.

Құтыру | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Құтыру

Құтыру ауруы дегеніміз - жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын және көбінесе өліммен аяқталатын вирустық ауру.Бұл вирус сау адамға осы вирусты жұқтырған жануарлардың тістеп алуы нәтижесінде жұғады. Құтыру вирусы (Neuroryctes rabid) микровирустар Rhabdoviridae тобына жатады.Вирус сілекейде, жаста және зәрде кездеседі.

Вирус сыртқы ортаға өте төзімсіз оны 56°С аралығында 15 минут бойы қыздарғанда немесе қайнаған суда 2 минут ұстағанда вирус өлімге ұшырайды.Вирус күн және ультрафиолет сәулелеріне, этанолға, көптеген дезинфектанттарға сезімтал, алайда төмен температураға,фенолға және антибиотиктерге төзімді болып келеді.

Вирус ағзаға енгеннен кейін жүйке жолдары арқылы таралып барлық жүйке жүйесін зақымдайды.Осының нәтижесіндеми мен жұлынның жүйке жасушаларында ісіну, қан кету, деградациялық және некротикалық өзгерістер болады.

Вирусты тасымалдаушыларға дала жыртқыштары да үй жануарларыда жатады.Дала жыртқыштарына мыналар: қасқыр, түлкі, жарқанат, борсық, кеміргіштер және т.б жатса, үй жанурларына-ит,мысық,жылқы,доңыз және ұсақ немесе ірі қара малдар жатады.Қаңғыбас иттер мен түлкілер адам үшін ең қауіптісі болып табылады. Вирусты жұқтырған жануарды көптеп сілекей және жастың бөлінуінен,сонымен қатар судан қорқу белгілерімен ажыратуға болады.

Құтыру вирусымен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда немесе осы жануардың сілекейі адамның зақымдалған терісіне түскен кезде вирус ағзаға жұғады.Соңғы жылдары бұл ауру ауалы-тамшылы, алиментарлы (тағамдар қолдану арқылы) және трансплацентарлы жолдармен де беріледі.Трансплантация кезінде кұтыру вирусының адам ағзасына жұғуы қазіргі кезде көптеген даудамайлар туғызуда.

Инкубациялық кезең (аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін кезең) орта есеппен 30-50 күнді құрайды, кейде 10-90 күн,сирек жағдайда 1 жылға созылады.Жануардың тістеп алған орны бастан неғұрлым алыс орналасса инкубациялық кезең солғұрлым ұзақ болады.Мойынды,қолды және балаларды жануар тістеп алған кезде ауру өте қауіпті ал аяқ жарақаттантын болса онда инкубациялық кезең ұзарады.

Аурудың 3 сатысы бар: I - бастапқы, II - қозу, III - салдану.Бірінші кезеңде әлсіздік, бас ауруы, дене температурасының шамалы көтерілуі, бұлшықеттің ауыруы,ауздың құрғауы, тәбеттің төмендеуі, тамақ ауруы, құрғақ жөтел, бас айналу және құсу болуы мүмкін.Тістеп алған жерде күйіп ауру сезімі,қызару,қышу және сезімталдықтың жоғарлауы болады.Науқас өз-өзінен қорқу сезіміне,күйзеліске,депресиияға ұшырайды,сонымен қатар галлюцинация,ұйқысыздық мазалайды.

Құтырумен ауыратын науқаста 1-3 күннен кейін аурудың II сатысы қозу сатысы басталады.Бұл кезеңде мазасыздық,уайымшылдық және осы кезеңнің негізгі белгісі судан қорққыштық болады.Судың даусы естілгенде немесе суды ішейін деп ұмтылғанда науқастың тамағындағы бұлшық еттер жиырылып спазмға ұшырайды.Онымен бірге ауырсыну сезімі және дененің тартылуы қатарласады.Науқас қозған шағында қатты айғайлайды,үй жиһаздарын сындырады, өзін-өзі ұстай алмай адамдарға тиседі.Көп тердің және сілекейдің бөлінуі жүреді,бұл кезең негізінде 2-3 күнге созылады.

