.

Өт қабындағы тастар | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Өт қабындағы тастар

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері және симптомдары

Емдеу

 

Жалпы ақпарат

Өт қабы – бұл алмұрт тәрізді ағза, бауырдың астында орналасқан. Оның ішінде майларды қорыту үшін қызмет ететін, бауырда өндірілетін сұйықтық болады. Асқазан  мен ішек ас қорытатын болса, өт қабы жалпы өт түтігі арқылы өтті жібереді. Бұл түтік өт қабы мен бауырды аш ішекпен жалғайды.

 

Іштің ағзалары: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.

 

Бауыр  - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.

Өт қабы – бауырдың астында орналасқан қалташа тәрізді. Ол бауырда өндірілетін өтке толған. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.

 

Себептері және симптомдары

Егер өт түтіктерінен өттің ағуына кедергі болса, жайсыздық пайда болады. Әдетте, бұл өт тасына байланысты. Өт қабында тастың түзілуі өт құрамбөліктерінің қатаюына байланысты. Өт тас ауруының ұстамалары әдетте, тамақ ішкеннен кейін пайда болады. Өт тас ауруының симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштегі, арқадағы немесе оң қолдың астындағы ауырсыну. 

Өт қабының тастары егде жастағы адамдарда, әйелдерде, артық салмағы бар адамдарда кең таралған.

 

Емдеу

Өт қабының тастары басқа ауруларды тексеру кезінде жиі анықталады. Егер симптомдары болмаса, емдеуді қажет етпейді. Кең таралған емдеу әдісі – өт қабын алып тастау. Адамдар өт қабынсыз да өмір сүреді. Өт аш ішекке басқа тәсілдермен де түседі.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.