.

Көмей рагі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Көмей рагі

КӨМЕЙ

http://www.zdrav.kz/images/content/cancer/pic6.jpg

Көмей – мойынның алдыңғы жағында орналасқан дене мүшесі. Оны, сондай-ақ, дауыстық қорап деп атайды. Ересек адамдардың көмей өлшемі 5х5 см құрайды. Көмей кеңірдекпен жалғасып, өңештің алдында орналасады.
Көмейдің бұлшықеттері дауыс байламдарын құрайды. Көмейдің алдынғы жағында орналасқан шеміршек- Адам алмасы деп аталады.
Көмей 3 бөліктен тұрады:

· Жоғарғы бөлігі– көмекей;

· Ортаңғы– бұл аймақта дауыс желбезектері орналасқан;

· Төменгі бөлігі тікелей кеңірдекпен жалғасады.

Негізінен, көмей кеңірдектің үстінде орналасқан ашып жабылатын клапан рөлін атқарады. Соның арқасында, көмей демалу, жұту және сөйлеу процесстеріне атсалысады.

· Демалусіз дем алмай жатқан кезде, дауыс байламдары керіліп тұрады.

· Жұту: көмей кеңірдекті қорғайды. Сіз асқабылдап жатқан кезде, көмей қақпақшасы жабылып, астың кеңірдекпен өкпеге өтуіне жол бермейді. Ары қарай ас өңеш арқылы асқазанға түседі.

· Сөйлеу: көмей арқылы сіз әртүрлі дыбыстарды шығара аласыз. Сіз сөйлеген кезде, сіздің дауыс желбезектеріңіз бір біріне жақын орналасады. Көмей арқылы шығатын ауа дауыс желбектерін тербелетіп, соның нәтижесінде дауыс пайда болады. Тіл,ерің және тістердің көмегімен осы дауыстар бөлек сөздерге айналады. 

 

ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕГЕН НЕ?

КӨМЕЙДІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ҚАУІП ҚАТЕР ФАКТОРЛАРЛАРЫ:

Көмейдің қатерлі ісігінің нақты себептері әліде белгісіз. Бірақ та, көмейдің қатерлі ісігі жұқпалы ауруларының қатарына жатпайды. Бүгінге, көмейдің қатерлі ісігінің дамуына әсер ететін бірнеше қауіп қатер факторлары белгілі:

  • Жасы: Көмейдің қатерлі ісігі 55 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі.
  • Жынысы: Көмейдің қатерлі ісігі ер адамдарда 4 есе жиі кездеседі.
  • Темекішегу: Темекі тартатын адамдардың көмейдің қатерлі ісігімен ауру қауіпі өте жоғары. Егер темекі шегуден бөлек, адам ішімдікке құмар болса ауру қауіпіодан ары жоғарлайды. Темекі шегуді тоқтату көмей, өкпе, ауыз қуысы, ұйқы безі, қуық және өңеш қатерлі ісіктерінің даму тәуекелінайтарлықтай төмендетеді. Сонымен қатар, темекі тартуды тоқтату бас және мойын қайталама қатерлі ісігінің қаупін азайтады.
  • Ішімдік.Ішімдікке құмар адармадарда көмейдің қатерлі ісігінің қауіпі өте жоғары. Ішімдікпен қатар адам темекі шексе ауру қауіпіодан ары жоғарлайды.
  • Бас және мойын қатерлі ісіктері. Бас және мойын аймағында болған қатерлі ісік басқа да қатерлі ісіктерінің дамуына алып келуі мүмкін.Бұндай жағдай,бас және мойын қатерлі ісігіне шалдыққан әрбір төртінші адамда кездеседі.
  • Кәсіптік зияндылық. Күкірт қышқылы және никель әсерімен байланысты өндірісте жұмыс істеу, көмейдің қатерлі ісігінің қауіпін жоғарлатады. Бұдан бөлек, асбестоз қатерлі ісіктің дамауына әсер етеді.
  • Вирустар.Көптеген ғылыми зерттеулер көмейдің қатерлі ісігінің дамуына вирустардың әсерін дәлелдеді.
  • Қауіп қатер факторлар қатарына гастроэзофагеальдырефлюкс жатады.

