.

Омыртқаның жарақаты | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Омыртқаның жарақаты

Омыртқаның жарақаты – сүйектің, байламдар мен омыртқа бағанының нервілерінің зақымдануы. Оған жұлынның – мидың түбінен арқа бойымен белге немесе сүйектерге баратын нервтің зақымдануы кіреді.

Омыртқаның жарақаты адамды қозғалу мүмкіндігінен  немесе дененің тұстарын қимылдату қабілетінен айырады.

Әрекеті зақымдану тұсына және зақымданудың ауырлық дәрежесіне байланысты.

Омыртқаның жарақатының белгілері:

·         Мойынның немесе арқаның күшті ауырсынуы.

·         Дене бөліктерін қозғалта алмау (салдану -паралич). Мұның себебі – дененің осы бөлігінің тікелей жарақаты немесе ауырсыну болады.

·         Әлсіздік, шаншу немесе аяқ-қолдың ұйып, жансыздану сезімі.

·         Қуықты немесе ішекті бақылау қабілетін жоғалтудың қайта анықталуы.

Бастың, беттің, мойынның, немесе арқаның жарақаты болғаннан кейін бірден омыртқаның жарақаты тексерілуі тиіс. Жарақат алған адам қозғалмауы тиіс және дұрыс тасымалдануы қажет, тұрақты салданудың алдын алу үшін басы мен мойны бір сызықтың бойында, орнықты (қозғалмайтын) күйде болуы қажет.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.