.

Остеоартрит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Остеоартрит

Бұл дегеніміз не? Остеоартрит – буындардың соғылуынан сақтайтын шеміршек уақыт өте бұзылатын жағдай. Түбінде, сүйек –  бұрын шеміршекпен бөлінетін– бір біріне үйкеле бастайды, нәтижесінде, төменірек орналасқан сүйек тіннің бұзылуы орын алады, бұл буын симптомдарын туындатады. ревматоидтық артриттен айырмашылығы - остеоартрит тіндердің қабынуымен қосарланбайды.

Кімде кездеседі? Остеоартрит – буындардың кең таралған ауруы, 70-тен асқан адамдардың 80 пайызынан астамын зақымдайды, еңбекке қабілетті жоғалтудың негізгі себебі.

Қандай буындар жиі зақымданады? Көбінесе, ол омыртқаға, үлкен саусаққа, санға, тізеге, бақайға әсер етеді.

Симптомдары қандай? Остеоартриттің симптомдарының ішінде маңыздысы келесілер:

·         Ауырсыну әдетте, үлкен саусақта, санда, тізеде, омыртқада, бақайда, иықта болады – зақымдану тұсына байланысты. Ауырсыну әдетте, буынның қозғалысымен байланысты және белсенділіктен кейін, кешке қарай күшейеді. Ауру асқынғанда ауырсыну ұйқтағанда да болады. 

·         Буынның қозғалуының шектелуі және сіресу сезімі (бір сағаттан артық созылады), әрекет етпеу кезеңдерінен кейін, мысалы, таңертең, түнгі ұйқыдан кейін. 

·         Буынның әлсіздігі және кейде ісінуі, бұл буын ішіндегі және маңайындағы сұйықтықтан туындайды (синовит). 

·         Буындардың ұлғаюы, мысалы, саусақ бунағында сүйек түйіндерінің пайда болуы.

·         Қозғалғанда үйкеліс сезімі (крепитация), ауырсынумен жиі қосарланады.

ЕмдеуОстеоартриттің симптомдары көбінесе, ауырсынуды басатын дәрілермен үй жағдайында табысты емделеді, сондай-ақ, уақытылы демалу, дене жүктемелерін азайту, емдік дене шынықтыру қажет. Остеоартрит әдетте, кейде ушығады, бірақ, уақыт өткесін басылады. Кейде гормондар инъекцисы (кортикостероидтар) ұсынылады. Ауыр жағдайда буынды алмастыру бойынша немесе буынның қозғалысын қалпына келтіру үшін, зақымданған тіндерді алып тастау үшін операция қажет болады.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.