.

Қандағы холестерин деңгейін анықтау | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Қандағы холестерин деңгейін анықтау

Анықтамасы

Қандағы холестерин деңгейін анықтау

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Жалпы холестерин

Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)

Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер(жақсы холестерин)

Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)

Ескертулер

 

Холестерин –дененің әрбір мүшесінің құрамында бар жұмсақ және балауыз тәрізді зат. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуіне холестерин аздаған мөлшерде қажет. Қандағы холестерин деңгейінің жоғарлануы артериялардың бітелуіне және жүрек ауруларының дамуына алып келеді.

Қандағы холестерин деңгейін анықтау сізге және сіздің дәрігеріңізге жүрекауруларының, инсульттің және т.б. аурулардың даму қауіпін көздеуге мүмкіндік береді.

 

Қандағы холестерин деңгейін анықтау

Холестерин жақсы және жаман холестериндерге бөлінеді. Әр қайсысын анықтау үшін бірнеше талдау түрлері бар. Талдау кезінде қандағы холестериннің жалпы деңгейі есептеледі. Бұдан бөлек, дәрігеріңіз сізге, липидті профильды анықтау мақсатында, талдауды тағайындауы мүмкін. Оның ішіне:

  • Жалпы холестерин;
  • Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин);
  • Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер (жақсы холестерин);
  • Үшглицеридтер (қандағы майлардың басқа түрі);
  • Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин) кіреді.

Липопротеидер майлар мен ауыздан тұрады. Олар қанмен холестеринді, үшглицеридті және басқа майларды адамның дене мүшелеріне жеткізеді.

 

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

· 35 жасқа дейінгі ер азаматтар және 45 жасқа дейінгі әйелдер қандағы холестерин деңгейін анықтауы тиіс.

  • Егер сізде қант диабеті, жүрек аурулары, инсульт және артериалды гипертензия болса, сіз осы талдауларды ертерек жасағаныңыз жөн.
  • Егер алғашқы талдау нәтижесі қалыпты болса, онда қандағы холестерин деңгейін анықтауды әр 5 жыл сайын қайталауға болады;
  • Егер сіз холестерин деңгейін төмендететін препараттарды қабылдап жатсаңыз, онда талдауды жыл сайын жасағаныңыз жөн.

 

Жалпы холестерин

Жалпы холестериннің қалыпты деңгейі 180-200 мг/дл аралығында немесе одан төмен болуы тиіс. Егержалпы холестериннің деңгейі қалыптыдан аспаса, онда басқа зерттеулердің жасауында қажеттілігі жоқ.

 

Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)

Төмен тығыздықтағы липопротеидтер артерияның бітелуіне алып келуі мүмкін. Бұл себептен, оны «жаман» холестерин деп атайды. Төмен тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы деңгейі төмен болуы тиіс. Бірақ та төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі қалыптыдан төменірек болса, жүрек аурулары мен инсульттің даму қауіпі жоғарлайды. Қандағы төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі 190 мг/дл жоғары болса бұл көрсеткіш қалыптыдан артқан деп есептеледі.

70-189 мг/дл арасындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейіжоғары деп, келесі жағдайларда есептеледі:

  • Егер жасыңыз 40-75 және сізге қант диабеті диагнозы қойылса;
  • Қант диабетіне қоса жүрек ауруларының даму қауіпі жоғары болса;
  • Сізде жүрек ауруларының даму қауіпі орташа немесе жоғары деңгейде болса.

 

Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер(жақсы холестерин)

Жоғары тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы деңгейі жоғары болуы тиіс. Зерттеушілер ерлер мен әйелдердің қандарында жоғары тығыздықтағы липопротеидтер қаншалықты жоғарланса, соншалықты жүректің ишемия ауруының даму қауіпі төмендейтінін анықтады.Сондықтан жоғары тығыздықтағы липопротеидтерді «жақсы» холестерин деп атайды. Жоғары тығыздықтағы липопротеидтердіңқалыпты деңгейі 40-60 мг/дл тең.

 

Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер( жаман холестерин)

Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтердің құрамында үшглицеридтер өте көп. Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер артериялардың қабырғасына холестериннің тұнуына мүмкіндік береді, сондықтан оны «жаман» холестерин деп атайды.

Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы қалыпты деңгейі 2-30 мг/дл тең.

 

Ескертулер

Кейбір кезде холестерин деңгейі, керісінше, төмен болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер сізге тамақтану рационыңызды өгертуге және холестерин деңгейін жоғарлататын препараттарды қабылдауға кеңес береді.

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.