.

Гангрена | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Гангрена

Бұл не? Гангрена – бұл, белгілі бір тінніңнекрозы және ыдырауы [2765],ол әдетте, қанның [2738] тіндерге бармауын айтады, ол жарақаттар мен инфекция кезінде байқалады. Тіндік некроздан кейін, оған бактериялар жұғып [19], тіндердің ыдырауына әкелуі мүмкін.

Гангренаның даму ықтималдығы, келесі аурулармен және жағдайлармен байланысты:

  • Диабет[2567]
  • Қантамыр аурулары (қол немесе аяқ атеросклерозы)
  • Ауыр жарақаттар
  • Хирургиялық араласулар
  • АИТВ-инфекциясы[2578] немесе химиотерапия [2753]әсерінен иммунды жүйенің бұзылыстары [2569]

Гангренаның белгілері себебіне және орналасуына байланысты. Егер зардап шеккен аудандар тері мен астыңғы тіндердің арасында болса, белгілері келесідей болады:

  • Тері түсінің өзгеруі (тері болса, көк немесе қара, тері астындағы тін болса, қызыл немесе қола түсті болады)
  • Сезімділіктің жоғалуы (әдетте сол аймақтағы қатты ауырсынудан кейін пайда болады)
  • Зақымдану аймағындағы жағымсыз иісті бөлінділердің ағуы.

Ішкі мүшелер зақымдалса (өт гангренасы [3597] немесе газды гангрена), белгілері мыналарды қамтиды:

  • Тұрақты және қатты ауру сезімі
  • Температураның жоғарылауы
  • Жалпы жағдайының нашарлауы
  • Септикалық шок [3598]

Гангрена диагностикасы келесі шараларды қамтиды:

  • Жалпы қан анализі [2790] (ақ қан (лейкоциттердің) клеткаларының саны [3599])
  • Дененің зардап шеккен бөлігін рентгенологиялық тексеру
  • Ішкі ағзалардың компьютерлік томографиясы [2748]
  • Гангренаны растау үшін зақымдалған аймақты хирургиялық тексеру
  • Өлген тінді тексеру үшін микроскопиялық зерттеу
  • Бактериялы инфекцияға арналған тіндік үлгідегі бактериологиялық зерттеу
  • Артериография [3600] тамырлы бұзылыстарды емдеудің дұрыс тактикасын жасау үшін.

Гангрена дененің кішкене аймақтарына, мысалы, суықтанған қол және аяқ саусақтарын немесе аяқтың бір бөлігі сияқты, тіннің үлкен аймағына әсер етуі мүмкін. Қан айналымы нашар адамдарда (мысалы, қант диабетімен ауыратын науқастарда) жарақаттар мен тері инфекцияларын уақтылы емдемеген жағдайда гангренаны дамыту қаупі артады.

Гангрена дереу емдеу әрекет етуді талап етеді. Гангренаны емдеу зардап шеккен аймақта қан айналымын қалпына келтіру, инфекцияны емдеу және өлі және өлетін тіндерді жою болып табылады. Гангренаның ауыр жағдайларында, дененің кез-келген бөлігін ампутациялауы керек: мысалы, қолдағы немесе аяқтағы саусақты.

 

Аударған: Амантай Назерке

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.