлығына әсер етпейді.

Қанағаттану сезіміне тым тез жету (уақытынан бұрын шәует шашу) белсіздікті білдірмейді. Бұл мәселе туралы дәрігермен кеңесіңіз.

Ерлердің бедеулігінің белсіздіктен айырмашылығы бар. Эрекцияда мәселесі бар ерлердің сперматозоидтары аналық жасушаны ұрықтандыра алады. Бедеулікке шалдыққан науқастарда, әдетте, эрекциясында мәселе болмайды, бірақ, сперматозоидтарында мәселе болуына байланысты ұрықтандыра алмайды.

 

Ерлердің репродуктивтік жүйесі

 

Себептері

Эрекция кезінде ми, нервтер, гормондар мен қантамырлары қатысады. Осы құраушылардың әрқайсысының қалыпты қызмет етуіне кедергі келтіретіннің барлығы эрекция мәселесіне апаруы мүмкін.

Эрекция мәселесінің пайда болуының жиі себептері:  

  • Қант  диабеті, жоғары артериалдық қысым, жүректің немесе қалқанша бездің аурулары, қан ағымының бұзылысы, депрессия немесе жүйке жүйесінің аурулары (мысалы, шашыраңқы склероз немесе Паркинсон ауруы)
  • дәрілік препараттар, оның ішінде, артериалдық гипертонияны емдейтін (әсіресе, бета-блокаторлар), жүрек гликозидтері (мысалы, дигоксин), ойықжараны емдейтін кейбір дәрілер, ұйқы шақыратын немесе антидепрессанттар.
  • Қуық асты безіндегі оперативтік араласудан кейінгі нервтердің зақымдануы
  • никотин, алкоголь немесе кокаин тұтыну
  • серіктесіңізбен нашар психологиялық қатынас
  • ұдайы күдіктену және сәтсіздіктен түңілу
  • жұлынның жарақаты
  • күйзеліс, қорқыныш, үрей
  • қанағаттануды алудың орнына белгілі бір міндетті орындауды мақсат тұтатын нақты емес жыныстық күтулер

 

Эрекция мәселесі егде жастағы ерлерде жиі кездеседі. Дегенмен, бұл кез келген жаста пайда болуы мүмкін. Егде жастағы ерлерде аурудың себебі – дене себебі болуы мүмкін. Көңіл-күй себептері жас ерлердің арасында кең таралған.

Тестостеронның төмен деңгейі эрекция мәселесіне апаруы мүмкін. Осының салдарынан ер адамның жыныстық құштарлығы да төмендеуі мүмкін.  

 

Өмір салтын өзгерту

Ерлердің көпшілігіне өмір салтын өзгерту көмектесуі мүмкін:

  • темекі шегуді, алкогольді, есірткіні қою қажет.
  • Көбірек демалып, жайбарақаттану қажет.
  • Қан айналымының жақсаруы үшін дене жаттығуларын орындап, емдәм сақтану қажет.
  • АИТВ және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін қауіпсіз жыныстық қатынасты қолдану қажет.
  • Серіктесіңізбен жыныстық қатынас туралы ашық сөйлесіңіз. Егер бұлай жасай алмасаңыз, сіздерге кеңес беру қызметі көмектеседі.

 

Бір-бірімен осы мақсатта сөйлесе алмайтын жұптарда жыныстық қатынасында мәселелер болады. Өзінің сезімі туралы айта алмайтын ерлерге өмірдің жыныстық жағындағы мәселелерімен бөлісуіне қиынға түседі. Серіктесіңізбен бірге кеңес алу қызметіне жүгіну – сіздерге көмектесе алады.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге көрініңіз:

  • Өмір салтын өзгерткенде де мәселе жойылмайды
  • Мәселе жарақаттан немесе қуық асты безіндегі операциядан кейін пайда болған
  • Сізде белдегі, іштегі ауырсыну немесе несеп жүруіндегі мәселелер секілді симптомдар бар.

 

Егер эрекция мәселесі қабылдаған дәрілік препараттардан болды деп санасаңыз, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Препараттың мөлшерлемесін азайтып, немесе оны алмастыру қажет. Дәрігермен кеңескеннен кейін ғана дәріні қабылдауды тоқтатуға болады.

Егер эрекциядағы мәселелер жүрек ауруына байланысты болса, дәрігермен кеңесіңіз. Жүрек мәселелері бар адамдарға, әдетте, жыныстық қатынастың қаупі жоқ.

Эрекцияны күшейту препаратын қабылдау тұсында эрекция 4 сағаттан артық болса, шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз немесе жедел жәрдем бригадасын шақырыңыз.  

