.

Қарапайым герпес (ұшық) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Қарапайым герпес (ұшық)

Анықтамасы
Себептері
Симптомдары
Диагностикасы
Емі
Болжамы
Болжамды асқынулары
Дәрігерге қашан қаралу керек
Профилактикасы
 
Ауыз аймағындағы ұшық (оралды герпес) – қарапайым герпес вирусымен шақырылған ерін, ауыз немесе қызыл иектің инфекциялық ауруы. Ауру әдетте, суық жара немесе қызбалы көпіршік деп аталатын кішкентай, ауыратын көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады. Ауыз аймағындағы ұшықты лабиалді герпес деп те атайды.
Бұл суретте герпетикалық инфекцияның ерте кезеңі көрсетілген: кішігірім, топталған күлдіреуіктер мен қызару көрінеді.
 
Себептері
Ауыз аймағының герпесі кең таралған инфекциялық ауру болып табылады. Ол қарапайым герпес вирусының 1 типімен шақырылады. Көптеген адамдар осы вируспе 20 жасқа дейін зақымданадды.
Алғашқы инфекциядан кейін вирус инактивтененеді ( ұйқыға кетеді) және кейіннен жүйке тіндерінде және бетте сақталады. Кейде вирус «оянады» (белсенеді), нәтижесінде оралды герпес пайда болады.
2 типті герпес вирусы әдетте гениталды герпесті шақырады. Алайда, кейде 2 типті герпес вирусы ауыз қуысына ауыз арқылы қатынас кезінде түседі де, оралды герпестің пайда болуына әкеледі.
Герпес вирусы оңай таралады. Келесі жағдайларда жұқтырып алуыңыз мүмкін:
  • Вирус жұқтырған (науқас) адаммен тығыз байланыста болсаңыз
  • Герпес вирусымен инфицирленген (жұқтырылған) ұстараны, сүлгілерді, ыдыстарды және басқа заттарды пайдаланғанда
Ата-аналар герпес вирусын балаларына күнделікті байланыс кезінде жұқтыра алады.
 
Кейбір адамдарда қарапайым герпес вирусын бірінші рет жұқтырған кезде де ауыз аймағында жара пайда болады. Басқаларында симптомдары болмауы да мүмкін.
Аурудың симптомдары жеңіл және ауыр болуы мүмкін.
Симптомдары алғаш вируспен байланысқаннан кейін 1-3 аптадан кейін көрінеді және 3 аптаға дейін сақталады.
Герпестің бастапқы симптомдары:
  • Еріндегі немесе ауыз айналасындағы терідегі қышусезімі
  • Еріндегі және ауыз аймағындағы күйдіру сезімі
  • Еріннің немесе ауыз аймағының шаншуы
Көпіршіктер пайда болғанға дейін келесі симптомдар болуы мүмкін:
  • Тамақтағы ауыру сезімі
  • Қызба
  • Бадамшалардыңұлғаюы
  • Жұтынғанда ауыру сезімі
Көпіршіктер немесе бөртпелер шығуы мүмкін:
  • Қызыл иекке
  • Ерінге
  • Ауыз қуысына
  • Тамаққа
Көпіршіктердің пайда болуын«аурудың жайылуы» деп аталады.
Сізде болуы мүмкін:
  • Сұйықтық бөлінетін қызыл көпіршіктер
  • Ашық сарғыш сұйықтықпен толтырылған кішкентай көпіршіктер
  • Кішкентай көпіршіктер бірігіп бір үлкен көпіршікті құрауы мүмкін
  • Сауығукезіндекөпіршік сары және қатты болады, ақыр соңында сау терімен бірігеді.
Ауру симптомдары келесі факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін:
  • Етеккір немесегормоналды өзгерістер
  • Күннің көзінде болу
  • Қызба
  • Күйзеліс
Егер симптомдарсирек қайталанса, олар әдетте жеңіл өтеді.
 