Осыдан кейін үшінші кезең-салдану басталады.Бұл кезеннің басында науқас қалпына келеді,судан қорққыштығы басылады,жазылуға деген үміт пайда болады.Біраздан кейін дене температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі,аяқ және қолдың салдануы жүреді,ақыл-естің бұзылыстары пайда бола бастайды. Тыныс алудың салдануынан және жүректің тоқтауынан науқас қайтыс болады.Аурудың шамамен ұзақтығы 1 аптаны құрайды.

Құтыру ауруының емдеу тәсілдері жоқ. Егер науқаста аурудың 1 кезеңі болып жатса онда аурудың өліммен аяқталуы біршама жоғары.Алайда әлемде құтыру ауруынан жазылған адамдарда бар бірақ өте аз.

Дегенмен аурудың алдын алатын мүмкіндік бар ол-вакцинация.Бұл әдісті жануар тістеп алған күннен бастап 14 күн өткенше алу керек.

Вакцинаны 1мл ден 5 рет бұлшық етке:алдымен тістеп алған күні одан кейін сол күннен бастап есептегенде 3,7,14 және 28 күндері қабылдайды.Осылай ретпен қабылдау жақсы иммуниттің қалыптасуына жағдай жасайды,алайда ДДСҰ тістеп алған күннен кейінгі 6 күні және 90 күндері де вакцинаны қабылдаған дұрыс екендігін көрсеттті.

Вакцинаны енгізгенге ең тиімді жерлер дельтотәрізді бұлшық ет,сан бұлышық еті және иық болып табылады.Егер адам тістеп алғанға дейін вакцина қабылдаса онда ол адамда құтыру вирусына қарсы антиденелер қалыпты мөлшерде болады,сондықтан бұндай науқастарға иммуноглобулин қолданбай басқа ретпен вакцина жасайды.

Вакцина қабылдау терапиясы тоқтатылады егер тістеп алған жануарды 10 күндік бақылау кезінде құтыру вирусына тән белгілер болмаса немесе лабороториялық тексеру кезінде вирус анықталмаса.

Осы аурумен ауруға жақын адамдар (мал дәрігері,кинологтар,аңшылар ) алдын ала вакцинаны қабылдау жүру керек.Олар бірінші вакцинадан кейін 12 айдан соң қайталап алады,сосын әр 5 жыл сайын вакцинаны қабылдап отырады.

Егер сізді қандай да бір жануар тістеп алса не істеу керек ?

Ең алдымен тістеп алған орынды тез арада сабынмен жақсылап 10 минут көлемінде жуу керек.Егер тістеген орын терең орналасса онда сұйық сабынмен,шприцпен немесе катетермен жуған дұрыс.Жараны күйдіруге,тігуге болмайды.

Осындан кейін жақын маңдағы медициналық мекемеге қаралу керек,себебі вакцинаны тез қабылдаған ауруды тез жеңуге көмектеседі.Дәрігерге барған кезде мына нәрселерді айтуды ұмытпаңыз –тістеп алған жануарға сипаттаманы,сыртқы көрінісін,тістеп алған кезді.

Содан соң дәрігер айтқанына байланысты вакцина қабылдау жүргізіледі.Сіз күнделікті вакцинаны мекемеде қабылдап үйіңізге қайтып жүресіз,егер тістеп алған аймақ ауқымды болатын болса немесе науқастың жүйке жүйесінде ақауы бар,жүкті әйел болса онда стационарда емделеді.

Вакцина қабылдау кезінде өзіңіздің жағдайыныңызға жақсы бақылау жасау керек.Егер қандай да бір ауыртпалық сезетін болсаңыз міндетті түрде дәрігерге қаралып,вакцинаны тоқтата тұру керек. Невропатолог,терапевт және рабиологтардың рұқсатымен ғана вакцинаны жалғастырады.

 

Аударған: Мелис Айбек

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.