Симптомдары

Ісіктің симптомдары оның өлшемдерімен орналасуына байланысты.

Көмей ісінуінің негізгі симптомдары:

  • Дауысының өзгеруі, сырылдауы;
  • Мойын аймағының ісінуі;
  • Тамағының ауырсынуы, жұтынған кезде бөтен заттың сезілуі;
  • Үнемі жөтел;
  • Тыныс алудың қиындалуы;
  • Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы;
  • Құлақ маңының ауырсынуы;
  • Дене салмағының төмендеуі

Көрсетілген симптомдар басқада аурулармен байланысты болуы мүмкін. Нақты себебін анықтау үшін дәрігер көмектеседі.

Диагностикасы

Егер сізде көмей қатерлі ісігінің симптомдары аңықталса, сізге келесі диагностикалық зерттеулер жасалуы мүмкін:

  • Жалпы қарап тексеру. Дәрігер тығыздалу және ісігендікті анықтау үшін мойынның, қалқанша безінің, көмейдің және лимфалық түйіндердің пальпациясын жасайды.
  • Тікелей емес ларингоскопия. Дәрігер айнамен көмейдің патологиялық өзгерістерін және дауыс байламдарының зақымдануын анықтай алады. Бұл зерттеу тәсілі ауыртпай жасалады.
  • Тікелей ларингоскопия.Науқасқа мұрын және ауыз қуысы арқылы ларингоскоп еңгізіледі. Ларингоскоп дегеніміз бұл басында жарық көзі бар жіңішке түтікше. Ларингоскоппен көмейдің айнамен көрінбеген аймақтарын зерттеуге болады. Зерттеу жасар алдында, жергілікті немесе жалпы анестезия жасалады.
  • Компьютерлық томография.Компьютерге жалғанған рентген аппараты мойын тұсының рентген кескіндерін жасайды. Мойын аймағында пайда болған қатерлі ісікті дәлелдеу үшін рентгенконтрасты заттекті пайдаланады.
  • Биопсия.Бұл диагностика тәсілі кезінде зерттеуге көмейдің тіні алынады. Нәтижесінде, зерттеуге алынған тінде патологиялық өзгерістерді көруге болады. Биопсияны жергілікті немесе жалпы анестезиямен жасайды. Қатерлі ісіктің жасушаларын анықтау үшін, алынған тінді микроскоппен зерттейді. Биопсия және микроскопиялық зерттеудің көмегімен қатерлі ісік диагнозын дәлелдейді.

Көмейдің қатерлі ісігінің даму стадиялары:

Дәрігер көмейдің қатерлі ісігінің емін дұрыс тағайындау үшін ауру стадиясын білу керек. Осы мақсатпен, дәрігер рентгенді, компьютерлік томографияны, магнитті-резонансты томографияны пайдаланады. Бұл зерттеу тәсілдер арқылы ауру қаншалықты таралғанын анықтауға болады.

Емі

Көмейдің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастар хирургта, отоларингологта, онкологта қаралады. Емі диагноз анықталған соң бірнеше апта ішінде басталуы тиіс. Бұл уақыт ішінде дәрігер ем жоспарын толықтыруға және басқа мамандармен ақылдасуға мүмкіндік алады.

Ем тәсілдері
Ем тәсілін таңдау көптеген факторлармен байланысты, оның ішінде: организмнің жалпы күйі, қатерлі ісіктің локализациясы, оның өлшемі және тарулу дәріжесі. Көмейдің қатерлі ісігі радиационды терапиямен, хирургиялық тәсілмен және химиотерапиямен емделеді. 

Радиационды терапия (радиотерапия) рентген сәулесінің көмегімен қатерлі ісіктің жасушаларын жояды. Радиотерапия жергілікті ем тәсілдеріне жатады. Радиационды терапия аптасына 5 рет жасалады, ал ем курсының жалпы ұзақтылығы 5 – 8 апта құрайды.