Дәрігер науқастың ауыз аймағын қарап, оралды герпесті диагностикалауы мүмкін. Кейде жараның жағындысы алынып, толықтай зерттеу үшін зертханаға жіберіледі. Тексерулерге мыналар жатады:
  • Вирусты және оның құрылымын анықтау үшін вирусты зерттеу
  • Вирустық ДНҚ-тест – вирустың генетикалық материалдарын зерттеу
  • Қарапайым герпес вирусын тексеру үшін Тцанк тесті - бұл жағындыдан эрозия және көпіршіктері бар Тцанк жасушаларын (қарапайым герпес вирусымен зақымданған жасушалар) микроскоптың астында анықтау.
Емі
Симптомдары 1-2 апта ішінде емделусіз өздігінен жоғалып кетуі мүмкін.
Емдеуші дәрігер вируспен күресу үшін дәрі-дәрмек тағайындайды. Олар вирусқақарсы дәрілік препараттар деп аталады. Мұндай дәрілер ауырсынуды азайтуға көмектеседі және симптомдардың ертерек жоғалуына ықпал етеді. Ауыз аймағындағы жараларды емдеуге арналған дәрілік заттарғамыналар жатады:
  • Ацикловир
  • Фамцикловир
  • Валацикловир
Бұл дәрілерді бастапқы симптомдар пайда болғанда, көпіршіктер пайда болмай тұрып қабылдасаңыз әлдеқайда тиімді. Егер, ауыз аймағындағы жаралар жиі шығатын болса, бұл дәрілерді үнемі қабылдауға болады.
Теріге арналған вирусқақарсы кремдердіде қолдануға болады. Дегенмен, бұл препараттар қымбаттұрадыжәне көпіршіктердің белсенуін күніне текбірнеше сағатқа ғана азайтады.
Келесі нұсқаулықтар ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға көмектесуі мүмкін:
  • Ауырсынуды жеңілдету үшін жараға мұз басыңыз.
  • Көпіршіктерді абайлап антисептикалық сабынмен және сумен жуыңыз. Бұл вирустың дененің басқа аймақтарына таралуының алдын алуға көмектеседі.
  • Ыстық сусындарды, дәмді және тұзды тағамдарды, цитрустарды қолданбаңыз.
  • Салқын сумен ауыз шайыңыз.
  • Жараларды тұзды сумен жуыңыз.
  • Стероидтыемес қабынуға қарсы препарат сияқты ауырсынуды басатын заттарды қабылдаңыз.
 
Болжамы
Еріндегі герпес әдетте 1-2 апта ішінде өздігінен кетеді. Дегенмен, аурудың симптомдары қайталануы мүмкін.
Герпес ауыр және қауіпті болуы мүмкін, егер:
  • Көздің айналасында немесе көзге жақын пайда болса
  • Кейбір аурулар мен дәрі қабылдауға байланысты иммундық жүйе әлсіресе
 
Болжамды асқынулары
Көздің герпетикалық инфекциясы соқырлықтың басты себептерінің бірі, себебі ол қасаң қабықтың тыртықтануын тудырады.
Қарапайым герпестіңбасқадаасқынуларына жатады:
  • Ауыз қуысында жаралар мен көпіршіктердің қайта пайда болуы
  • Вирустың терінің басқа аймақтарына таралуы
  • Терініңбактериалды инфекциясы
  • Иммундық жүйесі әлсіреген адамдардың өміріне (атопиялық дерматит, рак немесе АИТВ инфекциясы кезінде) қауіпті болуы мүмкін организмнің жалпы инфекциясы.
Дәрігергеқашан қаралу керек
Келесі жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:
  • Ауру симптомдары ауыр немесе 2 апта ішінде кетпесе
  • Жаралар немесе көпіршіктер көздің жанында орналасса
  • Кейбір ауруларға немесе дәрі қабылдауға байланысты иммундық жүйе әлсіреген кезде герпестің симптомдары пайда болса
 
Төменде ауыз қуысындағы жаралардың пайда болуын алдын алу үшін кеңестер берілген:
  • Сыртқа шығардың алдында, құрамында мырыш оксиді бар күннен қорғайтын кремді немесе ерінге арналған бальзамды жағыңыз.
  • Ылғалдандыратын ерін бальзамы да көмектесуі мүмкін.
  • Герпетикалық бөртпелермен тікелей байланыста болмаңыз.
  • Әрбір пайдаланудан кейін сүлгілер мен төсек жаймаларын қайнаған суда залалсыздандырыңыз.
  • Егер басқа адамдардан герпесті байқасаңыз, ыдыс-аяқпен, стакандармен немесе басқа заттармен бөліспеңіз.
Егер сіздің ерніңізде герпес болса, әсіресе, көпіршіктер болсасүйіспеңіз. Сіз вирусты жыныстық мүшелерге таратуыңыз мүмкін. Герпес вирусының екі типідекейде ауыз аймағында жаралар немесе көпіршіктер болмаған кезде де таралуы мүмкін.
 
 
Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.