.

Гепатит А | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Гепатит А

Бұл не? Гепатит термині, бауырда қабыну[2803] өзгерістерін тудыратын синдромдар мен ауруларға жатады, оның ішінде вирустар мен ішімдік[2771] ішуден туындаған аурулар.Гепатитті тудыратын вирустарға А, В, С, Е вирусты гепатиттер және Дельта факторы жатады. Жоғарыда аталған вирустардың әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленетін ерекше белгілерге алып келеді. В және С гепатиттері туралы қосымша ақпарат алу үшін арнайы сайттардан қараңыз: гепатит В [2916] және гепатит С [2917].

Гепатит А гепатиттің ең қауіпті түрі болып табылады. В және С гепатитінен айырмашылығы А гепатиті созылмалы аурудың дамуына әкелмейді.

Вирусты гепатит А ластанған су мен азық-түлік арқылы беріледі. Сондай-ақ, Гепатит А-мен ауыратын адаммен байланысу арқылы жұқтыруға болады. Ауырған адамдардан вирус сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді, инкубациялық кезеңі 15-45 күнге дейін созылады. Нәжістен басқа, қан [2738] мен және организмнің басқа да сұйықтықтарынан жұқтыруы мүмкін.

А гепатитінің вирусы аурудың тоқтатылғаннан кейін денеде қалмайды. Сондай-ақ, гепатит А вирусының тасымалдаушысы жоқ, яғни, адам, өзі инфекцияны таратады, бірақ өзі ауырмайды. Осындай жағдай (тасымалдаушы) гепатит В-де пайда болуы мүмкін.

А гепатитіне қауіпті факторлар: А гепатитімен ауыратын адаммен бірге өмір сүру, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка елдеріне туристік сапар, сондай-ақ, есірткіні тамыр ішіне қолдану.

Гепатит А-ның белгілері:

  • Сарғыштану [3536]
  • Әлсіреу
  • Дене температурасының сәл көтерілуі
  • Барлық дененің қышынуы
  • Тәбеттің болмауы
  • Несептің күңгірттенуі (оның түсі күңгірт-сары немесе қоңыр түсті болады)
  • Нәжістің түссізденуі (нәжіс ақшыл-сұр түсті болады).

А гепатитінің диагнозынәдетте тексеру кезінде дәрігер, сонымен қатар зертханалық зерттеулер негізінде жасайды. Диагностика үшін, А гепатитіне антиденелердің болуы [3304], сондай-ақ бауыр ферменттерінің деңгейін [3303] анықтайды.

Емі. А гепатитіне арналған арнайы емдеу жоқ. Науқастардың 85%-нан астамы 3 ай ішінде сауығып кетеді. Басқа науқастарда ауру ұзағырақ созылады, бірақ, әдетте, 6 айдан аспайды. Демалу және төсектік режим ұсынылады. Бауырға улы болуы мүмкін алкоголь өнімдері мен кейбір дәрі-дәрмектерден бас тарту керек. Сондай-ақ майлы тағамдардан аулақ болу керек. Пайдалы ас ретінде – асқабақ тұтыну керек.

Гепатит А вирусын жұқтырудан алдын-алу үшін ұқыпты қолды жуу, сондай-ақ таза суды қолдану және А гепатитімен ауыратын адамдармен байланыста болудан аулақ болу керек. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге арналған санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келуді және таза сумен қамтамасыз етуді қажет ететін орындарға ерекше назар аудару керек.

А гепатитімен ауыратын адамдармен байланысқа түскен адамдарға иммуноглобулиндерді енгізу ұсынылады.

А гепатитіне қарсы тиімді профилактика, ол вакцинация жүргізу. Вакцина [2796] бірінші дозаны енгізуден кейін 4 апта бойы қорғай бастайды. Ұзақ уақыт бойы қорғау үшін, бірінші дозаны алғаннан кейін 6 және 12 айдан кейін қосымша вакциналар алынады.

А гепатитіне қарсы вакцинациялауға ұсынылған адамдар:

  • А гепатитімен жұқтыру қаупі жоғары елдерге баруға ниет білдірген адамдар. Вакцинация 4 апта бұрын, сондай-ақ алғашқы дозадан 6 және 12 ай өткен соң жүргізілуі керек. Бұдан басқа, иммуноглобулинді инъекция алу ұсынылады.
  • В немесе С созылмалы гепатиті бар адамдар
  • Инъекциялық есірткі тұтынушылар.

 

Аударған: Амантай Назерке

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.