.

Ошақты алопеция (таздану) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ошақты алопеция (таздану)

Мазмұны

Себептері

Белгілері

Диагностикасы

Емі

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алопеция - бұл шаштың ошақты түрде түсуімен көрінетін ауру. Болашақта шаш түгелдей жоғалуы мүмкін.

Себептері

Ошақты алопецияның себебі белгісіз. Бұл аурумен ауыратын кейбір адамдарда тұқым қуалау бейімділігі бар.

Ошақты алопеция аутоиммунды ауру болып табылады. Иммундық жүйе дененің сау ағзасына шабуыл жасап, бұзады.

Ошақты алопеция ерлер, әйелдер және балалар арасында кездеседі. Кейбір адамдарда шаштың жоғалуы ауру, жүктілік [2288] немесе жарақат сияқты оқиғаларға байланысты болуы мүмкін.

Алопецияның түрлеріне:

  • Ошақты алопеция – Шаштардың түсуі кішкене аймақтарды қамтиды
  • Тотальды алопеция – шаштардың толығымен түсуі
  • Универсальды алопеция – шаштың тотальды түсуі, яғни барлық теріде.

Белгілері:

  • Шаштың түсуі, әдетте, аурудың жалғыз белгісі болып табылады. Кейбір науқастарда күю немесе қышу сезімі болуы мүмкін.
  • Шаштыңтүсуі бастың терісінде жиі кездеседі.Кейбір адамдарда алопеция ошақтары сақалда, қастарда, қолдарда немесе аяқтарда пайда болуы мүмкін.
  • Шаштың түскен орындары тегіс және дөңгелек болады. Олар шабдалы түсті болуы мүмкін. Кейде, шаш жоқ жерлердің қырларының шеттерінде леп белгісіне ұқсас шаштар пайда болуы мүмкін.
  • Толық шаш түсу әдетте алғашқы симптомдар басталғаннан кейін 6 ай ішінде дамиды.

https://www.zdrav.kz/images/refs3/alop1.jpg

 

https://www.zdrav.kz/images/refs3/alop2.jpg

 

Диагностикасы

Ауруды диагностикалау үшін бас терісінің биопсиясы [3506] жасалуы мүмкін. Аутоиммунды аурулар мен қалқанша безінің [3507] ауруларын болдырмау үшін қан анализін тағайындау керек.

Емі

Егер шаштың түсуі аз болса, шаш бірнеше ай бойы емделусіз өздігінен өседі.

Шаш түсудің ауыр түрінде, аурудың қаншалықты емдеуі, өзгеруі мүмкін еместігі анық емес.

Ең көп қолданылатын емдеу әдісі:

  • Гормондардың тері астына енгізілуі [2]
  • Тері бетіне, қолданылатын дәрілер
  • Ультракүлгін сәулелермен терапия

Шаштың түсу аймақтарын жасыру үшін, жасанды шашты қолдануға болады.

Болжамы:

Шаштардың толық қалпына келуі мүмкін.

Дегенмен, кейбір адамдарда болжамы төмен болуы мүмкін және мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Жас кезінен басталған, ошақты алопеция
  • Экзема[3508]
  • Созылмалы алопеция
  • Бас және тері шашының толықтай түсуі.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек

Шаштарыңыздың жиі түсуін байқасаңыз, дереу дәрігерге барыңыз.

Ақпарат көзі: https://medlineplus.gov/ency/article/001450.htm

 

Аударған: Амантай Назерке

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.