.

Қантсыз диабет | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Қантсыз диабет

Қантсыз диабет - бұл, антидиуретикалық гормонының, вазопресин [3451]өндірісінің жетіспеушілігінен туындаған ауру.

Васопрессин немесе антидиуретикалық гормон адам денесінің су балансын [3452] және осмотикалық сұйықтықтарды реттейтін негізгі зат болып табылады. Қанның сұйық бөлігі және жасушадан тыс сұйықтықтың осмотикалық тепе-теңдігі белгілі бір деңгейде үнемі сақталуы керек, әйтпесе дененің жұмысы тоқтатылады. Қан плазмасындағы осмолярлық жоғарылағанда, шөлдеу дамиды және вазопрессин өндірісі артады. Вазопрессиннің әсерінен бүйрек түтікшелеріндегі суды кері сіңіру жоғарылайды, босатылған несептің мөлшері азаяды.

Осмотикалық қысымды реттеуден басқа, вазопрессин:

  • Қан қысымын сақтауға қатысады
  • Белгілі бір гормондардың секрециясын реттейді
  • Қанның ұюына ықпал етеді
  • Орталық жүйке жүйесінде есте сақтау үрдістеріне қатысады.

Қантсыз гипоталамиялық диабет немесе орталық генездің қант диабеті вазопрессиннің гипоталамустың жасушалары бұзылған кезде пайда болады.

Қантсыз нефрогенді (бүйректік) диабет, бүйректе қанның қалыпты мөлшерімен, вазопрессиннің сезімталдығы бұзылған жағдайда пайда болады. Қантсыз диабет болған кезде, бүйректер несептің төмен тығыздығындағы салмағына ие көп мөлшерде несеп шығарады. Яғни, бұл зәрде негізінен су бар, ал тұздардың және басқа заттардың саны күрт төмендейді. Бүйректен көп мөлшерде сұйықтықтың кетуі компенсаторлық шөлді тудырады.

Қантсыз диабет, бас сүйегі және ми жарақаттарынан кейін, миға жасалған операциядан кейін, әсіресе, гипофиз аденомасы жойылғаннан пайда болуы мүмкін. Ауру ерлер де, әйелдер де бірдей жиілікте кездеседі.

Қантсыз диабеттің клиникалық көріністері.

Аурудың алғашқы белгілері зәр шығару көлемін тәулігіне 5-6 литрге дейін ұлғайюына, шөлдеудің артуына байланысты. Науқас дәл сондай мөлшерде сұйықтықты ішуге мәжбүр. Науқас түнгі уақытта зәр шығаруға жиі тұрады, сол себепті ұйқының бұзылуына, жалпы шаршауға алып келеді. Науқастар әдетте суық, мұзды сұйықтық ішуді қалайды. Бұдан басқа, несептің мөлшері 20 литрге дейін ұлғаюы мүмкін.

Науқастың жағдайы нашарлайды: бас ауыруы, құрғақ тері, салмағын жоғалту, сілекейдің бөлінуін азайту, асқазанның созылуы және төмендеуі байқалады.

Қантсыз диабетті емдеу.

Қантсыз диабетті емдеу үшін алмастырғыш терапия ретінде вазопрессин синтетикалық аналогы қолданылады. Сонымен қатар, диета, көмірсулардың және жиі тамақтану мөлшерінің артуымен ұсынылады. Нефрогенді қантсыз диабет кезінде, тиазидті диуретиктер мен литий препараттары тағайындалады. Ми ісігі анықталған кезде емдеу оперативті түрде болады. Ауру созылмалы түрде және ұзақ уақыт бойы созылады. Уақытылы емделу кезінде өмір сүру болжамдары қолайлы.

 

Аударған: Амантай Назерке

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.