.

Қыликөздік | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Қыликөздік

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

 

Страбизм – көздер қозғалысының үйлесімсіздігі болатын ауру, бұл кезде көздер бір нысанға түйісе алмайды. Ауру «қыликөздік» деген атауымен белгілі. 

Адамдар сөйлесетін адамының көзінің орналасуын бақылауға бейім. Басқа адамның көздерінің бағытын бақылай отырып, оның қайда қарағандығын білуге болады. Адамдарға  әр жаққа қарау үйреншікті емес. Бұл қыликөздік аталады. Медициналық терминологияда бұл құбылыс көзді ішіне келтіру, сыртына шығару, көз ротациясының дұрыс болмауы аталады. Қыликөздіктің кішкентай балаларда кездесуі шұғыл түрде анықталуы шарт, бұл ересек жастағы ауыр бұзылыстың алдын алады.

Себептері

Әр көз алты түрлі бұлшық етпен қоршалған, олар «бір команда секілді» көздің жұмысын бақылайды. Олар екі көздің бір нысанға қарауын қамтамасыз етеді.

Қыликөздік бар адамдарда осы бұлшық еттердің жұмысы үйлеспеген. Нәтижесінде, бір көз нысанға қарағанда, екіншісі басқа бағытқа бұрылады.

Бұл кезде миға екі түрлі бейне түседі – әр көзден біреуден. Бұл миды жаңылыстырады. Балалардың миы әлсіз көзден бейнені қабылдамауға үйренуі мүмкін.

Егер қыликөздікті емдемесе, бейнесін ми қабылдамайтын көз ешқашан жақсы көрмейтін болады. Көруді бұлай жоғалтуды амблиопия атайды. Басқа атауы - «көздің жалқаулығы». Кейде амблиопия қыликөздікке апаратын бастапқы ауру.

Көптеген балаларда қыликөздіктің себебі белгісіз. Мұндай балалардың көпшілігінде ауру туғаннан болады немесе туғаннан соң аз уақыттан кейін пайда болады. Бұл – туа біткен қыликөздік аталады.

Бұлшық ет күшін емес, аппаратын дұрыс бақылаумен байланысты мәселелер көп уақыт алады.

Балалардың қыликөздігімен байланысты басқа аурулар:

•        Аперт синдромы

•        Церебралдық паралич

•        Туа болған қызамық

•        Көздің қасындағы гемангиома

•        Пигменттік  дерматоз синдромы

•        Нунан синдромы

•        Прадер - Вилли синдромы

•        Мезгілінен бұрынғы ретинопатия

•        Ретинобластома

•        Мидың жарақаттық зақымдануы

•        Трисомия 18

Ересек жаста болатын қыликөздіктің себептері:

•        Ботулизм

•        Диабет (жүре пайда болған салдану қыликөздігі)

•        Гийен-Барре синдромы

•        Көздің зақымдануы

•        Моллюскілермен улану

•        Инсульт

•        Мидың жарақаттық зақымдануы

•        Көздің кез келген ауруынан немесе жаралануынан көруді жоғалту

Тұқым қуалайтын қыликөздік – қауіп факторы. Алыстан көргіштік – ықпал ететін фактор, әсіресе, балаларда. Көруді жоғалтуға апаратын кез келген ауру да қыликөздікке апаруы мүмкін.

Симптомдары

Қыликөздіктің симптомдары ұдайы болуы немесе пайда болып, жойылып тұруы мүмкін. Оларға жататындар:

•        Диплопия (бейненің қосарлана көрінуі)

•        Әр жаққа қарайтын көздер

•        Көздердің қозғалысының үйлеспеуі (көздер бірге қозғалмайды),

•        Көруді жоғалту немесе терең көруді қабылдаудың бұзылыстары

Балалар амблиопияға тез ұшырайды, сондықтан, оларда диплопия болмайды.

Диагностика

Медициналық тексеру кезінде дәрігер көздерді мұқият қарайды. Қыликөздікті анықтау үшін бірнеше тестілер өткізіледі:

•        Сәуленің мөлдірқабықта шағылуы

•        Көздің жабылуымен/ашылуымен тест

•        Көздің торқабығын қарау

•        Стандарттық офтальмологиялық қарау

•        Көздің көруін тексеру

Сондай-ақ, бастың және жүйке жүйесінің тексерілуі өткізіледі (неврологиялық тексеру).

Емдеу

Балаларда қыликөздікті емдеудің бірінші қадамы – көзәйнек киіп жүру.

Алдымен амблиопияны емдеу қажет. Сау көз таңғышпен жабылады. Бұл әлсіз көздің күштірек жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Бала таңғышты немесе көзәйнекті киіп жүргісі келмеуі мүмкін. Таңғыш баланы әлсіз көзбен көруге мәжбүр етеді. Бірақ, таңғыш пен көзәйнекті киіп жүру аса маңызды.  

Осыдан кейін де көздер дұрыс қозғалмайтын болса, хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін. Операция кезінде белгілі бір бұлшық еттерді күштірек етіп немесе тартылуын азайтады.

Көздің бұлшық еттеріне хирургиялық операция жасау «жалқау көздің» нашар көруін жоймайды. Балаға операциядан кейін көзәйнек киіп жүру қажет болуы мүмкін. Балаға ерте операция жасалғанына сай нәтижесі де жақсырақ болады.

Пайда болып, жойылатын қыликөздіктің жеңіл түрі бар ересектер өздерінің жағдайын көзәйнек киіп жүрумен және көздің бұлшық еттеріне арналған жаттығулармен жақсарта алады. Қыликөздіктің күрделі түрлері операциялық араласуды талап етеді. Егер қыликөздік көруді жоғалтудан пайда болса, хирургиялық жолмен жоюдың алдында көруді жақсарту қажет.

Аурудың болжамы

Операциядан кейін көздер бір бағытқа қарайды, бірақ көрудегі мәселелер қалады.

Мектепте балада кітап оқу кезінде, ересектерде – көлік жүргізуде мәселелер болады. Нашар көру баланың кейбір спорттық ойындарды ойнау қабілетін шектеуі мүмкін.

Ерте анықтау кезінде және уақытылы емдеуде болжамы - оң. Медициналық көмекке кеш жүгіну бір көздің толық көрмеуіне апаруы мүмкін. Қыликөздігі бар балалардың үштен бір бөлігі амблиопияға ұшыраған.

Көптеген балаларда қыликөздік немесе амблиопия кездесетіндіктен, олар мұқият тексерілуі тиіс.

Дәрігердің көмегіне қашан жүгіну қажет

Қыликөздік неғұрлым  тезірек медициналық көмекті қажет етеді. Дәрігермен немесе көз дәрігерімен келесі жағдайларда кеңесіңіз:

·         Балада қыликөздік бар болып көрінсе

·         Бала көзіне заттар қос болып көрінуіне шағым айтса

·         Бірнәрсені бақылау кезінде қиындықтар болса

Ескерту: баланың тақтаны жақсы көрмеуі немесе оқи алмауы салдарынан кейде мектепте мәселелер немесе оқуында қиындықтар болады.

Синонимдары

Қиылысқан көздер; Эзотропия; Экзотропия; Гипотропия; Гипертропия; Қыликөздік; Шелдену.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.