 

Дәрігерге барудан нені күтуге болады

Дәрігер медициналық тексеруді өткізеді, лған кіретіндер:

  • Қан айналымын бағалау
  • Пенис пен тік ішекті қарау
  • Неврологиялық тексеру

 

Бұл мәселені туындатқан себепті анықтау үшін дәрігер аурудың тарихы туралы келесі сұрақтарды қояды:

  • Бұрын эрекция болды ма?
  • Сізде мәселе эрекцияның болуында немесе сақталуында ма?
  • Ұйқы кезінде эрекция болады ма?
  • Эрекция мәселесіне қанша уақыт болды?
  • Қандай дәрілік препараттарды қабылдайсыз?
  • Темекі шегесіз бе? Күніне қанша темекі шегесіз?
  • Алкоголь тұтынасыз ба? Қандай көлемде?
  • Жақында сізде оперативтік араласу болды ма?
  • Қантамырларының операциясы немесе қантамырларының басқа емдеуі болды ма?
  • Депрессияда емессіз бе?
  • Бірнәрседен қорқасыз ба немесе алаңдайсыз ба?
  • Ұдайы күйзелісте боласыз ба?
  • Энергетикалық деңгейіңіз төмендеді ме?
  • Түнде жақсы ұйқтайсыз ба?
  • Дене мәселелеріне байланысты жыныстық қатынастан қорқасыз ба?
  • Өміріңізде қандай да бір өзгерістер пайда болды ма?
  • Тағы қандай симптомдар бар?
  • Пенистің аумағында қандай да бір сезіну өзгерістерін байқадыңыз ба?
  • Несеп шығаруда мәселелер бар ма?

Келесі тексерулер өткізіледі:

  • Қан талдауы, оның ішінде:
    1. Қанның жалпы талдауы (ҚЖТ)
    2. Гормондық ахуал
    3. Метаболикалық  ахуал
    4. Қуық асты безіне телімді антиген
  • Неврологиялық тексеру
  • Түнгі уақытта қалыпты эрекция болуына көз жеткізу үшін пенистің түнгі ісінуін анықтау
  • Қан ағымын және қантамырларын тексеру үшін жыныстық мүшенің УДТ (УЗИ)
  • Психометриялық тестілеу
  • Жыныстық мүшенің сіресуіне мониторинг
  • Несеп талдауы

 

Емдеу

Емдеу мәселені туындатқан себепке байланысты. Сіздің эрекцияға қатысты мәселеңізді емдеудің жақсы тәсілі туралы дәрігермен кеңесіңіз.

Қазіргі кезде емдеудің көптеген түрлері бар, мысалы:

  • Пениске  инъекциялар
  • Несеп шығару каналында жергілікті қолданылатын дәрілік препараттар
  • Дәрі ішу
  • Хирургиялық емдеу
  • Вакуумдық құрал-жабдықтар

 

Дәрігерден әр әдістің мүмкін асқынулары мен жанама әсерлері туралы біліңіз.

Силденафил (Виагра), варденафил (Левитра) және тадалафил (Сиалис) – 5 типті фосфодиэстеразаның  (ФДЭ-5) тежеуіштеріне жататын дәрілік препараттар. Олар жыныстық қозу болғанда ғана әрекет етеді. Олардың әрекет етуі препаратты қабылдағаннан кейін 15-45 ішінде орын алады.

Бұл препараттардың жанама әсерлері бар, бұлшық етіндегі ауырсыну мен жүрек ұстамасына дейін. Бұл препараттарды нитроглицерин дәрісімен бірге қолдануға болмайды. Мұндай бірге қолдану артериалдық қысымды күрт төмендетуі мүмкін. Осы препараттарды нитроглицеринмен бірге қолданған кейбір ер адамдардың өлім-жітімге ұшырағаны белгілі.

ФДЭ-5 тежеуіштерін келесі жағдайларда абайлап қолданған жөн:

  • Жақында инсульт немесе жүрек ұстамасы болған
  • Жүректің ауыр аурулары, мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе жүрек ырғағының бұзылысы (аритмия)
  • Жүректің ауыр жеткіліксіздігі
  • Бақылауға алынбаған жоғары артериалдық қысым
  • Бақылауға алынбаған қант диабеті
  • Өте төмен артериалдық қысым

Егер дәрілік құралдар көмектеспесе, басқа емдеу әдістері қолданылады:

  • Тестостеронмен орын басулық емдеу, пластырь, гель немесе бұлшық етке инъекциялар (тестостеронның төмен деңгейінде).
  • алпростадил атты дәрілік препаратты пениске енгізеді немесе несеп шығару каналында жергілікті қолданады, бұл кезде пениске қан келуі жақсарады. Жергілікті емдеу, әдетте, ішілетін медициналық препараттарға қарағанда жақсырақ әрекет етеді.
  • Жыныстық мүшеге қан келуін қамтамасыз ету үшін вакуумдық құрал-жабдықтар қолданылуы мүмкін. Одан кейін жыныстық қатынас кезінде эрекцияны қолдау үшін арнайы резеңке сақина қолданылады.
  • Кейбір ерлерге пенистің имплантаты (протез) қажет болуы мүмкін.

 

Жыныстық белсенділік пен құштарлықты арттыру үшін тағамдық қоспалар да бар. Дегенмен, олардың ешқайсысы эрекция бұзылысын емдеуде тиімділік көрсетпеген, және кейде олардың қауіптілігі де болуы мүмкін.

 

Синонимдары

Эрекция бұзылысы; Импотенция; Ерлердегі жыныстық қызметтің бұзылысы.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.