.

Қолдың, саусақтың және білезіктің ауру сезімі немесе ригидтілігі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Қолдың, саусақтың және білезіктің ауру сезімі немесе ригидтілігі

Кейбір жұмыстар кезінде мысалы, үйдың сыртын әктегенде қолға, саусақтарға және білезікке артық күш түседі, соның әсерінен жергілікті ауру сезімі,ісінуі немесе ригидтілігі пайда болады.Осы жұмысты бірден тоқтатқанда қолдағы ауру сезімі жоғалады,егер қолға артық жүктеме қайталана беретін болса онда мынадай асқынуларға алып келуі мүмкін :

  • · Білезіктегі ортаңғы нервтің қысылуынан білезік жүйкелік синдром болады. Симптомдарына қолдағы немесе саусақтардағы шаншып ауру сезімі, саусақтардың бір-біріне байлануы, әлсіз қимылдауы жатады.
  • · Қол сіңіріңің аймағындағы тіндердің жыртылуынан жергілікті ауру сезімі болады.Ауру сезімімен қоса қолды қимылдату шектеледі.
  • · Бір қимылды қайталай беру синдромы пайда болады.
  • · Бір кимылды қайталай беруден кейін қолдың, саусақтың, білезіктің дірілдеу белгілері білінеді.

Қолдағы,саусақтағы,білезіктегі ауру сезімдері мынаның әсерінен болуы мүмкін.

  • · Дюпюитрена ауруы деп-қолдың, алақанның кей жағдайда аяқтың тері асты қабаты қалыптан тыс қалыңдап кетуін атайды,осының әсерінен қолда,саусақтарда ауру сезімі және қимылдың шектелуі жүреді.
  • · Ганглиозды цистит.Ганглий дегеніміз-саусақта,білезік сүйекте,тізеде,иықта пайда болатын сырты қабықпен қапталған іші мөлдір сұйықтыққа толы киста.
  • · Остеоартрит-буынды қорғайтын және амортизациялық қызмет атқаратын тіннің өршімелі түрде зақымдалуы.Осының кесірінен қимылдың шектелуі,ауырсыну болуы мүмкін.
  • · Ревматоидты артрит-қолдағы қимылдың шектелуіне әсер етеді,уақыт өте келе қол саусақтарының деформациясына алып келеді.
  • · Жүйелі қызыл жегі-иммундық жүйе қалыпты тінді,қарсы дене ретінде көріп зақымдайтын аутоиммунды ауру.Көбінесе буындарда ауру сезімі сезіледі.
  • · Подагра –ауру сезімі және ісінумен сипатталатын буынның қабынулық ауруы.Бұл ауру кезінде зәр қышқылының кристалоидтары буынның аймағында жиналып калады,көбінесе аяқтағы бас бармақ зақымдалады.
  • · Тербеліс-діріл ауруы (Виброболезнь) - бұл қолдағы және аяқтағы саусақтардың суыққа пен стресске байланысты ауру сезімінің болуы.Осы кезде зақымдалған аймақтарда қан мен қамтамасыз етілу бұзылады,ісіну,шаншу болады.
  • · Түрлі инфекцияның әсеріненде қолда,саусақта,білезікте ісіну,ауру сезімі,дене температурасының жоғарлауы,жанасқан кезде сезімталдықтың жоғарлау көрінеді.

 

Аударған: Мелис Айбек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.