Көмейдің қатерлі ісігі радиационды терапия, химиотерапия және хирургиялық тәсілімен қоса емделуі мүмкін:

  • Егер қатерлі ісіктің өлшемдері шағын болса және науқаста отаға қарсы көрсетімдер болса, онда ем ретінде радиационды терапия таңдалады;
  • Радиотерапия және хирургиялық ем тәсілі. Радиотерапияның әсерімен қатерлі ісіктің ота жасағаннан кейін қалған жасушаларын жойып, оның өлшемдерін кішірейтуге болады. Егер отадан кейін қатерлі ісік өсуін жалғастырса, оны радиотерапиямен емдейді;
  • Радиотерапия және химиотерапия. Радиационды терапия химиотерапиямен қатар жүреді.

Хирургиялық ем – бұл скальпель және лазердің көмегімен қатерлі ісікті алып тастауға мүмкіндік беретін ем тәсілі. Хирургиялық отаны жалпы наркозбен жасайды. Оның көлемі қатерлі ісіктің өлшемі мен нақты орналасуына байланысты.
Ларингэктомияның(көмейдің бөлігін немесе бүкілін алып тастау мақсатымен жасалатын ота) бірнеше түрлері бар:

  • Толық ларингэктомияота кезінде көмей толықтай алынады;
  • Жартылай ларингэктомия (гемиларингэктомия): хирург ота кезінде көмей бөлігін алып тастайды;
  • Көмекей үсті ларингэктомияхирург ота барысында көмейдің үстінгі бөлігі көмекейді алып тайтайды;
  • Кордэктомия: бір немесе екі дауыс желбезектері алып тасталады.

Егер процесс лимфалық түйіндерге таралса, онда лимфалық түйіндердің диссекциясы (алып тасталуы)деген ота жасалады.

Ота барысында кеңірдекке түтікшенің орнату қажеттілігі тудыруы мүмкін. Бұл ота трахеостомия деп аталады. Түтікшенің көмегімен, мойынның алдынғы жағындағы жасалған тесікпен адам демалады. Ауа осы түтікшемен кеңірдек пен өкпеге жеткізіледі. Трахеостома уақытша орнатылады. Науқас отадан кейін қалпына келген соң, түтікшені алып тастауға болады.

Химиотерапияда қатерлі ісіктің жасушаларын жоятын препараттар пайдаланады. Ем барысында, дәрігер бір немесе бірнеше препараттардың комбинациясын тағайындауы мүмкін. Препараттар көктамыр ішіне инъекция ретінде қабылданады.

Химиотерапияның мақсаттары:

  • Хирургиялық ота немесе радиционды терапия жасар алдында: химиотерапияның арқасында, қатерлі ісіктің өлшемдерін кішірейтуге болады;
  • Хирургиялық ота немесе радиционды терапиядан кейін: химиотерапия отадан кейін қалған жасушаларды жою мақсатымен пайдаланады. Бұдан бөлек, химиотерапиямен басқа дене мүшелеріне таралған қатерлі ісіктерді емдейді.
  • Хирургиялық емнің орнына: химиотерапия радиотерапиямен қоса хирургиялық әрекеттің орнына пайдалануы мүмкін. Бұл кезде көмей мен дауысты сақтауға мүмкіндік тудырады.

Көмейдің қатерлі ісігіне қарсы таңдалған емнің жанама әсерлері:

Қатерлі ісіктің емі зақымданған жасушалардан бөлек, сау жасушаларының жоюына алып келеді. Осы себептен, көмейдің қатерлі ісігіне қарсы таңдалған емнің жанама әсерлері көп. Ем курсын бастар алдында дәрігер науқасқа толықтай осы жанама әсерлер туралы айтып беруі тиіс.

