.

Фолликулит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Фолликулит

Фолликулит – бұл тері астында орналасқан шағын қалташалар - фолликулдардың инфекциясы немесе қабынуы, фоликулдарда шаш түзіліп, өседі.  Фолликулит дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін, бірақ, ол шаш түбінде, киімнің денеге үйкелетін тұстарында – мысалы, қолда, бөкседе жиі болады. 

    

Фолликулиттің жиі себебі – бактериалдық инфекция, бірақ, зеңдік инфекциядан да туындауы мүмкін.

Фолликулит шаштың бір немесе бірнеше шумағының маңында немесе түбінде қызарған, ауырсынатын аумақ түрінде басталады. Одан кейін бұл бөлік терідегі іріңді төмпешікке (пустула) айналады, ол кейде қышып, күйдіретін сезім береді. Пустуланы ашқанда  ірің және/немесе қан шығуы мүмкін.

Инфекциялық  фолликулиттің терінің бетіне жақын орналасатын жеңіл жағдайлар әдетте, өздігінше, шамамен 2 аптадан кейін жазылады. Терең және күрделі инфекциялық  фолликулитте әдетте, ішетін антибиотиктер мен зеңге қарсы препараттар жақсы көмектеседі.

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.