.

Нейрогендік несепқап | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Нейрогендік несепқап

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

 

Жалпы ақпарат

Нейрогендік несепқап  – мидың, жұлынның қызметінің реттелуіндегі немесе жүйке жүйесі ауруларындағы бұзылысқа байланысты несеп шығарудың ауытқу бұзылысы.

Себептері

Несепқаптың қалыпты босатылуы бұлшық еттердің бірнеше тобы мен нервтердің өзара әрекеттесуімен жүзеге асырылады. Несепқаптың қызметінің реттелуі мидан несепқаптың бұлшық еттеріне берілетін  жүйкелік импульстерге сай өтеді. Егер нерв ұштары қандай да бір ауруға немесе жарақатқа ұшыраған болса, бұлшық еттер уақытылы жиырылып, немесе босаңси алмайды.

Орталық жүйке жүйесінің кейбір аурулары нейрогендік несепқаптың пайда болуына апаруы мүмкін. Мысалы:

  • Альцгеймер ауруы
  • жұлынның туа біткен ақауы
  • мидың немесе жұлынның ісіктері
  • Церебралдық паралич
  • Энцефалит
  • ақыл-ой кешеуілдеуі, мысалы, назар қою тапшылығы және гипербелсенділік синдромы (СДВГ)
  • шашыраңқы  склероз
  • Паркинсон ауруы 
  • жұлынның зақымдануы
  • инсульттің салдары

 

Несепқапты  реттейтін жүйке жүйесінің зақымдануы немесе аурулары да осы ауруды туындатады, мысалы:

  • Алкогольдік невропатия (алкогольді ұзақ тұтынғанда нервтердің зақымдануы)
  • Диабеттік невропатия (ұзақ уақыт бойы болатын қант диабеті кезіндегі нервтердің зақымдануы)
  • Жамбас аумағындағы оперативтік араласу кезіндегі нервтердің зақымдануы
  • Омыртқа арасындағы дискінің қысылуындағы нервтердің зақымдануы

Симптомдары

Аурудың симптомдары  оның пайда болу себебіне байланысты. Жиі кездесетін симптомдарының бірі – несеп ұстамауы.

Белсенділігі жоғары несепқаптың симптомдары:

  • аз-аздан, жиі несеп шығарғысы келу сезімі
  • толық несепқапты босатудағы қиындықтар
  • бақылауға келмейтін несеп шығару

 

Белсенділігі төмен несепқаптың симптомдары:

  • толып кеткен несепқап кезінде несептің бақыланбай бөлінуі
  • адам несепқаптың толғандығын сезінбейді
  • несеп шығаруда немесе несепқаптың толық босатылуында мәселелер пайда болады
  • несеп шығарудың кешігуі

 

Диагностика

Несепқаптың қызметін анықтау үшін рентгендік зерттеу  қолданылады, бұл кезде катетер (түтік)арқылы несепқапты контрастылық заттекпен толтырады. Рентгендік суреттерді толық несепқапта және несепқаптың босатылған кезінде түсіреді, бұл бүйректен үрпі және/немесе несепағар арқылы бөлінетін сұйықтықтың мөлшерін анықтау үшін қажет (қуық –несепағар рефлюксі). Бұл әдісті науқасты  үстелде жатқызып жасайды.

Емдеу

Дәрілік препараттар  симптомдармды жеңуге көмектеседі. Дәрігер ұсынуы мүмкін:

  • несепқаптың қабырғасын босаңсыту үшін дәрлік препараттар
  • нерв ұштарын ынталандыратын дәрілік препараттар
  • Ботулотоксин (Ботокс)
  • Гамма- амин – май қышқылы
  • эпилепсияға қарсы препараттар.

 

Қазіргі кезде медицина ғалымдары жаңа препараттар шығаруда.

Жалпы тәжірибе дәрігері Сізге урологқа көрінуді ұсынады. Ал сіз кейбір машықтарды үйренуіңіз қажет:

  • жамбас түбі бұлшық еттерін нығайтуға жаттығулар (Кегель жаттығулары)
  • сұйықтықты тұтыну және бөлінуін бақылау. Бұл несеп шығару үрдісін бақылауға көмектеседі.

 

Несеп шығару кезіндегі күйдіру сезіміне, қызбаға, бел аумағындағы ауырсынуға (бір немесе екі жағынан) және жиі несеп шығару симптомдарына көңіл аударыңыз. Олар несеп шығару жолдарының инфекциясының көріністері болуы мүмкін. Олардың алдын алу үшін мүкжидекті немесе оның ББҚ қабылдау ұсынылады.

Кейбір науқастарға несептік катетерді қолдану ұсынылады. Бұл несепқапқа қойылатын жіңішке түтік. Кейде өмір бойы катетер қолдану қажет болады (ұдайы катетер). Несепқапты толық босату үшін күніне катетерді 4-6 рет енгізу мүмкін болады (зондтау).        

Кейбір жағдайда оперативтік араласу қажет. Нейрогендік несепқаптағы хирургиялық операциялар:

  • Жасанды қысқышты орналастыру
  • Несепқаптың бұлшық еттерін ынталандыру үшін қасына электр жабдығын орналастыру
  • слинг хирургия
  • арнайы қалташаға несеп ағуы үшін саңылау (стома) жасау

Мүмкін асқынулары

  • несептің ұдайы бөлінуі теріні тітіркендіріп, төсек жараларын туындатады.

  • Несепқап толып кетсе, нәтижесінде несепағарда қысым артады, бүйрек зақымдануы пайда болуы мүмкін.

  • Несеп шығару жолдарының инфекциясы.

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге көрініңіз, егер:

  • Несепқаптың босатылуы  қиындаса
  • Несепқап инфекциясының симптомдары байқалса (температураның артуы, несеп жүргенде күйдіру сезімі, жиі несеп шығарғысы келу сезімі)
  • Аз-аздан, жиі несеп шығару байқалса

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.