Радиационды терапияның жанама әсерлері:

  • Ауыз кебуі;
  • Ауыз қуысының және тамақтың тітіркенуі;
  • Стоматологиялық емдеу шараларынан кейін тіннің баяу жазылуы;
  • Тіс кариесі. Бұл процестін алдын алу үшін ауыз қуысының гигиенасын сақтау керек.
  • Әлсіздік. Науқастар радиотерапия кезінде қатты әлсіздік пен шаршағандықты сезеді.
  • Дауыстың өзгеруі. Дауыстың әсіресе кешке әлсіреуі байқалады. Дауысқа ауа райы әсер етуі мүмкін. Бұл құбылыстар көмей ісінуінен пайда болады. Дәрігер ісінудің көлемін азайту үшін препараттарды тағайындайды.
  • Терінің өзгерістері. Радиация әсер еткен жерде, науқастың терісі қызарып және кебуі мүмкін.

Хирургиялық емінің жанама әсерлері: 

  • Ауырсыну. Науқас ота жасалған кейін бірнеше күн аралығында ауырсынуды сезуі мүмкін;
  • Әлсіздік;
  • Көмейдің ісінуі. Науқас ота жасалғаннан кейін бірнеше күн аралығында тамақтанған кезде қиналады. Сондықтан дәрігер науқасқа парентеральды түрде нәрлі ерітінділерін тағайындайды. Бірнеше күннен соң асқазан зондын пайдаланады. Ісіну таралған соң және хирургиялық жараның жазыла бастаған кезде зондты шығарады. Ісіну тамақтану және сөйлеу қабілетін қиындатады.
  • Шырыштың артық бөлінуі. Өкпе мен көмейге жасалған оталардан кейін шырыштың артық бөлінуі байқалады. Шырышты алып тастау үшін мейірбике арнайы түтікшені трахеостомаға еңгізеді.
  • Сезімталдықтың бұзылуы және шаршағандық. Ларинготомия барысында тамырға зақым келтіру себебінен сезімталдықтың бұзылуы байқалады. Бұл өзгерістер, әсіресе, мойын және иық аймағында байқалады.
  • Сыртқы келбетінің өзгеруі. Отадан кейін тыртық пайда болады және мойыннның өлшемдері кішереуі мүмкін. Осы себептен, науқастар мойын аймағын жабатын киімді таңдайды.
  • Трахеостома. Ота барысында кеңірдекке түтікшенің орнату қажеттілігі тудыруы мүмкін. Бұл ота трахеостомия деп аталады. Түтікшенің көмегімен, мойынның алдынғы жағындағы жасалған тесікпен адам демалады. Ауа осы түтікшемен кеңірдек пен өкпеге жеткізіледі. Трахеостома уақытша орнатылады. Науқас отадан кейін қалпына келген соң, түтікшені алып тастауға болады.

Толық ларинготомиядан кейін науқастарға тұрақты трахеостома орнатылады.

 

Химиотерапияның жанама әсерлері:
Жанама әсерлерінің күші тікелей препараттың түрі мен мөлшерімен байланысты. Қатерлі ісіктерге қарсы препараттар жылдам бөлінетін жасушаларға әсер етеді:

  • Қан жасушалары – бұл инфекциямен күресетін, қан ұюына жауапты, оттегіні ағза бойына жеткізетін жасушалар. Олардың зақымдануы инфекция дамуына, қанталауға, қансырауға және жалпы әлсіздікке алып келеді;
  • Шаш тамырларының жасушалары. Химиотерапия науқастың шаш жоғалтуына алып келеді. Бұл өзгерістер уақытша болып саналады. Жаңадан өскен шаштардың түсі және құрылысы басқа болуы мүмкін.
  • Асқазан-ішек жүйесінің шырышты қабатының жасушалары. Химиотерапия тәбеттің болмауына, лоқсу және құсу пайда болуына алып келеді. Бұл симптомдарды заманауи препараттармен емдеуге болады.

КӨМЕЙДІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР САЛТЫ:

Көмейдің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастардың кейбіреуін асқа тәбеті болмауы мазалайды. Олардың дәм түйсіктері өзгереді. Бірақ та, құнарлы тамақтандыру науқастың жылдам қалпына келудегі орны өте зор. Әсіресе, аспен толықтай құнарлы және нәрлі заттарды алу тіннің тез қалпына келуіне алып келеді. Науқастарға жұмсақ және майдаланған ас дайындалуы тиіс. Мысалы, сорпа, сүт тағамдары, көкіністерден жасалған пюре.

