Коньюктивит
Конъюнктива және конъюнктивит дегеніміз не? Конъюнктива – көздің сілемей қабатын, қабақтың ішкі бетін және көз ұясының алдыңғы бөлігін жауып тұрады. Ол көзді бактериялар мен түрлі химиялық тітіркендіргіштерден қорғайды. бактериялар мен химиялық заттектер түскенде көз жасының бездері сұйықтықты – көз жасын бөледі, олар бактериялар мен химиялық заттектерді ерітіп, шаяды. Сонымен қатар, көз жасында бактерияларды жоюға қабілетті ферменттер мен антиденелер болады.
Конъюнктивит – конъюнктиваның инфекциясы және тітіркенуі. Конъюнктивит көздің қызаруын туындатуы мүмкін, және әдетте, көзден сары немесе жасыл түсті бөлінді шығуымен сипатталады. Конъюнктивиттің көптеген себебі болады. Көбінесе, конъюнктивит вирустардан туындайды. Сонымен қатар, себебі түрлі бактериялар, зеңдер, сирек - паразиттер болуы ықтимал. Контактілік линзаларды дұрыс қолданбау да конъюнктивиттің себебі болуы ықтимал. Жаңа туған сәбилердің конъюнктивиті атты түсінік бар, себебі - ұрықтың босану жолдары арқылы өтуінде жұқпалануы. Сонымен қатар, конъюнктивит аллергиялық серпінді болуы мүмкін, немесе химиялық тітіркендіргіштерден туындауы мүмкін.
Конъюнктивиттің симптомдары - көздің қызаруы, көз жасының көп ағуы, көздің ауырсынуы мен тітіркенуі, жарыққа асқан сезімталдық, сары түсті бөлінді және таңертең қабықша түзілуі.
Диагностика үшін әдетте, көзден жұғынды алып, зертханаға талдауға жібереді.
Емдеу конъюнктивиттің себебіне байланысты. Вирустық конъюнктивит әдетте, өздігінше өтеді. Егер ол 3-4 күн ішінде өтпесе – дәрігерге көріну қажет, ол конъюнктивиттің бактериалдық себебін анықтап, антибиотикті тамшылар тағайындайды. Жағымсыз сезінуді азайту үшін көзге жылы компресс (таза матаны жылы суға малып) қоюға болады. Аллергиялық конъюнктивит аллергияны емдеуді талап етеді. Аллергиялық конъюнктивиттің симптомдары көзге салқын компресс қойғанда басылуы мүмкін.
Алдын алу. Вирустық конъюнктивит – жұқпалы және әсіресе, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жеңіл таралады. Жұқпаланбау үшін қолды мұқият жуу қажет.
Бактериалдық асқынудың алдын алу үшін дәрігерлер кейде көзге антибиотикті тамшылар тағайындайды.
Конъюнктивиттің алдын алу үшін тазалық ережелерін қадағалау қажет: қолды жиі жуу, жастыққапты ұдайы алмастыру, косметикалық құралдарды ұдайы алмастыру, оларды басқа адамдарға бермеу, контактілік линзаларды дұрыс қолдану.