.

Остеопороз | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Остеопороз

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Емдеу

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

 

Остеопороз – бұл ушығып, сүйектің сынғыштығына және жұқаруына апаратын ауру.  Бұл кезде сынықтардың пайда болуы ықтималдығы артады. Ауру көбінесе, 50 жастан асқан әйелдер арасында минералдық алмасудың бұзылысында және дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болады. Остеопорозға сүйектің түзілуі үшін маңызды балалық, жасөспірімдік шағында тамақпен бірге минералдық заттектердің оңтайлы мөлшерін алмаған адамдар бейім келеді.

 

Себептері

Остеопороз  сүйектің құрылысының бұзылысымен байланысты, ол қартаю үрдісінің табиғи бөлігі. Остеопороз ерлердің арасында да болғанымен, етеккір тоқтау шағындағы әйелдер арасында аса кең тараған. Сүйектің тығыздығы мен мықтылығын қамтамасыз ететін қос минерал - кальций мен фосфордың жеткіліксіз мөлшері, Д дәруменінің жеткіліксіздігі  остеопороздың дамуына апаруы мүмкін.

 

Симптомдары

Остеопорозға жамбас сүйектері аса бейім. Остеопорозға шалдыққан егде адамдарда жамбас сүйек пен білек сүйектері сынғыш келеді. Остеопороздың жиі белгісі – белдің ауырсынуы және дененің еріксіз еңкейіп орналасу.

 

Емдеу

Емдеу үшін кальцийдің және Д дәруменінің жеткілікті мөлшері бар тағам тұтыну қажет, ұдайы дене жаттығуын орындап, сүйектің тығыздығын арттыратын дәрілік препараттарды қабылдау қажет.

 

Алдын алу

Егде жаста остеопорозды кальцийге бай емдәм ұстанумен немесе құрамында кальций бар тағамдық қоспаларды қабылдау арқылы алдын алуға болады. Орташа дене жүктемесі де остеопороздың алдын алудағы маңызды фактор. Остеопороздың және басқа созылмалы аурулардың алдын алу үшін ұсынылатын дене белсенділігі мен тамақтану туралы білу үшін салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстарды оқуды ұсынамыз.

Дамыған елдерде 40 жастан асқан әйелдерге сүйек салмағының жоғалтылуының алдын алу үшін эстроген мен прогестерон препараттарын қабылдау ұсынылады. Мұндай тәсіл етеккір тоқтау шағындағы әйелдерге аса жарамды. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.