Хирургиялық ота және радиотерапиядан кейін науқастарға арнайы асқазан зондтарры орнаталады.

Трахеостомамен өмір сүру

Егер науқасқа трахеостома орнатылса, оны трахеостоманы қалай дұрыс пайдаланып және күтуіне үйрету керек:

  • Науқас трахеостоманы дұрыс тазалауға үйренуі тиіс. Оған дәрігер трахеостоманың айналасындағы терді күту тәсілерін көрсету керек;
  • Егер бөлмедегі ауа құрғақ болса, өкпе шырышты артық бөледі. Бұдан бөлек, осы себептен, трахеостоманың айналасындағы тердің тітіркенуі пайда болады. Бұл процестердің алдын алу үшін дәрігер ауа ылғалдандырғышты пайдалануға кеңес береді;
  • Трахеостоманың ішіне су тигізу өте қауыпты. Бұған жол бермеу үшін бет жуған кезде, шомылғанда арнайы қалпақша пайдаланады. Тағы да трахеостоманы шаңнан, түтіннен және басқа тітіркенушілерден қорғайтын қалпақшалар бар;
  • Хирургиялық отадан кейін тердің сезімталдығы бірнеше айға жоғалуы мүмкін. Сондықтан осы уақытта науқас электронды ұстараны пайдаланғаны дұрыс.
  • Трахеостомасы бар науқастарға ауыр көтеруге мүмдем болмайды. Бұдан бөлек, науқас жүзуден және сумен байланысты спорт түрлерінен бас тартуы тиіс;
  • Кейбір науқастарды олардың отадан кейінгі өзгерген сыртқы келбеті қатты мазалайды. Оларға психолог көмегі керек болуы мүмкін.

Жаңа сөйлеуге үйрену

Сөйлеу қабілеті біздің күнделікті өміріміздің маңызды бөлігі. Сондақтан сөйлеу қабілетін жоғалту үлкен стресске алып келеді. Бұл кезде науқастың отбасы мен достарының қолдауы керек. Айтарлықтай, жартылай ларинготомиядан кейін сөйлеу қабілеті бірнеше аптадан соң қалпына келеді. Толық ларинготомиядан кейін науқастар сөйлеуге жаңадан үйренуіне мәжбүр.

Осы мақсатпен, науқас өз ойын басқа тәсілдермен жеткізуге үйренеді:

  • Науқастың қолында қағаз және қалам болуы тиіс;
  • Өз ойын науқас компьютер немесе смартфон арқылы жеткізе алады;
  • Дайын сөздер жазылған сөздік ойды жеткізуге көмектеседі.

Бұдан бөлек, басқа сөйлеу тәсілдері бар. Оның ішінде механикалық, өңеш арқылы сөйлеу тәсілдері. Трахеоэзофагеальды тесік арқылы сөйлеу тәсілі бөлек орын алады. Осы тәсілдерді пайдалануы жасалған хирургиялық отаның көлеміне байланысты.

ҚОСАЛҚЫ ЖӘНЕ АЛЬТЕРНАТИВТІ МЕДИЦИНА

Науқастардың кейбіреуі қосалқы және альтернативті медицина тәсілдерін таңдайды.

Химиотерапия және радиотерапиямен қатар пайдаланатын ем тәсілдерін қосалқы деп атайды. Ал альтернативты медицина дегеніміз химиотерапия мен радиационды терапияның орнына пайдаланатын ем тәсілдері. Қосалқы және альтернативты медицина тәсілдері:

  • Акупунктура;
  • Массаж;
  • Шөптермен емдеу;
  • Арнайы диеталар;

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың бір бөлігі қосалқы және альтернативті тәсілдерін пайдаланған соң хал-жайы жақсарғанын байқайды. Бірақ та, бұл ем тәсілдері химиотерапия мен радиотерапияның әсер ету механизмдерін өзгертуі ықтимал. Бұл өзгерістер науқастың денсаулығына зиян болуы мүмкін. Бұдан бөлек, қосалқы және альтернативті медицинаның кейбір тәсілдерін пайдалануы өте қауыпты. Бастар алдында дәрігеріңізбен ақылдасуыңыз тиіс.

