.

КДСА вакцинасы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

КДСА вакцинасы

КДСА вакцинасы

КДСА – (көкжетел, диферия, сіріеспе адсорбталғанвакцина) үш инфекциядан қорғайтын біріктірілген вакцина: дифтерия, сіреспе, көкжетел.

Анықтама

КДСА - көкжетел, диферия, сіріеспе сияқты аурауларға қарсы тиімділігі өте жоғары вакцина болып табылады. КДСА вакцинасы пайда болмай тұрып, бұл ауруларды емдеуде қиындық тудыратын, кейде өлімге де әкелетін.

КДСА әдетте адамға иыққа немесе санға екпе түрінде енгізеді.

Бұл вакцина не үшін керек

КДСА вакцина – балалардың иммунитеттін қалыптастыруға және денсаулық сақтау саласындағы сарапшылары бойынша тағайындаған вакцина болып табылады.

КДСА вакцинасы - балаларға нәрестелік кезеңде енгізген қауіпсіз болып табылады. Вацинаны балаларға 2 айлықта, 4 айлықта, 6 айлықта, 15-18 айда, және 4-6 жасқа толғанда енгізу керек. КДСА вакцинасын бала мектепке барам дегенше толық қабылдағаны дұрыс.

КДСА вакцинасын балада көкжетелдің вакцинасына аллергиялық реакциясы болмаса, енгізуге болады. Егерде аллергиялық реакциясы болса, тек ғана дифтерияға, сіреспеге қарсы вакцинаны қолданады. (ДСА вакцинасы деп аталады.)

Қауіп қатері және жанама әсері

КДСА вакцинасын енгізгенде, өкпелік жанама әсерлерлер пайда болып, бірнеше күнге созылуы мүмкін.

  • Температураның жоғарлауы
  • Әлсіздік
  • Инфекция орналасқан аймақтың ауырсынуы
  • Құсу
  • Тәбеттің төмендеуі

Ыстық түсіретін препараттарды вакцина енгізгеннен кейін пайда болатын: тітіркендіргіш, ауырсыну, температураның жоғарлағанда қолданады.

Бірақта вакцинаны енгізбей тұрып, ыстық түсіретін препараттарды қолданғанда, вакцинаны тиімділігі азаяды. Ылғалды жылы орамалдар және жылытқыштарды вакцина енгізген жерге басу арқылы ауырсынуды басуға болады. Сонымен қатар ауырсыну кезінде вакцина енгізген қолды немесе аяқты көп қозғалту керек.

Өте сирек кездесетін ауыр жанама әсерлер және оларға жатады:

Тоқтаусыз баланың 3 сағаттан көп жылауы

Температура 40 градустан жоғары

Қалтырау

Сонымен қатар ауыр жанама әсерге ретінде аллергиялық реакция пайда болып, тыныс алудың қиындауы және анафилактикалық шок көрініс беруі мүмкін. Бұндай жанама әсер 1 миллион балаға вакцинация кезінде, сонын ішінде 1еуінде кездеседі. Созылмалы ұстамалар және мидың зақымдануы жиі кездеседі. Бұл кезде вакцинаның жанама әсері ма, әлде жоқпа екендігін табу қиынға соқтырады.

Көп ата-аналар вакцинаны қауіпті, балаға зақым келтіреді деген оймен қауіптенеді. Сондықтан ата-аналар емдеуші дәрігерге вакцинацияны жасатпай, бала-шағаларын қауіп қатерден қорғауға тырысады. Бірақ та вакцинациядан бас тарту арқылы балаларда ауыр инфекциялық аурулардың дамуы мүмкін екендігін есте сақтау керек.

Шектеу керек:

КДСА вакцинасын егер бала суықтап қалса да, құлақ инфекциясы кезінде де енгізу қауіпті болып табылмайды. Егер балада жоғарғы температура тіркелсе немесе ауыр респираторлық аурулармен ауырса, олардың жазылғанын күтіп, сосын енгізген дұрыс.

Егер бала Гийен-Барре синдроммен ауыратын болса, сіреспенің вакцинасын алғаннан кейін 6 апта көлемінде КДСА вакцинасын қабылдамау керек. Егер де КДСА вакцинациясынан кейін, төменде айтылған симптомдардар көрініс беретін болса, дәрігерге қаралу керек:

  • Вакцинациядан кейін 3-7 күн бойы қалтырау болса.
  • Вакцинациядан кейін 7 күндей бас-милық зақымдану байқалса.
  • Қалтыраудың жоғарлауы.
  • Ми жұмысының басқа да бұзылыстары.
  • Вакцинациядан кейін беттің, ауыздың, тамақтың бірер сағат ісінуі.
  • Вакцинациядан кейін 2 күндей дене температурасының 40 градустан жоғарлауы.
  • 2 күн вакцинациядан кейін шок немесе коллапстың дамуы.
  • Вакцинациядан кейін 3 сағаттан көп баланың тұрақты жылауы.

 

Дәрігерге келесі жағдайларда қаралу тиіс:

  • Егер сіз балаңызға вакцина енгізуге сезімсіз болсаңыз.
  • Вакцинациядан кейін басқа симптомдар дамыса.
  • Вакцинацияға байланыста сізде күмән немесе сұрақтар туса.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.