.

Гемосидероз | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Гемосидероз

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емі

Болжамы

Асқынулары

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Профилактика

Синонимдер

 

Жалпы ақпарат

Гемосидеро – организмде темірдің артық жиналуымен көрінетін ауру. Басқаша ол “перегрузка железом”деп аталады.

 

Себептері

Гемосидероздың екі түрі бар:

  • Біріншілік гемосидероз – ол ұрпақтан ұрпаққа таралатын генетикалық ақау. Ол туылған кезде анықталады. Осы ауру бар науқастарда асқазан ішек жолдарында темірдің артық сіңірілуі жүреді. Темір организмде жинала бастайды, ерекше бауырда көп жиналады. Егер сіздің отбасыңызда осындай ауру болған немесе бар болса, онда сізде осы аурудын пайда болу қаупі бар.
  • Екіншілік (жүре пайда болған) гемосидероз қан ауруларымен байланысты. Мысалы талассемия немесе анемияның кейбір түрлері, немесе қанды жиі құйып тұрудан. Кейде гемосидероз созылмалы алкоголизммен және басқа аурумен ауыратын науқастарда кездеседі.

Гемосидероз әйелдерге қарағанда, ерлерде жиірек кездеседі. Және ерекше түрде европоидты нәсіл адамдарда таралған.

 

Симптомдары

  • Іштегі ауру сезімі
  • Шаршағыштық
  • Терінің диффузды қараюы (бронзовый загар)
  • Буындағы ауру сезімі
  • Әлсіздік
  • Денеде шаштың азаюы
  • Сексульды құштарлықтың жоғалуы
  • Салмақ жоғалту

Гепатомегалия – бауыр өлшемдерінің үлкеюі. Кейбір аурулар, инфекция, паразиттер, ісіктер, анемия, жүрек жетіспеушілігі, туа пайда болған жүрек ақауларында және зат алмасу бұзылыстар кезінде гепатомегалия даму мүмкін.

 

Диагностика

Дәрегер немесе мейірбике медициналық қарау жүргізеді. Осындай жағдайда бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, тері түсінің өзгеруі анықталу мүмкін.

Диагноз қою үшін мынадай қан талдаулары керек болады:

  • Ферритин деңгейі
  • Темір деңгейі
  • Трансферинмен қанығу пайызы (жоғары)

Қосымша тексерулер:

  • Қандағы қант деңгейі
  • Альфа фетопротеинді анықтау
  • Эхокардиограмма (ЭхоКГ)
  • Электрокардиограмма (ЭКГ)
  • КТ, МРТ және УЗИ
  • Бауыр функциясын тексеру

Диагноз нақтылау үшін және ем тағайындау үшін бауыр биопсиясы немесе қан шығару процедурасы қажет болу мүмкін. Қан шығару (кровопускание) – организмнен қанның бірнеше мөлшері шығарылып, организмдегі темір деңгейін азайтатын процедура.

Ауруды нақтылау үшін отбасының басқа мүшелерінің осы генетикалық дефект бар жоқтығын анықтау үшін тексеріс қажет болу мүмкін.

 

Емі

Ем мақсаты организмдегі артық темір деңгейін түсіру және ішкі ағзалардың кез келген зақымдануын емдеу.

Қан шығару процедурасы, организмнен артық темірді шығарудын ең тиімді әдісі болып табылады.

  • Жарты литр қан әрбір апта сайын шығарылып тұрады. Бұл процедура қандағы темір деңгейі қалпына келгенге дейін орындалады. Ол бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылу мүмкін.
  • Осы процедурадан кейін қалыпты темір деңгейін ұстап тұру үшін бұл процедура саны азаяды.

Процедура саны сіздің симптомдарыңызға, гемоглобин, ферритин және темір деңгейіне байланысты.

Тестостеронмен гормональды терапия сексуальды құштарлықты қайта қалпына келтіруіне тағайындалады. Диабет, артрит, бүйрек және жүрек жетіспеушілігін, осы ауруларға сай өзіндік ем тағайындалады.

Егер сізге гемосидероз диагнозы қойылса, сізге міндетті түрде арнайы диета ұстану қажет болады. Дәрігер сізге мынадай ұсыныстар береді:

  • Алкоголь ішпеңіз, егер бүйрек зақымдану болса.
  • Темір бар препараттарды немесе витаминдерді ішпеңіз.
  • Темір посудаларды қолданбаңыз.
  • Тағам рационынан теңіз өнімдерін алып тастаңыз.

 

Болжамы

Арнайы емсіз гемосидероз бүйректің бұзылуына алып келеді.

Артық темір басқа да жерлерде жинақталуы мүмкін. Қалқанша безінде, аталық бездерінде, ұйқы безінде, гпиофизде, жүректе немесе буындарда. Өз уақытында басталған ем, мынадай асқынуларды алдын алу мүмкін: бүйрек аурулары, жүрек аурулары, артрит немесе қантты диабет.

Сіздің жағдайыңыз ағзалардың зақымдалу деңгейіне байланысты болады. Кейбір ағзалардың зақымдануы ерте диагностикалау және ем бастау кезінде алдын алауы мүмкін.

 

Асқынулар

  • Бауыр циррозы
  • Бүйрек жетіспеушілігі
  • Бауырдың қатерлі ісігі
  • Артриттер
  • Қантты диабет
  • Жүрек аурулары
  • Бактериальды инфекциялардың даму қаупі
  • Аталық бездің атрофиясы
  • Тері түсінің өзгерісі

 

Дәрегерге қашан қаралу керек?

Гемосидероз симптомдары пайда болған сәтте дәрігерге қаралыңыз.

Егер сіздің отбасыңыздағы бір мүшесіне гемосидеро диагнозы олса, өзіңіздің емдеуші дәрігерге скрининг мақсатында хабарласыңыз.

 

Профилактика

Отбасының бір мүшесінде гемосидероз диагнозы болған жағдайда скрининг жүргізу, осы ауруды бастапқы сатыларында анықтауға көмектседі, және сол кезде емді барынша ерте бастау ағзалардың зақымдалуынан алдын алады.

 

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.