ҚОЛДАУ ЖӘНЕ КҮТІМ

Қатерлі ісік деген диагнозбен өмір сүру өте қиын. Науқастарға диагнозымен байланысты психологиялық қиындықтарды шешу үшін жақындарының көмегі керек. Осындай жағдайларда, өзара жәрдем топтарының рөлі бөлек. Бұл топтарда қатерлі ісікке шалдыққан адамдар жинаған тәжірибесімен бөліседі. Науқастарды өзінің жұмыс орнын сақтау мәселесі қатты мазалайды. Алғашқы кездері отбасының және достарының қолдауы өте маңызды.

 

ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК

Онкологиялық науқастар үшін өз-өзің күту өте маңызды Бұған жақсы тамақтану және және физикалық белсенділік жатады. Онкологиялық науқастарға салмақты бір қалпында сақтау үшін аспен жеткілікті калория алуы қажет. Нәрлі заттардың ішіндегі ең маңыздысына ақуыз жатады. Дұрыс тамақтану науқастың көңіл-күйінің жақсартуына көмектеседі.

Онкологиялық науқастардың ішінде ем қабылдау кезінде тәбеттің төмендеуі байқалады. Бұдан бөлек, науқас жиі әлсіздейді және тез шаршайды. Сонымен қатар, емдеудің жанама әсерлері (мысалы, жүрек айнуы, құсу) пайда болады. Бұл жағдайларда дәрігер, диетолог немесе басқа медицина қызметкері проблемаларды шешешін басқа тәсілдерді ұсынуы мүмкін.

Көптеген адамдар белсенді өмір салтын ұстанады. Жаяу жүру, йога сабақтарына қатысу, жүзу науқастың күш-қуатын және өмірлік тонусын сақтауға көмектеседі .

Жаттығулар жүрек айнуды және іштің ауруын азайтуға көмектеседі, осылайша, емдеу процесін жеңілдетеді. Олар сондай-ақ науқасты стресстан босатуына ықпал етеді. Жаттығуларды жасар алдында дәрігермен кеңескені жөн. Егер физикалық жаттығулар ауырсыну сезімін немесе басқа да проблемаларды туғызатын болса, онда бұл туралы науқастың дәрігерге хабарлауы қажет.

 

КЕЙІННЕН ЖАСАЛАТЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Көмей қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға кейіннен жасалатын бақылау және емдеу өте маңызды болып саналады. Оның көмегімен процесс даму үстіндегі өзгерістерді анықтауға болады. Егер бақылау барысында жаңа қатерлі ісігі табылса, оның емдеуіне дереу кірісуі қажет. Мұндай бақылау дәрігердің мерзімдік тексеріп-қарауын, рентгенологиялық зерттеуді және зертханалық талдауларды көздейді. Науқас жаңадан пайда болған өзгерістер туралы дәрігерге өзі хабарлауға тиіс.

Қатерлі ісіктің емдеуі қалқанша безге зиян келтіруі әбден мүмкін. Сондықтан, қалқанша безінің жай-күйін қандағы гормондардың биохимиялық анықтау арқылы маңызды болып табылады.

 

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР 

Қазіргі таңда сәулелік терапияның жетілдеру мақсатында көптеген зерттеулер өткізіліп жатыр. Мысалы, сәулелік терапияның қабылдау уақыты 5 – 7 аптадан екі аптаға (күніне 3 мәрте және аптасына 5 рет) дейін қысқартылды. Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы дәрілерінің жанама әсерлерін төмендету барысында жаңа дәрі- дәрмектерді өңдеу үстінде.
Бұдан бөлек, ғалымдар ісік жасушаларына әсер етіп, ал көмейдің сау жасушаларын сақтап қалатын дәрілердің жаңа түрлерін зерттеуде. Қазіргі уақытта биологиялық терапия өте қарқынды дамып жатыр. Биологиялық терапияда ісік жасушаларының өсу процессін тоқтататын моноклональді антиденелер пайдаланады.

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.