.

Метаболикалық синдром (Инсулинрезистенттілігі) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Метаболикалық синдром (Инсулинрезистенттілігі)

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Ағымы

Дәрігерге қашан қаралу керек

 

Анықтамасы

Метаболикалық синдром - жүрек-қан тамырлары ауруларының, инсульттің және 2 типті қант диабеттің пайда болу қаупін арттыратын қауіп-қатер факторларының топтары.

 

Себептері

Ғалымдар әлі де метаболикалық синдромның қандай да бір себептермен пайда болатынына сенімді емес. Дегенмен, бұл синдроммен байланысты барлық қауіп-қатерлер семіздікпен немесе жай артық салмақпен байланысты екені белгілі.

Метоболикалық синдромның ең негізгі қауіп-қатер факторлары:

Дененің ортаңғы және жоғарғы бөліктерінде артық салмақтың жиналуынан (орталық семіру), денені «алма тәрізді» деп сипаттауға болады.

Инсулинге төзімділік. Дене инсулинді қалыпты жағдайға қарағанда төмен пайдаланады. Инсулин ағзадағы қантты бақылау үшін қажет. Инсулинді тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде, ағзадағы қант пен майдың мөлшері артады.

Басқа қауіп-қатер факторына жатады:

  • Жасы
  • Метаболикалық синдромның пайда болуына генетикалық бейімділік
  • Гормоналды өзгерістер
  • Физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі

Метаболикалық синдромнан зардап шегетін адамдарда, аурудың ағымын нашарлататыннемесе осыаурудың себебі болуы мүмкінбасқа да қиындықтарболады, және олар келесі салдарға алып келеді:

  • Қанның шамадан тыс ұюы
  • Ағзадағы қабыну белгісін көрсететін заттардың қанда жоғарылауы

https://www.zdrav.kz/sites/default/files/metabolic%20syndrome.jpg

Диагностикасы

Науқас метаболикалық синдромнан зардап шегеді, егер төменде көрсетілген үш немесе одан да көп симптомдар болса:

  • Қан қысымы 130/85 мм сын.бағ. жоғары
  • Аш қарынға қандағы қанттың деңгейі 100 мг / дл жоғары
  • Үлкен бел айналымы:

Ерлерде – 100 сантиметрден жоғары

Әйелдерде – 88 сантиметрден жоғары

  • Жоғарғы тығыздықты липопротеиндердің құрамындағы холестерин деңгейінің төмен болуы

Ерлерде – 40 мг/длтөмен

Әйелдерде – 50 мг/длтөмен

  • Триглицеридтердің деңгейі 150 мг / длжоғары

 

Емі

  • Емдеудің мақсаты - жүрек аурулары мен қант диабетінің пайда болу қаупін азайту. Емдеуші дәрігер науқасқа өмір сүру салтын өзгертуді және қан қысымын, ЖТЛП холестеринді, қандағы қант деңгейін төмендетуге арналған дәрі-дәрмектерді ұсынуы мүмкін.
  • Артық салмақтан арылу. Метаболикалық синдроммен зардап шегетін адам салмақтың 7-10 пайызын тастау керек. Бір күнде 500-1000 калорияға аз тамақтану керек.
  • Орташа қарқынды физикалық жаттығулар үшін кем дегенде 30 минут уақытын бөлу керек, мысалы, аптасына 5-7 рет серуендеу қажет.
  • Арықтау, физикалық белсенділік және холестериннің деңгейін төмендету үшін арналған препараттарды қолдану арқылы қандағы холестерин деңгейін төмендету керек.
  • Арықтау, физикалық жаттығулар немесе дәрілік препараттар арқылы қан қысымының деңгейін төмендету керек.
  • Шылым шегетін адамдар зиянды әдеттерін тастауы керек.

 

Ағымы

Метаболикалық синдромы бар адамдарда жүрек ауруына, 2-ші типтегі диабетке, инсультке, бүйрек ауруларына шалдығу қаупі жоғары болады және аяқтарының қандануы жеткіліксіз болуы мүмкін.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек

Егер сізде осы аурудың белгілері немесе симптомдары болса дәрігерге қаралыңыз.
 

 

Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.